Общеобразовательная школа №72
Общеобразовательная школа №72
Орта мектеп
Мекенжайы:
ул. Сулейменова, 16
Электронды мекенжайы:
Сайты:
Жаңартылды: 26.12.2024
3376
Мектептің даму кезеңдеріндегі қысқаша тарихы:
№72жалпы білім беретін мектеп 1960 жылы пайдалануға берілген.
Қалалық Халық депутаттары Советі Атқару комитетінің шешімімен 1991 жылы №72 орыс тілді орта мектептен №72 аралас орта мектеп болып өзгерді, 2006 жылы аралас орта мектептен қазақ мектебіне ауысты. 2009 жылы орта мектептен жалпы білім беретін мектепке өзгерді. 2011 жылдың 24 -сәуірінде №72 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгерді.
2011 жылы Алматы қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 3/752 қаулысы негізінде Алматы қаласы Білім басқармасының №72 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Алматы қаласы Білім басқармасының №72 жалпы білім беретін мектеп мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы Әділет Департаментінде 2011 жылғы 5 қазан заңды тұлға ретінде тіркеуден өткен, тіркеу серия В №0579775, тіркеу номері 25494-1910-ГУ,бизнес-сәйкестендіру нөмірі 990440003161.
Алматы қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы 2011 жылғы 19 қазан №155-н/л бұйрығының негізінде АА-5 сериясы № 0163556бастауыш білім, негізгі орта білім және жалпы орта білім беру қызметімен айналысуға мемлекеттік бас лицензия шексіз мерзімге берілген
Жер учаскесінің кадастрлік нөмірі: 20-312-058-410, 0, 8611 га. Алматы қаласы әкімінің қаулысына сәйкес тұрақты жер пайдалану құқығын беретін № 0025710 актісі берілген. Жер пайдаланушысы болып Алматы қаласы Білім басқармасының № 72 жалпы білім беретін мектеп мемлекеттік мекемесі бекітілген.
Медициналық қызмет көрсету№0163555, АА-4 сериялы Алматы қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен берілген мемлекеттік лицензия негізінде атқарылады. Оқушыларға медициналық көмекті арнайы оқу орнын бітірген маман көрсетеді (Сембаева Аяулым Курмангалиевна, Алматы облысы Талғармедициналық училищесін бітірген). Медициналық кабинет толық керекті құралдармен жабдықталған. Педагогтар мен кіші қызметкерлер және асхана қызметкерлерінің медициналық кітапшаларында қажетті тексерулердің қорытындысы толық бар және Әуезов ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының жұмысқа кіруге рұқсаттары бар.
Мектептегі медициналық кабинет амбулаториялық қабылдау және егу жұмыстарын, вакцинация жүргізу үшін қазіргі заман талабына сай құралдармен жабдықталған. Мектеп медбикесінің жұмыс жоспары оқу жылының басында директормен келісіліп жасалынған.
Мектеп медбикесі оқушыларға алғашқы көмек көрсету, асханадағы тамақтандыру бөлімінің санитарлық жағдайын тексеру, дайын тағамдардың сапасын, дайындалу технологиясын, ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарын қадағалап отырады. Мектеп оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмысы жоғары деңгейде ұйымдастырылған, 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етілген.
Мектептегі санитарлық жағдайдың талапқа сай болуы, зарарсыздандыру режимі, температуралық режим, жарықтандыру, сынып бөлмелерін желдету жұмыстары қадағаланып отырылады. Ата-ана, оқушылар, мұғалімдер мен жұқпалы аурулардың түрлері, гигиена, салауатты өмір салтын сақтауға байланысты жұмыстардың түрлері әңгімелесу, лекция түрінде жүргізіліп отырылады. Санитарлық бюлетень шығарылып, балалар диктанттар жазып отырады.
Мектепте қалалық наркологиялық диспансермен, ЖҚТБ орталығымен бірлескен жұмыстар жүргізіледі және осы мекеменің өкілдері мектепке үнемі келіп оқушылармен, мұғалімдермен, ата- аналармен әңгімелер жүргізіледі.
Қазіргі таңда мектеп асханасында 1-4 сынып оқушылары бюджет есебінен 52 бала тегін тамақтанады. Арендатор есебінен тамақтанатын 4 оқушы.
Мектепте оқыту тілі – қазақ тілінде. Биылғы оқу жылында 23 сынып комплектісі бекітілді. Тізім бойынша барлығы 475 оқушы.
Жұмыс режимі:
Мектеп бір ауысымда жұмыс жасайды:
· бірінші ауысымда 23 сынып, 475 оқушы;
Мектептің апталық жұмыс тәртібі: 6 күн. Әр сабақ 45 минутқа негізделген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.12.11 жылғы №1684 қаулымен бекітілген жұмыс оқу жоспары оқу жұмыстарын ұйымдастыруда ережелер мен санитарлық норманы сақтау арқылы денсаулық сақтауды қамтамасыз етеді. Оқу кестесін құруда санитарлық норманы сақтау үшін базалық пәндер және таңдау курстарын оқыту арасында үзіліс ескеріледі. Сабақ кестесі санитарлық-гигиеналық норманың талаптарына сай жасалынған, мектеп директорының қолымен бекітіліп, расталған.
Мектепте штаттық кесте және мұғалімдердің, қызметкерлердің, сынып жетекшілерінің, директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі меңгерушілердің, бейіндік істер жөніндегі орынбасардың, АӘД ұйымдастырушысының, есепшінің т.б міндеттеріне байланысты нұсқаулықтары бар.
Педагогикалық кеңестің хаттамаларын тексере отырып, отырыстың тақырыптарының жұмыс жоспарымен сәйкес екендігі анықталды.
Мектептің іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының, Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының жалпы орта білім берудің мемлекеттік міндетті стандарты, мектептің жарғысы және басқа құқықтық нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асады.
Оқушы оқу бөлмелері жабдықталған, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай.