Күкірт және күкірт диоксиді

Алжанова Ғалия Жанзаққызы
Шымкент қаласы, ХББ НЗМ
4361
Химия
Тақырыбы:
Күкірт және күкірт диоксиді

 

Оқыту мақсаты

- Табиғаттағы күкірттің таралуын білу;
- Күкірт құрылымы мен аллотропиясын түсіну;
- Атмосферадағы күкірт диоксидінің көздерін білу;
- Күкірт диоксидінің қышқылды жауынның түзілуі мен әсеріне ықпалын түсіну;
- Тағам өнімдерін консервілеуді түсіну және бұл мақсатта күкірт диоксидінің пайдаланылуымен танысу.

Тілдік міндеттер

- Күкірттің аллотропиялық түрөзгерістеріне сипаттама бере алады;
- Күкірт диоксидінің қоршаған ортаға әсерін бағалап, түсіндіре алады.
Пәндік лексика және терминология:
Ромбты – rhombic, моноклинді – monoclinic, пластикалық – plastic, аллотропиялық түрөзгеріс – allotropic modification, консерванттар – preservatives, қышқылдық жаңбыр – acid rain, тамақ өнеркәсібі – food Industry.
Диалог жүргізу / жазу үшін сөздердің пайдалы жинағы:
Плюстер......
Жанама әсерлер .......
Күкірттің аллотропиялық түрөзгерістері ......
Олардың ерекшелігі........
… … әсерін азайту үшін не істеу керек
… әсерін азайту үшін біз … керек.

Білім алу құндылықтары

- Құрмет;
- Ынтымақтастық;
- Ашықтық;
- Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;
- Өмір бойы білім алу.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар

Күкірт, спиртшам, консерві түрі, химиялық ыдыстар, су, марганцовка ерітіндісі, индикаторлар.

Алдыңғы білім

11.1C Байланыс
11.1D Периодтылық
11.2B Энергетика
11.2D Тепе-теңдік
11.4D Термодинамика

 

Сабақ барысы

 
Сабақ кезеңдері Сабақта жоспарланған оқыту іс-әрекеттері Оқыту ресурстары
1-3 минут



4-7 минут



8-12 минут










13-15 минут

16-20 минут










21-26 минут







27-44 минут














45-62 минут
















63-75 минут






76-80 минут

Элемент пен қасиетін сәйкестендіру арқылы оқушыларды жұптарға бөлу.
Күкірт – сары,
Сутек – ең жеңіл ,
Сынап – сұйық металл,
Неон – инертті,
Оттек – жануды қолдайды,
Фтор – ең күшті тотықтырғыш.

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Сабақ барысында bilimland.kz сайтыны пайдаланылатыны айтылып, ноутбуктарда сайтты ашып, келесі операцияларды жасау ұсынылады:

bilimland.kz→химия→бейорганикалық химия→күкірт және күкірт диоксиді. https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/bei-organikalyq-ximiya/periodtyq-keste/lesson/kukirt-qyshqyly-zhane-oleum

Оқушыларға жұптық тапсырма беріледі. Оқушылар күкірттің таралуын зерттеп, олардың табиғатта таза түрде кездесу мүмкіндігін атап өту керек. Күкірттің табиғатта кездесетін қосылыстарын жазады. Сондай-ақ, күкірттің атом құрылысы мен электрондық конфигурациясын жазу керек. Ол үшін оқушылар интернет желісін пайдаланып, bilimland.kz сайтында және алдыңғы білімдерін пайдалануларына болады. Оқушылар минимаркерлік тақтаға ақпараттарды жазады.
Күкірт және күкірт диоксиді - 1
Оқушылар өз жауаптарын интерактивті тақтадағы ақпаратпен салыстырып, дәптерлеріне жазады.
Оқушылар ромбты, моноклинді және пластикалық күкіртті қарастыра алады және температура әсерінен бір модификацияның басқасына өту мүмкіндігін түсіну үшін түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. bilimland.kz сайтындағы суреттер қолданылады (Демонстрация). Демонстарциядан соң оқушылар күкірттің бір-біріне айналу сызбанұсқасын минимаркерлі тақтаға жазады.
Күкірт және күкірт диоксиді - 2
bilimland.kz сайтында “Күкірттің физикалық және химиялық қасиеттері” деген тақырыптағы бейнебаян оқушыларға нұсқаулық ретінде көрсетіледі.
Күкірт және күкірт диоксиді - 3
Оқушылар бейнебаянда көрсетілген күкіртті оттегінде жағу процесін нұсқаулықта көрсетілгендей етіп орындайды. Алынған реакция өнімінің суда ерігіштігін көрсетіп, алынған газ ерітіндісінің қышқылдық қасиетін дәлелдейді.


Күкірттің қос оксидінің атмосфераға бөлінуі және қоршаған ортаны ластауы туралы бейнебаян көрсету. https://bilimland.kz/kk сайтында күкірт диоксиді тақырыбындағы бейнебаянды көру.
Күкірт және күкірт диоксиді - 4
Оқушылар жұпта интерактивті зерттеулер жүргізеді.
Күкірт және күкірт диоксиді - 5
Оқушылар 2 топқа бөлініп, топтық жұмыс жүргізеді.
1-топ. Топқа ой қозғау ретінде тағы бір бейнебаян беріледі. http://www.youtube.com/watch?v=MqHw1hMEkAQ Оқушылар қышқылды жауынның орман мен ғимараттарға әсері мен себептері туралы презентация жасайды.


2-топ. Оқушыларға тағамдағы консерванттар және тағамды сақтау үшін күкірттің қос оксидін пайдалану туралы https://bilimland.kz/kk сайтынан бейнебаян көреді және БАҚ хабарламаларын ұсыну қажет. Олар консерванттарды қолданудың оң және теріс әсерін талқылап, әлемнің консервантсыз өмір сүруін қарастыруы керек.
Күкірт және күкірт диоксиді - 5
Күкірт және күкірт диоксиді - 6
Жұмыстарды орындап болған соң аталған мәліметтерді эксперимент ретінде алдын ала суда жібітілген кепкен жемістердің ерітіндісінде күкіртті қышқылдың түзілуін дәлелдеп, демонстративті көрсетуге болады. Ол үшін дүкеннен Е220 консерванты бар кепкен жемісті сатып алу керек.
Күкірт және күкірт диоксиді - 7
Оқушылар жасалған жұмыстан қорытынды шығарулары керек.


Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы.

Химия, 12-сынып 1-тоқсан, 12.1В Азот және күкірт Оқушының аты-жөні:
Оқу жоспарына сілтеме Оқу мақсаты Бағалауға нұсқаулық
Азот және күкірт (12.1B) күкірт құрылымы мен аллотропиясын түсіну Берілген оқу мақсаты практикалық жұмысты аяқтаған соң жүргізіледі. Оқушылар күкірттің құрылымының температураға сай күйінің өзгеруінің диаграммасын жасауы керек. Әр күй өзгерісінің атауын беріп, құрылымдық формуласы мен құрылымдық схемасын салу керек. Оқушылар жеке жұмыс жүргізулері қажет.
Дағдылар Жетістік критерийі
Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер
Білу және түсіну Әр кезеңдегі заттың атауын беріп, диаграмманы дұрыс салған. Оқушы тапсырманы 80% дұрыс орындаған.
 

Тапсырма. 
Күкірттің құрылымының температураға сай күйінің өзгеруінің диаграммасын жасаңыз. Әр күй өзгерісінің атауын беріп, құрылымдық формуласы мен құрылымдық схемасын салып, түсініктеме беріңіз.
Сабақ қорытындыланып, оқушыларға үй тапсырмасы беріледі.

