Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу.
Математика
Сынып:
3-сынып
Бөлім:
Аудан. Шамалар
Тақырып:
Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу.
17.03.2020
438
11
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): |
3.1.3.1 Ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу;

3.3.1.3 Шаршы,тіктөртбұрыш ауданы формуласын: S=а*а, ( S=a2), S=a·b шығарып алу және қолдану;

3.1.3.2 см², дм², м² өлшем бірліктерін пайдаланып, ұзындықтарын өлшеу.

Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар үшін: • Сабақ соңында ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алады.

Бірқатар оқушылар үшін: • Тіктөртбұрыштың S=a·b, шаршының S=a2 ауданын табуға формуласын құрастырады және қолдана алады.

Кейбір оқушылар үшін: • Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу формуласын қалай құрастыруға және қолдануға болатынын түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар: | Периметр, аудан, формула, сантиметр, метр, дециметр |
Күтілетін нәтиже: | Оқушылар өздігінен төртбұрыш пен шаршының ауданын таба алады; формуларын дұрыс қолдана алады. |
Бағалау критерийлері: | Оқушылар тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу формуласын қалай құрастыруға және қолдануға болатынын түсіндіре алып, есептесе, мақсатқа жетеді. |
Құндылықтарды дарыту: | Сабақ барсында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, бірлесіп тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Математика CD-диск+bilim land, iMektep.kz (видео, тест, «дұрыс-дұрыс емес» ойыны). |
Пәнаралық байланыс: | Көркем еңбек, музыка, АКТ |
Бастапқы білім: | Аудан туралы тұрмыстық түсінік. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы (3 минут) |

Блум таксаномиясы (жіңішке сұрақтар). «Бармақпен» бағалау жүргізіледі. Мына төмендегі сұрақтарға қарап , егер дұрыс болса «иә» деп, дұрыс болмаса «жоқ» деп жауап береді.

а=9cм S=81см2; а=7см Р=14 см; (58-58)•6=6 ; 2сағ=60мин ; 700см=70дм; 6ц=6кг .

Сабақтың ортасы (30 минут) |

- Мына фигура туралы не айтуға болады?

- Бұл –шаршы. Оның барлық қабырғалары тең, АК=ОМ= АО = КМ.

- Ауданы S = 8 · 8 = 64 см² - S = a · a – формуласы, демек S=а², сондықтан а-ны екі бірдей сан деп қарастырамыз.

- Ал мына фигура туралы не деуге болады?

- Бұл- тіктөртбұрыш. Оның қарама-қарсы қабырғалары тең.

- АВ=DС, AD=BС. - Ауданы S = 6 · 3 = 18 см² - S=a*b – формуласы, демек оның іргелес жатқан екі қабырғасының көбейтіндісіне тең.

Оқушының өзіндік жұмысы. (Т.Ж) СD дисктағы тапсырманы орындайды. Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын мен периметрін табады және өлшем бірліктерін жазады.

Критерийлер: -Формуларын дұрыс анықтау;

-Формуланы дұрыс қолдана отырып, есептеу;

-Аудан мен периметрін өлшем бірліктерін дұрыс таңдап жазу.

S=a*b P=(а+ b)/2 S=10*8=80 см² P=(10+8)*2=36 см

Бейнефильм көрсету. «Аудан дегеніміз не?»

Мұғалімнің нұсқаулығымен орындалатын тапсырмалар. Тест. (берілген төрт жауабынан, бір жауап дұрыс). Ұзындығы 8 см, ені 3 см болатын тіктөртбұрыштың ауданын көрсетіңіз.

Ауданы 27 шаршы см, ұзындығы 9 см тіктөртбұрыштың енін табыңыз.

Ауданы 36 шаршы сантиметр болатын шаршының қабырғасының ұзындығын көрсетіңіз.

Қабырғасының ұзындығы 7 см болатының шаршының ауданын көрсетіңіз. Ауданы 45 шаршы сантиметр, ені 5 см болатын тіктөртбұрыштың ұзындығын табыңыз.

Ұзындығы 8 см, ені 4 см болатын тіктөртбұрыштың ауданын көрсетіңіз.

Сергіту сәті «Пішіндер»

Оқушының өзіндік жұмысы. (Ж.Ж) Саралау тапсырмалары.

1.Қабырғасы 3 см болатын шаршы сыз. Ауданын тап.

Бағалау критерийлері: - Қабырғасы 3 см болатын шаршы салады;

- Формуласын жазады;

- Ауданын табады.

2.Тіктөртбұрыштың белгісіз мәндерін тап. Кестеде боялған мәндері бойынша тіктөртбұрышты сыз.

а

2 м

6 см

в

4м

9 дм

S

24 см²

36 дм²

P

Бағалау критерийлері: -Тіктөртбұрыштың ауданын табады;

-Тіктөртбұрыштың периметрін табады;

-Тіктөртбұрыштың енін табады;

- Тіктөртбұрыштың ұзындығын табады;

-Кестедегі боялған мәндері бойынша тіктөртбұрыш салады.

СD диск, Оқулық

iMektep.kz

https://youtu.be/C336t_dqsgs

Сабақтың соңы (2 минут) |

«Дұрыс-дұрыс емес» ойыны. Аудан дегеніміз – фигуралардың сыртқы беті (-); Тіктөртбұрыштың ауданы ұзындығы мен енінің көбейтіндісіне тең (+);

Шаршының ауданы қабырғасының ұзындығының төртке көбейтіндісіне тең (-); Кейбір төртбұрышқа ұқсас фигуралардың ауданын оны тіктөртбұрышқа толықтыру арқылы табуға болады (+);

Ауданның өлшем бірліктері: шаршы сантиметр, шаршы метр, шаршы шақырым (+).
| iMektep.kz |
Рефлексия (5 минут) |

«Құпия хат» әр түрлі фигуралар тізбегі оқушыларға таратылады.

1. Сабақта қандай бөлімді қарастырдық?

2. Оқу мақсатына жету үшін біз қандай іс –әрекеттер жасадық?

3. Сөздік қорын қандай жаңа сөздермен толықтырдық?

4. Жеке жұмыс қаншылықты қиын болды?

«Жетістік» баспалдағы.
| Үлестірме қағаз |
Пікірлер(0)