Химиктер қатарына қабылдау
Мақсаты |
Химиялық алғашқы ұғымдарды қаншалықты меңгергенін ойын элементтерін пайдалана отырып тексеру, пәнге қызығушылықтарын арттыру. |
Күтілетін нәтиже |
Бастапқы химиялық ұғымдарды түсінеді, қолданады, біледі, салыстырады. |
Сабақта қолданылатын құралдар |
Интербелсенді тақта https://twig-bilim.kz/kz сайтының тест жұмыстары https://bilimland.kz сайтының бейнероликтері, сұрақтар, тапсырмалар, 8-сынып химия оқулығы және жұмыс дәптері. |
Қолданылған ресурстар |
М.Б. Усманова, Қ.Н. Сақариянова, Химия, 8-сынып оқулығы, Алматы «Атамұра», 2016 ж. |
Интернет ресурстар |
Сыныптан тыс жұмыстың барысы |
|||
Кезеңдері |
Жарыста орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Оқушының қызметі |
|
Басталуы 2 минут
|
Ұйымдастыру. Барлық оқушыны ортаға шығарып «Шаттық шеңберін» құрғызамын. Топқа бөлу. Үш түрлі түс арқылы топқа бөлемін.
|
Сәлемдеседі; Бір-біріне жылы сөздер айтады; Түстерді таңдайды, таңдаған түсі бар топқа барып отырады. |
|
5 минут Өткенді пысықтау «Өрмекшінің торы» ойыны |
Оқушыларға «Алғашқы химиялық ұғымдар» тарауы бойынша сұрақ қойғызу арқылы таспаны бір-біріне бергізіп, өрмекшінің торын құрғызамын. |
Оқушылар таспаны қалаған оқушысына беріп сұрақ қояды, өрмекшінің торын құрады. |
|
15 минут
«Бұрыштама» толтыру
3 минут
3минут
3 минут
3 минут
3 минут |
https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/bastapky-himiyalyk-tusinikter/lesson/salystyrmaly-molekulalyq-massa осы сілтемеден алынған тапсырмаларды барлық топ орындайды. Топтарға тапсырма: 1-тапсырма 2-тапсырма 3-тапсырма 4-тапсырма
https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/bastapky-himiyalyk-tusinikter/lesson/taza-zattar-zhane-qospalar сілтемедегі видеокөріністі тыңдап тапсырманы орындау |
1. Барлық топ мүшелері тапсырманы орындайды. 2. Орындаған тапсырмаларын келесі топтармен алмастырады. 3. Басқа топтың тапсырмасын толықтырады. 4. Спикерлер өз топтарының тапсырмаларын қорғайды. |
|
«Кім жылдам?» 1 минут |
https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/bastapky-himiyalyk-tusinikter/lesson/valenttilik валенттілік бойынша формула құру
|
Топ мүшелері формула құрайды. |
|
Сергіту сәті |
Берілген әріптерге басталатын химиялық элементтер және сөздер құрастыру керек |
А әрпі бойынша (алтын, азот, алюминий, аргон, астат т.б.) Азот – аз, от, ота, ата, зат т.б. К әрпі бойынша (күкірт, көміртек, калий, кальций) Көміртек – көмір, өмір, көк, кек Қ әрпі бойынша (қалайы, қорғасын, т.б.) Қалайы – қала, қалай, қай, ай, қайық, қалақ С әрпі бойынша (скандий, стронций, сурьма, селен) Селен – сел, ел, ен, сен, елес Б әрпі бойынша (бор, барий, бериллий, бром т.б.) М әрпі бойынша (магний, мыс, мырыш, мышьяк, марганец, менделеев) |
|
Топтық жұмыс 3 минут |
|||
Рефлексия 3 минут |
Оқушыларға алдарындағы стикерлерді толтыртамын. Тақтаға ілгіземін. – Не қиын болды? – Не оңай болды? – Не білгің келеді? |
||
Қорытындылау 2 минут
|
Топтағы оқушылар алған ұпай санына қарай төмендегідей бағаланады: 20–25 ұпай – «5» 15–19 ұпай – «4» 10–14 ұпай – «3» Топта белсенділік танытқан оқушылар марапатталады. |