Хат жіберілді!
Кері байланысыңызға рақмет!
Химия пәні бойынша тест сұрақтары
Қадырбаева Асима Магзомкызы
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Абай атындағы мектеп-гимназия
17198
142
Химия
Тақырыбы:
Химия пәні бойынша тест сұрақтары
№ | СҰРАҚ | НҰСҚАЛАРЫ | ДҰРЫС ЖАУАП | ТҮСІНДІРМЕСІ | СІЛТЕМЕ |
|
|||||
1 | Н2, HCl молкулаларында түзілетін байланыстың түрлерін анықтаңыз. | А. Сутектік В. Иондық С. Металдық D. Ковалентті полюсті Е. Ковалентті полюсті және полюссіз |
Е. Ковалентті полюсті және полюссіз | Ортақ электронды жұп есебінен жүзеге асатын химиялық байланысты ковалентті байланыс деп атайды. Оның 2 түрі бар: полюсті және полюссіз. | №1, § 27, 28 №3, §2.1-2.6 |
2 | Келесі қосылыстарға тән кристалдық торлардың түрлерін анықтаңыз: 1. Қола 2. Су 3. Құм 4. Ас тұзы |
А. 1-иондық, 2- молекулалық, 3-металдық, 4- атомдық В. 1-металдық, 2-атомдық, 3-молекулалық, 4-иондық С. 1-металдық, 2-молекулалық, 3-атомдық, 4-металдық D. 1-металдық, 2-молекулалық, 3-атомдық, 4-иондық Е. 1-атомдық, 2-молекулалық, 3-иондық, 4-металдық |
D. 1-металдық, 2-молекулалық, 3-атомдық, 4-иондық | Кристалдық торлар деп – түйіндеріндегі бөлшектер белгілі бір арақашықтықтан кейін жүйелі қайталанатын ретті құрылымды айтамыз. Оның 4 түрі бар: атомдық (байланысы ковалентті, қалыпты жағдайда олардың барлығы қатты, балқу температуралары жоғары, ерігіштігі нашар), молекулалық (қалыпты жағдайда газ күйінде кездеседі, қыздырғанда оңай балқиды, беріктігі төмен), иондық (суда жақсы ериді, ерітінділері мен балқымалары электр тогын жақсы өткізетін қатты заттар), металдық (металдар мен металл құймаларында болады). |
№1 § 29 |
|
|||||
3 | Fe + CuCl2 → Cu + FeCl2 реакциясы ... | А. Гетерогенді, қайтымсыз В. Экзотермиялық, алмасу С. Қайтымсыз, қосылу D. Гомогенді, орынбасу Е. Айырылу, тотығу-тотықсыздану |
А. Гетерогенді, қайтымсыз | Гетерогенді реакция – берілген заттар мен өнімдер әртүрлі агрегаттық күйде болады. /Темір – қатты, мыс хлориді – сұйық ерітінді/Тек бір бағытта жүретін реакциялар қайтымсыз деп аталады. | №3, § 3.1 |
4 | Fe + HNO3 → Fe(NO3)3 + N2 + H2O теңдеуіндегі барлық коэффициенттер қосындысы нешеге тең? | А. 75 В. 77 С.88 D.79 Е.74 |
В.77 | 10Fe + 36HNO3 → 10Fe(NO3)3 + 3N2 + 18HM2O | №3, § 3.1 |
5 | Сынап (ІІ) нитраты ерітіндісінің электролизі нәтижесінде катодта 100,5 грамм таза металл бөлінген болса, анодта бөлінген газдың (қ.ж.) көлемін есептеңіз. | А. 11,2 л В. 22,4 л С. 36,5 л D. 5,6 л Е. 2,4 л |
D. 5,6 л | 2Hg(NO3)2 + 2H2O /электролиз /→ 2Hg + O2 + 4HNO3 Катодта 100,5 грамм сынап бөлінеді, анодта бөлінетін газ оттек. 100,5г (Hg) – Х л (O2) 402 г/моль (Hg) – 22,4 л/моль (O2) Х = 5,6 л (О2) |
№3 § 3.3 |
|
|||||
6 | Сілтілік және сілтілік жер металдардың ұқсас қасиеттерін айқындаңыз. | А. Екуінің тотығу дәрежелері бірдей, ал физикалық қасиеттері әртүрлі В. Валенттіктері әртүрлі, күшті тотықтырғыштар, электрондарды оңай береді С. Табиғатта бос күйінде кездеседі, химиялыұ белсенділіктері жоғары, тотықсыздандырғыштар D. Тотығу дәрежелері және валенттіктері тұрақты, электрондарды оңай береді, тотықсыздандырғыштар Е. Валенттік электрондары 1 және 2, бір периодта орналасқан, химиялық белсенді заттар |
D. Тотығу дәрежелері және валенттіктері тұрақты, электрондарды оңай береді, тотықсыздандырғыштар | Химиялық қасиеттері бойынша сілтілік металдар бір-біріне өте жақын. Олар ең күшті тотықсыздандырғыштар және басқа металдарға қарағанда белсенділігі ең жоғарылар. Сілтілік жер металдар химиялық белсенді эементтер. Бұлар тотықсыздандырғыштар ретінде екі валенттік электрондарын беріп, тотығу дәрежесі +2 иондарға айналады. Сілтілік металдардың тотығу дәрежесі тұрақты +1, сілтілік жер металдардың тотығу дәрежесі тұрақты +2. | №3, § 5.1, § 5.2 |
7 | Уақытша кермектікті жою әдісінің химиялық теңдеуін көрсетіңіз. | А. CaCO3→ CaO + CO2 В. Ca(HCO3)2→ CaCO3 + CO2 + H2 С. 3MgSO4 + 2Na3(PO4)2→ Mg3(PO4)2 + 3Na2SO4 D. MgCl2 + 2NaOH →Mg(OH)2 + 2NaCl Е.CaCl2→Ca + Cl2 |
В. Ca(HCO3)2→ CaCO3 + CO2 + H2O | Судың кермектігі Ca2+ және Mg2+ иондарының болуымен түсіндіріледі. Табиғи суларда олардың мөлшері неғұрлым көп болса, кермектік соғұрлым жоғары болады. Судың жалпы кермектігі уақытша және тұрақты кермектік деп бөлінеді. Суда Са(НСО3)2 және Mg(НСО3)2 гидрокарбонаттары болғанда уақытша кермектік (карбонаттық кермектік) болады. Судың тұрақты кермектігі кальций мен магнийдің басқа еритін тұздарының (сульфаттар, хлоридтер, нитраттар т.б.) қатысында пайда болады. Уақытша кермектіктен суды қайнату, әк сүтін немесе соданы қосу арқылы жоюға болады. Тұрақты кермектік суды қайнату арқылы жойылмайды, бірақ әк суын немесе соданы қосқанда, Ca2+ және Mg2+ иондары тұнбаға түседі. | №3, § 5.5 |
8 | Ca→Ca(OH)2→ →CaCO3→CaO→ →CaCl2 реакциялар тізбегін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайларды не реактивтер түрін рет-ретімен анықтаңыз. |
А. 1-H2O, 2 - CO2, 3 - t ͦ, 4 - HCl В. 1 - NaOH, 2 - Na2CO3, 3 - Na2O, 4 - Cl2 С. 1 - H2O, 2 - t ͦ, 3 - t ͦ, 4 - HCl D. 1 - NaOH, 2 - 2-CO2, 3 - Na2O, 4 - HCl Е. 1 - H2O, 2 - Na2CO3, 3 - t ͦ, 4 - HClO |
А. 1 - H2O, 2 - CO2, 3 - t ͦ, 4 - HCl | 1. Ca + 2H2O →Ca(OH)2 + H2 2. Ca(OH)2 + CO2 → CaCO3 + H2O 3. CaCO3 →t CaO + CO2 4. CaO + HCl → CaCl2 + H2O |
№3, § 5.4, § 5.5 |
|
|||||
9 | Аммиактың (қ.ж.) 112 л мөлшері өршіткі қатысында оттекпен әрекеттескенде түзілетін газдың қалыпты жағдайдағы көлемін табыңыз. | А. 224 л В. 56 л С. 112 л D. 45 л Е. 138,4 л |
С. 112 л | 4NH3 +5O2 → 4NO + 6H2O 112 л (NH3) – Х л (NO) 89,6 л/моль (NH3) – 89,6 л/моль (NO) Х = 112 л (NO) |
№2, § 17-19 №3, § 7.8 |
10 | Хлордың оттекті қышқылдарының және сәйкес тұздарының дұрыс атауларын көрсетіңіз. HClO HClO2 HClO3 HClO4 |
А. Хлорлы – хлорат Хлор – гипохлорит Хлорлау – хлорит Хлорлылау - перхлорат В. Хлор – хлорит Хлорлы – гипохлорит Хлорлау – хлорат Хлорлылау - перхлорат С. Хлорлы – гипохлорит Хлорлылау – хлорит Хлор – хлорат Хлорлау - перхлорат D.Хлорлылау – гипохлорит Хлорлы – хлорат Хлорлау – хлорит Хлор - перхлорат Е. Хлорлылау – гипохлорит Хлорлы – хлорит Хлорлау – хлорат Хлор - перхлорат |
Е. Хлорлылау – гипохлорит Хлорлы – хлорит Хлорлау – хлорат Хлор - перхлорат |
Хлордың оттекті қышқылдары және олардың тұздарының атаулары: HClO – хлорлылау қышқылы – гипохлорит HClO2 – хлорлы қышқыл – хлорит HClO3 – хлорлау қышқылы - хлорат HClO4 – хлор қышқылы- перхлорат |
№3, § 7.13 |
11 | Cудың әртүрлі мөлшерін сіңіре отырып, 3 түрлі қышқыл түзетін қосылыс: | А. SiO2 В. P2O5 С. NO2 D. CO Е. SO3 |
В. P2O5 | P2O5 + H2O → 2HPO3 метафосфор қышқылы P2O5 + 2H2O → H4P2O7 пирофосфор қышқылы P2O5 + 3H2O → H3PO4 ортофосфор қышқылы |
№2, § 34 №3, § 7.9 |
|
|||||
12 | Қай қатарда берілген заттардың барлығымен мыс әрекеттеседі? | А. HNO3 (c), HNO3 (k), HCl В. Ca, HNO3 (c), HNO3 (k) С. Cl2, N2, HCl D. HNO3 (c), H2O ,Hg Е. HNO3 (c), HNO3 (k), AgNO3 |
Е. HNO3 (c), HNO3 (k), AgNO3 | Мыс – ашық қызғылт түсті жылтыр металл, жеңіл созылады. Құрғақ ауада және кәдімгі температурада мыс өзгермейді. Кернеу қатарында мыс сутектен кейін орналасқан, сондықтан ол қышқылдар тотықтырғыштар болса ғана олармен әрекеттеседі. 3Cu + 8HNO3 (c) → 3Cu(NO3)2 + 2NO + 4H2O Cu + 4HNO3 (k) → Cu(NO3)2 + 2NO2 + 2H2O Cu + 2AgNO3 → Cu(NO3)2 + 2Ag |
№3, § 6.1, § 6.2 |
13 | Мыс пен мырыштан тұратын 6,25 грамм құйманы сілтімен өңдегенде 1,12 л (қ.ж.) газ бөлінген. Құймадағы мыстың массалық үлесі қаншаға тең? | А. 16 % В. 48 % С. 55 % D. 67 % Е. 38 % |
В. 48 % | Cu + NaOH → Zn + 2NaOH → Na2ZnO2 + H2 Х г (Zn) - 1,12 л (Н2) 65 г/моль (Zn) – 22,4 л/моль Х = 3,25 г m(Cu) = 6,25 – 3,25 = 3 г 6,25 г - 100% 3 г - х% Х = 48% |
№3, § 6.2, § 6.3 |
|
|||||
14 | СН3―СН―СН2―СН3-ОН Берілген қосылыс үшін төмендегі тұжырымдардың қайсысы дұрыс? І. Екіншілік спирт ІІ. Бутанол 3 ІІІ. Диэтилэфирінің изомері ІV. Бутанонның изомері |
А. Тек І В. І-ІІІ С. ІІ-ІV D. І,ІІІ Е. ІІ,ІІІ,ІV |
D. І,ІІІ | Берілген қосылыс спирттердің өкілі. ОН-пен байланысқан көміртек екі радикалмен байланысқандықтан екіншілік спирт, спирттердің класаралық изомерлері жай эфирлер, бұл жағдайда диэтил эфирінің (С2sub>Н5―О―С2Н5) изомері. | №,2 § 53 №4, § 3.1-3.3 |
15 | 138 грамм этанол натриймен әрекеттескенде бөлентін газдың (қ.ж.) көлемі қаншаға тең болады? | А. 67,2 л В. 22,4 л С. 3,36 л D. 1,12 л Е. 33,6 л |
Е. 33,6 л | 2С2Н5ОН + 2Nа → 2С2Н5ОNа + Н2 138 г ( С2Н5ОН) - Х л (Н2) 92 г/моль ( С2Н5ОН) - 22,4 л/моль (Н2) Х= 33,6 л |
№2, § 53 №4, § 3.1-3.3 |
16 | Фенолдың 18,8 грамы броммен әрекеттескенде түзілетін тұнбаның массасын есептеңіз. | А. 66,2 г В. 13,24 г С. 33,1 г D. 11,2 г Е. 44,8 г |
А. 66,2 г | С6Н5ОН + 3Вr2 → С6Н2ОНВr3↓ + 3НВr Үшбром фенол ақ түсті тұнба. 18,8 г (С6Н5ОН) - Х г ( С6Н2ОНВr3) 94 г/моль (С6Н5ОН)- 331 г/моль (С6Н2ОНВr3) х= 66,2 г |
№4, § 3.4 |
|
|||||
17 | Альдегидтер үшін тұжырымдардың қайсысы дұрыс? І. Қосылу реакциясына түседі ІІ. Тотығады ІІІ. Кетондармен изомерлер |
А. Тек І В. ІІ,ІІІ С. І-ІІІ D. Тек ІІІ Е. І, ІІІ |
С. І-ІІІ | Альдегидтер мен кетондар бір-біріне класаралық изомерлер болып табылады. Карбонил тобының құрамында қос байланыс болғандықтан қосылу реакциясына түседі. Альдегидтер тотығып, карбон қышқылдарына айналады. |
№2, § 55 №4, § 4.1-4.3 |
18 | Кучеров реакциясы бойынша альдегидті алу теңдеуін көрсетіңіз. | А. С2Н6 + Н2О → В. С2Н4 + Н2О → С. С2Н2 + Н2О → D. С2Н2 + спирт → Е. С2Н4 + Н2 → |
С. С2Н2 + Н2О /Hg2+, H+/→ CH3COH | 1881 жылы орыс химигі Кучеров ацетиленді қосылыстардың гидратация реакциясын ұсынады. Кучеров реакциясы бойынша судың қосылуы сынап (ІІ) тұздарының қатысында жүреді. | №4, § 2.4 №4, § 4.1-4.3 |
19 | Құрамында 58,82% көміртек, 9,8 % сутек, 31,37 % оттегі бар, ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 3,52 тең қышқылдың атауы. | А. Пропан В. Сірке С. Құмырсқа D. Май Е. Валериан |
Е. Валериан | D = Mr (1)/ Mr (2) Mr (2) = 29∙3,52 = 102 58,82/12 : 9,8/1 : 31,37/16 4,9 : 9,8 : 1,9 4,9/1,9 : 9,8/1,9 : 1,9/1,9 (2,5 : 5,1 : 1) ∙2 = 5 : 10 : 2 С5Н10О2 С4Н9СООН – пентан қышқылы, валериан қышқылы |
№4, § 4.5-4.6 |
20 | 1 л ерітіндіде сірке қышқылының 3,01∙1023 молекуласы бар және оның диссоциация дәрежесі 3% болса, осы ерітіндідегі сутек иондарының моль саны қанша болады? | А. 0,013 моль В. 0,015 моль С. 0,25 моль D. 0,025 моль Е. 0,1 моль |
В. 0,015 моль | υ=N/NА = 3,01∙1023 / 6,02∙1023 моль-1 = 0,5 моль α=n/N∙100% 3%= n/0,5∙100%. n=0,015 моль СН3СООН → СН3СОО- + Н+ 0,015 моль (СН3СООН) ― х моль (Н+) 1 моль (СН3СООН) ―1 моль ( Н+) х=0,015 моль |
№2, § 6 №4, § 4.5-4.6 |
|
|||||
21 | Ауа, қорғасын, шойын, ацетон, азот, көмірқышқыл газы, сөндірілген әк. Берілген заттардың ішіненхимиялық элемент, күрделі зат және қоспалардың санын анықтаңыз. | А. Химиялық элемент – 4 В. Күрделі зат – 2 С. Қоспа - 1 D. Қоспа - 2 Е.Күрделі зат - 3 F. Қоспа - 3 G. Химиялық элемент - 3 H. Химиялық элемент - 2 |
D. Қоспа - 2 Е. Күрделі зат - 3 H. Химиялық элемент - 2 |
Қоспалар – ауа, шойын. Күрделі заттар – ацетон, көмірқышқыл газы, сөндірілген әк. Химиялық элемент – қорғасын, азот. |
№1 § 1-3 |
22 | Өзгерістердің ішінен химиялық құбылысқа жататындарын табыңыз. | А. Жұмыртқаның жарылу В. Сүттің ашуы С. Парақты қию D. Батарейкаларда электр тогының түзілуі Е. Жұмыртқаның қуырылуы F. Электр лампасының жанып кетуі G. Көмір кесектерін майдалау H. Сынған шыны бөлшектерін балқыту |
В. Сүттің ашуы D. Батарейкаларда электр тогының түзілуі F. Электр лампасының жанып кетуі |
Химиялық құбылыстар немесе химиялық реакциялар нәтижесінде жаңа заттар түзіледі, олардың қаситтері реакцияға түскен заттардың қасиеттерінен өзгеше болады. Сүттің ашуы, электр лампаларының жанып кетуі қайта қалпына келмейтін үрдістер. Сол секілді, батарейкаларда электр тогының түзілуі қайта қалпына келмейтін химиялық процесс болып табылады. |
№1, §4 |
23 | Жүруі мүмкін химиялық реакцияларды табыңыз. | А. Cu + ZnCl2 → В. Ag + H2O → С. Cu + HCl → D. Au + HNO3(k)→ Е.Cu + AgNO3 → F.Mg + HCl → G.Hg + H2SO4(c)→ H.K + H2O→ |
Е.Cu + AgNO3 → F.Mg + HCl → H.K + H2O→ |
Химиялық реакцияның жүруі әрекеттесуші заттардың табиғатына, қасиетіне, реакцияның жүру жағдайына байланысты. Мәселен, кернеу қатарының басында орналасқан сілтілік және сілтілік жер металдар сумен қалыпты жағдайда әрекеттессе, белсенділігі орташа металдар қыздырғанда әрекеттеседі, ал сутектен кейнгі металдар сумен мүлде әрекеттеспейді. Қышқылмен реакцияға түсуі де әркелкі. Белсенділігі жоғары металл белсенділігі төмен металдың тұзынан оны ығыстыра алады. | № 3, § 4.4 |
|
|||||
24 | N―P―As―Sb Қатарында элементтердің өзгеретін қасиеттері: |
А. Атом радиусы артады В. Атом радиусы кемиді С. Металдық қасиеті артады D. Бейметалдық қасиеті кемиді Е. Салыстырмалы атомдық массасы кемиді F. Электртерістігі кемиді G. Электртерістігі артады H. Реттік нөмірі кемиді |
А. Атом радиусы артады С. Металдық қасиеті артады F. Электртерістігі кемиді |
Атом радиусы: период бойынша солдан оңға қарай кемиді, топшада жоғарыдан төмен қарай артады. Металдық қасиеті: солдан оңға қарай кемиді, жоғарыдан төмен қарай артады. Бейметалдық қасиет: солдан оңға қарай артады, жоғарыдан төмен қарай кемиді. Электртерістігі: солдан оңға қарай артады, жоғарыдан төмен қарай кемиді. |
№3, § 1.8 |
25 | 1869 жылы Д.И.Менделеевтің құрастырған периодтық жүйесінің негізінде келесі қорытындылар жасауға болады. | А. Әр периодтағы элементтер саны 8-ден аспайды В. S,p,d элементтер В топшасының элементтері С.VІІ топта инертті элементтер орналасқан D. RО3 VІІ топтың негізгі топша элементтерінің жоғары оксидтерінің жалпы формуласы Е. d-элементтердің барлығының сыртқы энергетикалық деңгейінде 2 электрон орналасады F. s-элементтердің дені І және ІІ топтарда орналасқан G. Периодтық жүйедегі барлық атомдар атомдық салмақтарының арту ретімен орналасқан H. s,p элементтерінің сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрондар саны орналасқан топ нөміріне сәйкес болады |
F. s-элементтердің дені І және ІІ топтарда орналасқан H. s,p элементтерінің сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрондар саны орналасқан топ нөміріне сәйкес болады |
s-элементтер негізінен І және ІІ топтың негізгі топшасында орналасқан сілтілік және сілтілік жер металдар. Сонымен қатар жетінші топта орналастырылған сутек (Н) және инертті газдардың өкілі гелий (Не) де s элементтерге жатады. s және р электрондардың ең сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрондар саны өзінің орналасқан тобының нөміріне сәйкес болады. d және f элементтердің сыртқы деңгейінде негізінен 2 электрон орналасады, бірақ атом құрылысының ерекшелігіне байланысты кейбір металдарда 1 электрон, палладийда 0 электрон болады. |
№3, § 1.2-1.4 |
|
|||||
26 | Берілген қосылыстардың ішінен қаныққан көмірсутектерді табыңыз. | А. С2Н4 В. С3Н8 С. С4Н8 D. С2Н2 Е. С5Н12 F. С6Н6 G. С6Н12 H. С7Н8 |
В. С3Н8 С. С4Н8 Е. С5Н12 |
Қаныққан көмірсутектерге алкандар және циклоалкандар жатады. Олардың молекласындағы көміртек атомдары өзара σ-байланыс арқылы байланысады. Алкандардың жалпы формуласы СnH2n+2. Циклоалкандардың жалпы формуласы СnH2n (n>3) С3Н8 пропан С4Н8 циклобутан С5Н12 пентан |
№2 § 45 №4 § 2.1-2.5 |
27 | 560 л (қ.ж.) ацетиленнен үш сатыда хлорсірке қышқылы алынған болса, алғашқы сатыда реакция өнімінің шығымы 80 %, екінші сатыда 90%, үшінші сатыда 100% алынды деп есептеп, әр сатыда түзілген өнімдер мен олардың массасын табу керек. | А. С2Н4, 569 г В. СН3СОН, 1375 г С. СН2СlСООН, 4567 г D. С2Н6, 893 г Е. СН3СООН, 2083 г F. СН3СОН, 7569 г G. СН2СlСООН, 3281 г H. СН3СООН, 4555 г |
В. СН3СОН, 1375 г Е. СН3СООН, 2083 г G. СН2СlСООН, 3281 г |
