Жалбыз-емдік өсімдік
Қазақ тілі
Класс:
5-сынып
Раздел:
Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі
Тема:
Жалбыз-емдік өсімдік
15.12.2019
404
5
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
5.О.5 Мәтін мазмұнын түсінуге,нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

5.Ж.1. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе,негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру.

Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар: Мәтін мазмұнын оқып түсінеді,ақпаратты анықтайды.

Оқушылардың басым бөлігі: Мәтінді түсініп оқып,негізгі ойын анықтап,құрылымын бөле алады, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.

Кейбір оқушылар:Мәтін мазмұны бойынша кіріспе,негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрады. Постер арқылы өз ойларын дәлелдей алады.

Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: Тілдік дағдыларды қолдана алады,пікір таласады.

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Жалбызым! Жалбызым!

Қасиетіңді білгенде

Өлмес еді жалғызым.... (Халық нақылы)

Пікірталасуға арналған пайдалы тіркестер: дәрілік,емдік өсімдік,адам ағзасы,дәрілік шөп,жалбыз ұнтағы.

Ход урока
Этапы урока | Запланированная деятельность на уроке | Ресурсы |

Сабақтың басы ((2-5 минут)) |

Ширату жаттығулары: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй(коллобративтік орта) орнату үшін оқушыларды шеңберге тұрып бір-біріне жақсы тілектер айтады

.Оқушыларға дәрілік өсімдіктердің суреттері көрсетіледі.

Өздеріне таныс өсімдіктерді атайды.

Сабақ тақырыбын анықтап, сабақ мақсатымен таныстыру.

Жалбызым! Жалбызым!

Қасиетіңді білгенде

Өлмес еді жалғызым.... (Халық нақылы)
| Интербелсенді тақта |
Сабақтың ортасы ((6-40 минут)) |

«Танысу үшін оқу және сканерлеу»әдісі.(ҰЖ)

Мәтін «Жалбыз-емдік өсімдік»

Бүгінгі таңда өз өлкеңе деген қызығушылықты арттырып, дәрілік өсімдіктің қажеттілігін түсіну, табиғатты қорғап, оның байлығын тиімді пайдалану кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып отыр. Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді көптеп жинап, қолдануды ұсынады. Ең көп сұранысқа ие дүние жүзілік дәрілер көрсеткішінің ішінде тұрған өсімдіктің бірі – жалбыз.Жалбыздың емдік қасиеті баршаға ертеден мәлім. Оны халық жүз бір ауруға ем дейді. «Жалбызды жерде жан қалады, ерменді жерде ер өлмейді» деген мәтел бұл өсімдіктің осындай қасиетіне байланысты айтылған болса керек. Жалбыз – еріндігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты өсімдік. Ол – хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тік, жапырақтары қарама қарсы орналасқан болады. Жалбыздың түрлері көп. Қазақстанда оның екі иүрі кездеседі – қара жалбыз, ақ жалбыз. Ол ерінгүлдер тұқымдас, көпжылдық өсімдік. Өзен мен көл жағаларында, тау баурайында, шабындықтар мен бақшаларда кездеседі. Жалбыз өсімдігінің құрамында адам ағзасына пайдалы заттар мол. Жапырағын саусақпен уқалағанда жағымды иіс шығады. Себебі, жапырағында 5% эфир майы болады. Маусым мен тамыз айларында гүлдейді.Қазақстанда суармалы жерлерде, бұлақ, өзен, көл маңында, арық бойында, шалғындықта, тоғайда, таулы аймақта (2000 м биіктікке дейін) өсетін 9 түрі бар.Маусым-тамыз айларында гүлдейді. Тұқымы – көп түйірлі жаңғақша. Жалбыздың жапырағында ментол болады. Одан жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуде, сондай-ақ, жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде сұйық дәрілердің, тіс тазалағыш ұнтақтардың құрамына кіреді. Жалбыздың құрамындағы эфир майы парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады. Гүлінен ара бал жинайды.Тершең адам жалбыздың кепкен жапырағын ыстық суға бұқтырып демдеп, жатар алдында жарты стаканын ішіп, ал аяғының шуашы барлар сол суға үш мезгіл аяғын жуып жүрсе, бұл жағымсыз иістен арылады. Полиартритпен ауыратын адам кепкен жалбыз шөбін суға қайнатып, күніне бір реттен жатар алдында ванна жасап булап жүрсе сырқатынан сауығады. Ал, соңғы кезде жалбыз тұнбасын іштің кебуін басатын, бойға күш-қуат беретін, несеп жүргізіп қуықтың қабынуын жазатын, етеккірді шамадан тыс келуін тоқтататын дәрі ретінде қолданып жүр. Еті тілініп кеткен жарақатқа, іріңді шиқан сияқты шығулар мен қотырларға жалбыз тұнбасын таңып тастаса, тез жазылады.Сонымен қатар жалбыз косметология,кулинария салаларында да қолданылады.

Тапсырмалар: |

1.Мәтінді оқырдың алдында оқушылар өздерінің қандай негізгі ақпарат іздейтіндерін анықтап алады. Мәтінді егжей-тегжейлі түсіну үшін оқиды. Мәтін мазмұнын түсінуге,нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады. Не? Қандай? Қайда? Неліктен? Қалай? 2.Берілген мәтінге сәйкес кіріспе,негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құр.(ЖЖ)

Жоспар Кіріспе бөлім ____________________________

Негізгі бөлім ____________________________ ------------------------------------------------------------------- -------------------------------------------------------------------

Қорытынды бөлім ________________________

3.Проблемалық сұрақ арқылы постер қорғау.(ТЖ) 1 топ-1.« Не себепті ең көп сұранысқа ие дүние жүзілік дәрілер көрсеткішінің ішінде тұрған өсімдіктің бірі – жалбыз деп ойлайсыз?»

2 топ- 2. «Неліктен бүгінгі таңда дәрілік өсімдіктің қажеттілігін түсіндіріліп, табиғатты қорғап, оның байлығын тиімді пайдалану кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып отыр?»

Сабақтың соңы (41-45 минут) |

«Жарқын ойлар» әдісі бойынша кері байланыс жасау.(ҰЖ)

1.Сіз үшін жаңа болып табылатын үш мәселені жазыңыз.

1. 2. 3.

2.Сіздің назарыңызды аударған бір нәрсеніжазыңыз.

3.Сіз сенімсіздік танытқан салаға 4 сөз жазыңыз.

1 2 3 4

Дескрипторлар: 1. Мәтін мазмұнын түсінуге,нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған 3 сұрақ құрастыра алады. 2. Мәтінді бөліктерге бөледі.Қарапайым жоспар құра алады. 3.Постер жасауға қатысып,өз ойын дәлелдей алады.

Приложение:
Открыть файл
"Жалбыз-емдік өсімдік"
Отзывы(0)