Үй жұмысы:
1) Адам ағзасындағы күкірттің кездесуін зерттеу https://bilimland.kz/kk сайтында күкірттің адам ағзасындағы күкірт тақырыбындағы бейнебаянды көру.
2) Күкірт және күкірт диоксидінің пайдаланылуы https://bilimland.kz/kk сайтында күкірттің қолданылуы тақырыбындағы бейнебаянды көру.
3) Оқушылар үйдегі азық-түліктің таңбалануын қарап, құрамында консервант түрінде күкірттің қос оксиді кезедесетінін атауы қажет.

 

Bilimland
https://bilimland.kz/kk

Презентация, ноутбуктар, карточкалар, флипчарт, маркерлер.

 

Қосымша ақпарат

 

Бөліп оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін Сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушылар алдында қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша тексеруді көздейсіз? Пәнаралық байланыс,
Денсаулық пен қауіпсіздік ережелері,
АКТ,
Құндылықтармен байланыс (тәрбие).
Барлық оқушылар:
Күкірттің құрылымы мен алоотропиялық түрөзгерістерін біледі.

Көптеген оқушылар:
Күкірттің аллотропиялық түрөзгерістерін қолдануға өзінің ұсынысын айта алады.

Кейбір оқушылар:
Қышқылдық жаңбырларға төтеп беруші технология ұсына алады.
Сабақта бағалаудың формативті түрі қолданылады. Топтық немесе жеке жұмыстар барысында жылдам және дұрыс орындаған оқушыларға смайлик, жұлдызшалар ұсынылады. Сабақ соңында берілетін карточкалар критериалды бағалау бойынша оқушылардың білімін анықтауға негіз болады. Тапсырмалар берілген бос кестеген факторлардың әсерін жазу, талқылауға мүмкіндік беру арқылы оқушылардың түсініктерін кеңейтуге көмегін тигізеді. Ал кестені қайта құрастыру есте сақтауына әсер етеді.
Сабақта топтық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ауқымды пікірталас жүргізу арқылы талқылау арқылы Білім беру құндылықтарын жүзеге асырып, өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.
Оқушылар бақылауының негізінде жатқан қағидаттарды түсіндіруде сыни тұрғыдан ойлау қасиетінің көптеген мүмкіндіктері бар.
• Күкірттің диоксиді бұл эксперименттің жүргізілуі/көрсетілуі кезінде бөлінуі мүмкін. Күкірт қос оксидінің ерітіндісі улы және тыныс жолдары ауруының асқынуына әкелуі мүмкін. Ұсынылған эксперименттер барлық қабылданған шаралар сақталған жағдайда 12-сынып оқушылары үшін қауіпсіз. Барлық техника қауіпсіздік ережелері сақталады.
• Күкірттің қос оксидіне қатысты ескертпені жоғарыда қараңыз.
Ерітілген көмірқышқыл газының еруі нәтижесінде пайда болатын табиғи қышқылдылықты күкірттің қос оксидінен түзілген зиянды қышқылдылықтан айыруда мұқият болу керек.
Оқушылар үйдегі азық-түліктің таңбалануын қарап құрамында консервант түрінде күкірттің қос оксиді кезедесетінін атауы қажет
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары қол жетімді болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным жоспарлағандай жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгізуім қажет және неліктен?
Берілген бөлімді өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Бұл сабақтағы оқыту мақсаттары қолжетімді болды. Оқушылар жасалған эксперименттерді видеолардан емес, жасалынып жатқандығын өз көзімен көргендіктен мақсаттар қол жетімді болды деп ойлаймын. https://bilimland.kzсайты сабақты өткізуде тиімді пайдаланып, оқушылар бұл сабақта анализ жасауды үйренген сияқты. Жасалған экспериментті көре отырып, ондағы Е220 консервантымен танысып, оның зиянды әсерін білді. Оқыту ортасы қолайлы болды. Барлық жоспарлаған іс-әрекеттерім жүзеге асырылды, уақыт та жоспарланған уақытқа сай болды. Білім беру құндылықтары сабақ барысында орын алды деген ойдамын. Жоспарға өзгеріс енгізудің қажеттілігі болмайтын сияқты.
Қате туралы хабарландыру