1-саты: С2Н2 + Н2О → СН3СОН η=80% /Кучеров р./ 2-саты:СН3СОН + Аg2О → СН3СООН + 2Аg η=90% 3-саты:СН3СООН + Сl2 → СН2СlСООН + НСl η=100% 1-саты: 560 л (С2Н2) ― х г ( СН3СОН) 22,4 л/моль (С2Н2) ― 44 г/моль (СН3СОН) х=1100 г η= mпрак/mтеор∙100% 80%= 1100 г/mтеор∙100% mтеор=1375 г 2-саты: 1375 г (СН3СОН) ― х г (СН3СООН) 44 г/моль (СН3СОН) ― 60 г/моль (СН3СООН) х= 1875 г 90%=1875 г/ mтеор∙100% mтеор= 2083 г 3-саты: 2083 г (СН3СООН) ― х г (СН2СlСООН) 60 г/моль (СН3СООН) ― 94,5 г/моль ( СН2СlСООН) х=3281г η=100%=3281 г |
№4, § 2.1-2.5 4, 7 - тараулар |
ТАРАУ «Азотты органикалық қосылыстар» |
|||||
28 | Берілген нұсқалардың ішінен дисахаридтерді табыңыз. | А. Целлобиоза В. Фруктоза С. Сахароза D. Лактоза Е. Глюкоза F. Мальтоза G. Целлюлоза H. Жүзім қанты |
А. Целлобиоза С. Сахароза D. Лактоза F. Мальтоза |
Дисахаридтер – құрамында екі моносахарид қалдығы бар көмірсулар. Тотықсызданбайтын (сахароза, трегалоза) және тотықсызданатын (лактоза, мальтоза)7 | №2, § 59 №4, § 8.2 |
29 | Массасы 45 грамм болатын сірке қышқылынан алынатын глицилглициннің массасын және химиялық формуласын табыңыз. | А. СН2СН NН2СОNНС2Н5СООН В. СН2NН2СОNНСН2СН2СООН С. СН3NН3СОNНСНСН2СООН D. СН2NН2СОNНСН2СООН Е. 155 г F. 166 г G. 132 г H. 189 г |
D. СН2NН2СОNНСН2СООН G. 132 г |
Реакция үш сатыда жүреді: СН3СООН + Сl2 → СН2СlСООН + НСl СН2СlСООН + 2NН3 → СН2NН2СООН + NН4Сl 2СН2NН2СООН →СН2NН2СОNНСН2СООН 120 г (CH3COОH) ― х г ( СН2СlСООН) 60 г/моль (CH3COОH) ― 94,5 г/моль (СН2СlСООН) х= 189 г 189 г (СН2СlСООН) ― х г (СН2NН2СООН) 94,5 г/моль (СН2СlСООН) ― 75 г/моль (СН2NН2СООН) х=150 г 150 г (СН2NН2СООН) ― х г (СН2NН2СОNНСН2СООН) 2∙75 г/моль (СН2NН2СООН) ― 132 г/моль (СН2NН2СОNНСН2СООН) х=132 г |
№4. 4,8 -тараулар |
30 | CaC2→ C2H2→ C2H4 → C2H6→ C2H5Cl→ C2H5OH→ CH3COH→ СН3СОOН Көрсетілген өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция атауларын нұсқаңыз. |
А. Гидраттану В. Полимерлену С. Гидрлеу D. Тотығу Е. Гидрогалогендеу F. Айырылу G. Галогендену H. Изомерлену |
А. Гидраттану С. Гидрлеу D. Тотығу G. Галогендену |
CaC2 + 2Н2О → C2H2 + Са(ОН)2 С2Н2 + Н2 → С2Н4 C2H4 + Н2→ C2H6 С2Н6 + Сl2 → C2H5Cl + НСl C2H5Cl + NаОН→ C2H5OH + NаСl C2H5OH + СuО → CH3COH + Сu + Н2О CH3COH + Аg2О → СН3СОOН + 2Аg |
№46 2,3,4 - тараулар |
№1 оқулық. Химия 8-сынып. М.Б.Усманова, Қ.Н.Сақариянова. Алматы «Атамұра» 2016 ж.
№2 оқулық. Химия 9-сынып. Н.Н. Нұрахметов, К.М. Жексембина, Н.А. Заграничная, Ә.Е.Темірболатова, К.А.Сарманова. Алматы «Мектеп» 2013 ж.
№3 оқулық. Химия 10-сынып. Н.Н. Нұрахметов, Қ. Б. Бекішев, Н.А. Заграничная, Г.В. Абрамова. Алматы «Мектеп» 2014 ж.
№4 оқулық. Химия 11-сынып. Ә.Темірболатова, Н.Нұрахметов, Р.Жұмаділов, С.Әлімжанова. Алматы «Мектеп» 2015
Қате туралы хабарландыру