Форум

12 жылдық білім беру

Жарияланған күні: 10.29.2019

Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді. Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.

Дұрыс қараймын бұл реформаға

Қайырлы күн! білімді білікті ұрпақ тәрбиелеу үшін бұл ең қолайлы реформа деп ойлаймын.
Қайырлы күн! білімді білікті ұрпақ тәрбиелеу үшін бұл ең қолайлы реформа деп ойлаймын.

Мектеп қабырғасын аттамай жатып түрлі үйірмелерге, курстарға қатысып, біраз мәліметтен сауатын ашып үлгеретін балаға мұғалімдердің бұрынғы білімділігі, біліктілігі аздық етеді. Жетілген, дамыған балаларды оқыту үшін алдымен ұстаздарынан бастап қайта оқытып, жаңа жүйеге дағдыландырып, креативті әдіс-тәсілдерді меңгерту қажет деп ойлаймын

Материалдық-техникалық базаны жетілдіру. Компьютер кластарындағы, технологиялық кабинеттердегі, барлық сыныптағы материалдарды, құрылғыларды жаңалау. Оқушыларға барлық жағдайы жасалынса мемлекет тарапынан тіпті керемет болар еді. Сонда бұл реформа 100пайызға жүзеге асыруға ат салысар едік.

Бағалауда баллдық-жинақтық жүйені және оқушының оқудағы жетістіктерін өлшеуді қайта жасау. Ежелгі оқу үдерісінде екілік, үштік, төрттік, бестік деген секілді баға қою болмаған. Ұпаймен де есептемеген. Біледі-білмейді, игерді-игермеді деген секілді плюс, минуспен ғана білім деңгейін есептеген. Осындай жүйеге қайта келіп, қазіргі Назарбаев зияткерлік мектептеріндегідей бағалау жүйесін ақырындап барлық мектепке енгізсек, біз баланың санасындағы баға үшін оқу деген стереотиптен арыламыз.

Болашақтың кілтін қолына алатын балаларды жақсылап жетілдіреміз десек, оқу бағдарламаларын жыл сайын жетілдіріп отырудың өзі артықтық етпейді.

жаңа оқу дағдылары керек деп ойлаймын

жастарды жаңа кезеңнің талаптарына сай тəрбиелеу үшін оларға жаңа, мазмұны жоғары деңгейде білім беру қажет.

Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушылардың жас ерекшелігіне сəйкестігі ескерілсе тіпті керемет болар еді.

Берілетін білімнің өмірмен, ұлттық салт-дəстүрлермен, жергілікті өлкетану материалдарымен байланыстырылса деген ойым бар.

Сабақ мерзімінің 30–35 мин аспайды екен, бұл бала өздігінен көп ізденеді деген.

Дүниежүзінің дамыған елдерінде АҚШ- та, Англияда, Швейцарияда, Канада мен Германияда жалпы білім беру ұзақтығы 12 не 13 жыл, Голландияда 14 жыл, ал Кореяда, Жапонияда, Швецияда, Францияда, Италияда — 12 жыл. Тек экономикасы жаңа дамып келе жатқан елдерде ғана орта мектеп 10–11 жылдық. Сол себепті бұл реформа бізге ауадай қажет.

Бұл реформа әлемдік деңгейге көтерілуге жағдай жасайды.

Оқу жүктемесінің бір жылға созылуы жеңіл болады.

Әр елдің білім беру жəне тəрбие саласында өзіндік ерекшелігі мен артықшылығы, тіпті кемшілігі де болады, осы себепті де біз Қазақстан Республикасындағы оқушыға білім беру мен тəрбиені жан-жақты дамыту мақсатында шетелдік 12 жылдық білім берудің тек оң жəне тиімді жақтарын алуымыз қажет.

Қазақстан Республикасы да əлемдік тұтастықтың бірі ретінде, бұл мəселеден шет қала алмайды.

12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты — дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті жəне бəсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

Жалпы орта білімнің құрылымы балалардың психологиялық-физиологиялық тұлғалық ерекшеліктеріне сəйкес болуы қажет.

Бұл тақырыпқа жауап беру үшін сайтқа кіру керек