Темір. Темірдің физикалық, химиялық қасиеттері және алынуы мен қолданылуы. Болат өндірісі. Темір коррозиясы, оны қорғау жолдары
Сабақтың түрі |
Жаңа тақырыпты меңгеру |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Темірдің периодтық жүйедегі орнын, табиғатта таралуын, алынуын, физикалық, химиялық қасиетін түсіну, адам үшін маңыздылығын, қолданылуын білу. |
Сабақтың мақсаттары |
– Темірдің периодтық жүйедегі орнын сипаттай білу; – Темірдің физикалық қасиетін, адам үшін маңыздылығын түсіну; – Химиялық қасиетін талдау; – Темірді бөліп алу барысында болатын химиялық үдерістерді, конвертерлік өндіруді үйрену; – Темір мен болатты коррозиядан қорғау тәсілдерін меңгеру; – Темірдің қолдана алуын білу. |
Бағалау критерийлері |
Мадақтау, тест, жеке жұмыс арқылы бағаланады. |
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: – Темірдің периодтық жүйедегі орнын, табиғатта кездесуін, физикалық қасиетін түсіндіре алады. – Өнеркәсіпте алынуын, қолданылуын сипаттай алады. Пәнге қатысты лексика және терминология: Тотығу мен тотықсыздану процестері, коррозия, электролиз, маңызды темір минералдары; кен, металдардың белсенділік қатары, қауіпсіздіктің қажетті талаптары. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: 1. Жай заттарға әсері +бейметалдарға; 2. Күрделі заттарға әсері+суға +қышқылдарға +тұздарға |
Құндылықтарды дарыту
|
Үштілділік: слайд. Денсаулық: сабақ барысы. Құрмет: қарым-қатынас дағдылары. Жауапкершілік: қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындау; Жаһандық азаматтылық: ресурстар, тапсырмалар, талқылау. |
Пәнаралық байланыстар |
География: Табиғатта кездесуі және темір кенінің таралуы. Биология: Қандағы гемоглобиннің құрамына кіреді. |
АКТ-ны қолдану дағдылары |
POWER POINT таныстырылымы. SPARK құрылғысымен жұмыс. |
Бастапқы білім |
8-сынып, Химия. – Периодтық жүйедегі орнына қарай элементті және оның қосылыстарын сипаттау; – Заттардың тотығу-тотықсыздану реакциялары. |
Дифференциация |
Барлық оқушылар: – периодтық жүйедегі орнын, табиғатта таралуын, физикалық қасиетін сипаттай алады. Көпшілік оқушылар: – темірдің маңызын, қолданылуын түсіндіре алады, химиялық қасиетін жаза алады. Кейбір оқушылар: – сандық есептерді шығара алады. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||
Сабақтың басы 0-6 минут |
Оқушылармен амандасу. Сыныпта ынтымақтастықтық атмосферасын және қалыпты оқу ортасын қалыптастыру. «Сағат тілімен» ойыны. Топқа бөлу. Темір туралы мақал-мәтелдер арқылы. 1-топ: Темір сырын отта танытады. 2-топ: Темір кессең қысқа кес. 3-топ: Болат бүгілмес, морт сынар.
