Мектепте
Қазақ тілі
Класс:
5-сынып
Раздел:
Мектеп өмірі. Әдепті бала – арлы бала
Тема:
Мектепте
08.11.2019
717
19
Оқу мақсаттары | Ж4.Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау ; А5.Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу. |
Ход урока
Этапы урока | Запланированная деятельность на уроке | Ресурсы |
---|---|---|
Сабақтың толық нұсқасы (40 минут) |
<p>Сабақтың тақырыбы: «Мектепте» </p><p>Оқу мақсаттары Ж4.Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау ; А5.Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу. Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар орындай алады: ақпаратты меңгереді, түсінеді, постер қорғай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: тірек сөздерді қолданып диалог құрастырады, сұраққа нақты жауап бере алады. Кейбір оқушылар орындай алады: Тақырып бойынша өз бетінше диалог құрастырады. Бағалау кретерийі 1.Мәтінді түсініп, мәліметтерді жинақтайды; 2.Тақырып бойынша постер жасайды; 3.Сұрақты дұрыс түсініп, шағын диалогке қатысады; Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады: көмекші ақпаратты ажыратады, диалог құрайды Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер : үзіліс, сыныптастар, ғимарат, қоңырау, құрдастар, уақытылы, жабдықталған. Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер Менің пікірімше..., менің ойымша... Талқылауға арналған сұрақтар Оқушылар не себепті мектепте оқиды? Оның пайдасы қандай? Құндылықтарға баулу Адамзаттық жауапкершілікті, адамгершілікті, ынтымақтастықты қалыптастыру сияқты ұлттық жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу. Пәнаралық байланыс Әдебиет, сурет, музыка Психологиялық ахуал Оқушылардың назарын мұғалімге аудару үшін, мұғалім сыныпқа «Мектеп» туралы ән айтып кіреді. Оқушылар мұғалімге назарлар аударады. Балалар көңіл-күйлеріңіз қалай? Бас бармақ әдісімен көрсетеді. Топқа бөлу «Мозайка» әдісі бойынша топқа бөлу (оқу құралдарының суреттерінің қиындыларымен) Алдыңғы білім 3 минут Оқушыл ар өз парталарының қасында шеңберге тұрып «Мектеп өмірі несімен қызық» тақырыбында ой тасталады. Оқушылар кезек-кезек бір сөзбен ойларын айтып шығады. - Бұл не? - Қандай ой пайда болды? (Мектеп дегенде көз алдарыңа не елестейді?) - Бүгінгі сабақ тақырыбы қандай? - Бүгін біз сабақта не үйренеміз? Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар Сабақтың басы 6 минут «Сұрақтары бар қорап» стратегиясы негізінде алдыңғы оқуды пысықтайды. - Мектепте қай пәннің мұғалімдері бар? - Мектепте қандай оқу кабинеттері бар? - Мектебің қай көшеде орналасқан? - Сенің алғашқы ұстазың кім? - Мектеп өмірі саған несімен ұнайды? - Мектепке байланысты сөздер атаңдар. - Жарайсыздар, балалар, сіз осы сұрақтар арқылы нені түсіндіңіздер? Музыка Қиынды суреттер Сабақтың ортасы 30 минут Тапсырмамен жұмыс. Постер қорғайды ***** Біздің мектеп үлкен, жарық, жаңа, әдемі. Ғимарат үш қабатты. Мектептің оқу кабинеттері көп, барлық кабинеттер инерактивті тақтамен жабдықталған, мұғалімдер сапалы білім береді. Мен сыныптастарыммен екінші қабатта оқимын. Сабақтан кейін құрдастарыммен ойнауға шығамыз. Мектепте асхана гигиеналық талапқа сай, уақытылы жұмыс жасайды. Біз үзілісте онда тамақтанамыз. Біздің мектепте мұражай бар. Мұражай екінші қабатта. Жұма күні мұғалім бізді мұражайға апарды. Мұражайда экспонаттар көп. Белгілі суретшілердің еңбектері қойылған. Мен суреттерді қарадым. Өз мектебім маған ұнайды. І топқа тапсырма. «Кластер» әдісі бойынша мәтінді түсініп оқы. Көмекші ақпаратты ажырат. Әр абзацқа ат қой тірек сөздерді қолданыңыздар. ІІ топқа тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша диалог құрастырыңыздар. ІІІ топқа тапсырма. Мәтінге ат қойыңыздар. Суреттер Сілтеме: www.ru.freepik.com Сабақтың соңы 6 минут Қорытындылау Үйге тапсырма Бағалау Кері байланыс «Екі жұлдыз ,бір тілек». Оқушылар қолдарындағы стикерлерге ұтымды шыққан екі пікір, бір ұсыныс жазады.Мектептің суретіне қараймыз . сағат тілі бойынша бір сөйлем құрастыру. - Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болды? - Не үйрендіңіз? - Не білдіңіз? (оқушылар осы сұрақтар төңірігінде жауап береді) «Менің атым Қожа» киносын қарап, мектепке байланысты бес сөйлем жазып келіңдер. «Саусақпен бағалау» әдісі арқылы әр оқушы өз-өзін бағалайды. Сілтеме: www.ru.freepik.com Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Пәнаралық байланыс- және денсаулық және қауіпсіздік .АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) • Сабақ мақсаты және тапсырмалар бойынша сараланды. Дескрипторлар 1.1Мәтін мазмұнын түсінеді 1.2Сұрақ қоя отырып, сұраққа жауап бере алады. Постерді сипаттайды 2.1Көмекші ақпаратты ажыратады 2.2Жаңа сөздерді өз тәжірибесінде қолданады 3.1Диалог құра алады. Диалогке қатысады 3.2Мәтінге ат қояды «Кластер» әдісі арқылы, диалог құрастару арқылы оқушылар бір-бірін жетілдіріп тұрады, смайлик, бас бармақ «Мәңгілік ел» идеясысындағы жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу, жаратылыстану, музыка өнермен байланысты. Әдебиет, сурет, музыка, АКТ-мен байланыс, интерактивті тақта. Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1 . «Кластер» әдіс бойынша сабақтың мақсаты мен міндетін оқушылар аша алды. 2. Мәтінінің мазмұнын сипаттай алды.Тақырып идеясын аша білдім. Оқушыларым көмекші ақпарат алды. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? Қосымша тақырыптарды көбірек орындатқанда оң ықпал етер еді Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? </p> |
Дополнительная информация
Адамзаттық жауапкершілікті, адамгершілікті, ынтымақтастықты қалыптастыру сияқты ұлттық жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу.
Приложение:
Открыть файл
Мектепте
Отзывы(0)