Сүйіспеншілік пен жақсылық жолы
Өзін-өзі тану
Сынып:
3- сынып
Бөлім:
Әсемдік әлемінде!
Тақырып:
Сүйіспеншілік пен жақсылық жолы
10.03.2020
134
1
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | Білімділік: оқушыларға жақсылық жасаудың мейірімділіктен екендігін түсіндіру; Дамытушылық: оқушылардың жанашырлық қасиеттерін дамыту; Тәрбиелік:оқушыларды мейірімділікке , жанашырлыққа , қайырымдылыққа тәрбиелеу. |
Сабақтың мақсаты: | оқушылардың жақсылық туралы түсініктерін кеңейту арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. |
Тілдік мақсаттар: | әркез жақсы сөйлеуге дағдыландыру |
Күтілетін нәтиже: | өзінің іс-әрекеттерін тек жақсылыққа бағыттайды |
Бағалау критерийлері: | барлығына сүйіспеншілікпен қарап , жақсы іс-әрекет жасауы |
Құндылықтарды дарыту: | сүйіспеншілік құндылығын жарыққа шығару |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | интербелсенді тақта , компъютер |
Пәнаралық байланыс: | қазақ тілі , әдебиеттік оқу , музыка |
Бастапқы білім: | жанашырлық , сүйіспеншілік |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.5Т қадағалау.Жағымды күйге келу. | |
Сабақтың ортасы |

Үй тапсырмасын тексеру: «Райымбек бастауы» әңгімесін талдау.Қойылатын сұрақтар:-Райымбек батыр еліне қалай қызмет етті? -батырдың жауынгерлері қандай жағдайға тап болды? -Райымбек батырдың ғажап ісін қалай түсінуге болады? -жақсылық жолында жасалатын қандай істерді білесіңдер? -өзің қандай жақсылық көрсетер едің? -кімге жанашырлық таныттыңдер? -қандай қайырыДәйексөз «Қайырымды іс жаса , қайырлы болар әр ісің» Халық нақылы 2-рет ер балаларға , 2- рет қыз балаларға айтқызу , бірге қайталау.Дәптерге жазу. мды іс жасадыңдар?

Әңгімелеу «Жақсылық жасау әр адамның қолынан келеді» фильмін көрсету , талдау:-фильм кейіпкерінің іс-әрекетінен оның қандай қасиеттерін байқадыңдар? -біреуге жақсылық жасау қиын ба? -жақсы іс адамды қандай сезімге бөлейді? -сендер қандай жақсы іс жасадыңдар? -кімге көмектестің? -айналаңа өз жанашырлығыңды қалай көрсетер едің?

Шығармашылық жұмыс Жеке жұмыс.1-тапсырма:жақсылық істердің тізбесін жасаңдар.

Топпен ән айту Мен әдепті баламын әнін бірге орындау.

| "Жақсылық жасау әр адамның қолынан келеді" фильмі , "Мен әдепті баламын" әні. |
Сабақтың соңы |
Үйге тапсырма: №26 сабаққа «Қайырлы іс» өсиет әңгімесін оқып және мазмұндап келу. | Өзін-өзі тану оқулығы |
Рефлексия |
Соңғы тыныштық сәтi:Аяқ-қолымызды айқастырмай , түзеліп отырып , бүгінгі сабақта айтылған жақсы сөздер мен істерді жүрегімізге сақтап алайық.Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар! |
Пікірлер(0)