Үй жұмысын тексеру: а) әр оқушы өткен сабақта естерінде не қалды айтады; ә) тест. Дайын жауаптар бойынша өзара алмастырып, тексереді, өзара бағалайды. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту. А) Проблемалық сұрақ қою. Әр столда алма аршылған және ол қарайған. (Алма алдын-ала аршылып, дайындалып қояды). Сұрақ: Алма неге қарайған? Мақал-мәтелдің мағынасын ашады. Оқушылар сабақтың тақырыбын табады және оқушылармен біріге отырып сабақ мақсаты айқындалады. Ә) Видео көрсетіледі: Видеодан не көргендерін талқылайды. |
А4, Презентациялар
Әр оқушыға бағалау парағы таратылады Өзін-өзі бағалау
https://twig-bilim.kz/ru /film/the-elements-iron |
||||||||||||
Сабақтың ортасы 8 минут
15 минут
8 минут
|
1-тапсырма. Жеке жұмыс. 1. ХЭПЖО – 4-периодтың VIII топтың қосымша топшасында орналасқан. 2. Химиялық таңбасы – Fe. 3. Аr – 567. 4. Валенттілігі – II, III. 5. Атом құрылысы – +26Fe (26p-, 30n-,) 26е-. 4 электрондық қабат, 2) 8) 14) 2), электрондық конфигурациясы. Басқа оқушылар жауапты толықтырады. 2-тапсырма. Жұптық жұмыс. Темірдің химиялық қасиеті мына жоспар бойынша мұғаліммен бірге талқыланады. 1) Жай заттарға әсері +бейметалдарға
2) Күрделі заттарға әсері+суға +қышқылдарға +тұздарға Тақтаға оқушылар реакция теңдеулерін жазып, электролиттік диссоциациялану, тотығу-тотықсыздану процестері теориясы тұрғысынан түсіндіріледі. 3-тапсырма: Топтық жұмыс. Сабақ барысында bilimland.kz сайтын қолдана отырып, бейнебаяндарды көріп және оқулықтағы мәліметтерді қолдана отырып талдау жүргізіп, жұмыстарын қорғайды. «Галеряны шарлау» әдісі бойынша топтар жұмыстарын қорғайды: 1-топ: Темірдің табиғатта таралуы, физикалық қасиеті, адам үшін маңызы. 2-топ: Темірдің өнеркәсіпте алынуы, 3-топ: Темір коррозиясы және қорғау жолдары. Топтық тапсырмаға қойылатын бағалау критерийлері: 1) Тапсырманың мазмұнының сай болуы. 2) Безендірілуі. 3) Жеткізе білуі. 4-тапсырма. Сабақты бекіту: Жеке жұмыс. Білімланд ⇒ курстар ⇒ химия ⇒ периодтық кесте ⇒ темір. Әр тақырыптан кейін жаттығу тапсырмалары бар сол тапсырманы әр оқушы компьютерде орындайды. Оқушылар бағалау парақшалары бойынша бағаланады.
Үй жұмысы: Темір туралы эссе жазу. |
Презентация
Презентация
https://bilimland.kz/kk/ content/structure/ 1019-periodtyq_keste топтар бірін-бірі критерий бойынша бағалайды.
bilimland.kz сайты. |
||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут
|
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты жүзеге асырылды ма? Рефлексия Жүргізілген сабаққа оқушылар өз бағасын береді, әр оқушы сәйкес смайликті таңдап, тақтаға жабыстырады.
|
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Сабақ мақсаты оқу мақсатына сай құрылған. Сабақтың басында тренинг «Сағат тілімен» ойыны жүргізілді. Оқушыларды тақырыпқа шығу үшін мақал-мәтел арқылы топқа бөлдім. Проблемалық сұрақ қойылып сабақтың тақырыбын тапқаннан кейін видео көрсетілді. http://twig-bilim.kz/. Темірді сипаттауда жеке жұмыс жүргізіліп, дұрыс жазған, жазбағаны слайд арқылы тексерілді. Жұптық жұмыста химиялық қасиет мұғаліммен бірге талқыланды. Топтық жұмыста әр топқа тапсырмалар беріліп оқушылар https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/bei-organikalyq-ximiya/periodtyq-keste бейнебаяндарды көре және оқулықтағы мәліметтерді қолдана отырып талдау жүргізеді. «Галереяны шарлау» әдісі бойынша жұмыстарын қорғайды. Топтар бір-бірін критерий бойынша бағалайды. Бағалау үй жұмысын тексеру барысындағы http://itest.kz/ тест және сабақты бекіту кезеңіндегі https://bilimland.kz тапсырмалар бойынша бағаланады. Тесте 10 сұрақ және bilimland бойынша 8 тапсырма берілген. Кедергілер: Мектебіміз Астана қаласының мектептерінің бірі болғанменен Астана қаласының сырт жағында орналасқан. Әр оқшыға bilimlandқа тіркелу оны сатып алу қиынға соқты. Сол себепті қалай өткізуге болады деп ойлана келе мектептегі әр мұғалімнің логин, паролін алып сабақты жүргіздім. Сабақты өтпестен бұрын әр оқушыға bilimland сайтын алдын-ала ашып, дайындап қоюға тура келді. Ал өз басым bilimland сайтын үнемі үйден тапсырмаларын шығарып алып келемін, бейнебаяндарды көшіріп алып үнемі сабақтарымда қолданамын. |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: |