Дүние жүзі тарихы

Ибраев Бахыт
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия мектебі
5965
ҰБТ тесттері
Тақырыбы:
Дүние жүзі тарихы

1. Қосөзенде қалалар пайда болды:

A) Б.з.б. I мыңжылдық

B) Б.з.б. ІІ мыңжылдық

C) Б.з.б.ІІІ мыңжылдық

D) Б.з.б. ІV мыңжылдық

E) Б.з. І мыңжылдық

 

2. Ежелгі Грекия орналасқан түбек:

A) Кіші Азия

B) Балқан

C) Аппенин

D) Пиреней

E) Пелопоннес

 

3. ІХ ғасырда Киев Русі аталмыш славян мемлекетімен тығыз байланыс орнатуы нәтижесінде славян әліпбиі – кириллицаны қолдана бастады:

A) Чехия мемлекеті

B) Словакия мемлекеті

C) Болгария мемлекеті

D) Серб патшалығы

E) Поляк мемлекеті

 

4. Византия мемлекетінің астанасы Константинопольды басып алған түрік сұлтаны:

A) І Сүлеймен

B) ІІ Мехмед

C) І Мұрад

D) Иылдырым Баязит

E) Селим

 

5. Ерте орта ғасырдағы Еуропадағы «Азаматтық құқықтар жинағы» атты заңдық құжат:

А) Батыс Римде қолданылған заң

В) Византиялық заң

С) Славяндар заңы

D) Франктер заңы

Е) Вандал тайпаларының заңы

 

6. Англия мен Франция Пекинде өз елшіліктерін ұстауға және азаматтарының Қытайда емін-еркін жүріп-тұруына мүмкіндік берген келісім:

A) Тяньцзинь

B) Пекин

C) Нерчинск

D) Айгунь

E) Нанкин

 

7. Әлемге микробиология атты жаңа ғылымды сыйлаған

A) В. Рентген

B) Нобель

C) М. Фарадей

D) А. Беккерель

E) Л. Пастер

 

8. Ағылшын ғалымы Джон Дальтон:

А) «найзағай әміршісі».

В) білімдердің бірлік идеясын әзірледі.

С) «микробөлшектердің құпия әлеміне» жол ашты.

Д) «заманауи химияның атасы».

Е) физикаға инерция терминін енгізді.

 

9. 1711 жылы І Петрдің жарлығымен Боярлық думаның орнына құрылған, қолына атқарушы, заң шығарушы, сот билігін шоғырландырған басқару аппараты.

A) Дума

B) Мемлекеттік департамент

C) Сенат

D) Коллегия

E) Конгресс

 

10. Франциядағы Төртінші Республика кезеңі

А) 1946-1958 жылдар

В) 1947-1959 жылдар

С) 1949-1959 жылдар

D) 1950-1956 жылдар

Е) 1952-1960 жылдар

 

11. Араб әлеміндегі ең алғашқы республикалар:

А) Алжир, Египет 

В) Сирия, Ливан 

С) Палестина, Иордания

D) Сингапур, Гонконг

Е) Ливия, Египет

 

12. Президент сайлауында жаңа дәуір бағытымен жеңіске жеткен АҚШ президенті:

А) Р. Никсон

В) Ф. Рузвельт

С) Г. Трумэн

D) Д. Буш

Е) Д. Кеннеди   

 

13. Араб халифатының ірі қаласы Бағдатта:

А) аса ірі кітапхана жұмыс істеді

В) қару-жарақ жасалды

С) жібек маталар, шыны ыдыстар өндірілді

D) әл-Ақса мешіті орналасқан

Е) ірі университеттер бой көтерді

 

14. Вавилонда қамалдардың қақпасы жасалды:

А) тастан   

В) саздан  

С) темірден 

D) мыстан

Е) күйген кірпіштен

 

15. Еуропалықтар келгенге дейінгі Америка:

А) кафирлер жері

В) «Тоты құстар жері»

С) «Қайырлы Үміт»

D) «жақсы адамдар жері»

Е) «бөтен бір дүние бөлігі»

 

16. 1889 ж Стамбулда құрылған «Бірлік және прогресс» қоғамының мақсаты:

А) диктаторлық режим орнату

В) конституциялық мемлекет құру

С) білім жүйесіне өзгерістер енгізу

D) империяны тарату

Е) президенттік республика орнату

 

17. Германдық «экономикалық ғажайып»:

А) 1950-1960 жж.

В) 1958-1969 жж.

С) 1951-1964 жж.

D) 1948-1969 жж.

Е) 1949-1963 жж.

 

18. 70 жылдардың басында «Сабақтастық және сұхбат» бағытын жүргізген:

А) Англия

В) АҚШ

С) Франция

D) КСРО

Е) ГДР

 

19. ХХ ғасырдың 80-90 жылдары ірі саяси өзгерістер нәтижесінде Польшада билікке келген кәсіподақ қайраткері:

А) Лех Валенса

В) Петр Стоянов

С) Вацлав Гавел

D) Желе Желев

Е) Ион Илиеску

 

20. «Өзара қырқысып, неге біз орыс жерін құртамыз, соны көріп қыпшақтар қуанады және олар біздің жерімізді бөлшектеп құртқысы келеді. Осы күннен бастап ынтымақты болайық, орыс жерін сақтап қалайық» – деп шешім қабылдаған сьезд өткен қала:

А) Киев

В) Владимир

С) Любеч

D) Суздаль

Е) Новгород

 

Нұсқау: «Сізге берілген бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».

 

21. Көрші елдерге тонаушылық және басқыншылық жорықтар жүргізген Египет перғауындары

А) ІV Аменхотеп

В) Нарамсин

С) Менес

D) ІІ Рамзес

Е) Хеопс

F) Хаммурапи

G) Тутанхамон

H) ІІІ Тутмос

 

22. Грекия театрларныда жиі қойылған Аритофанның комедиялары:

А) «Бұғауланған Прометей»

В) «Бұлт»

С) «Антигона»

D) «Құстар»

Е) «Илиада»

F) «Саясат»

G) «Сона»

H) «Одиссея»

 

23. Орта ғасырда арабтардың жаулауына дейін Үндістан жерінде өмір сүрген мемлекеттер:

А) Гупта

В) Магадха

С) Чжоу

D) Ұлы Моғол

Е) Ману

F) Свараджа

G) Дели сұлтандығы

H) Харши

 

24. Араб халифаты мемлекетіне бағындырылды:

А) Византия

В) Солтүстік Африка

С) Түрік қағанаты

D) Испания

Е) Қытай

F) Орта Азия

G) Солтүстік Кавказ

H) Шығыс Африка

 

25. Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың ортасында хетт патшалары шет елдерге сатты:

А) кеме

В) піл сүйегі

С) темір

D) асыл тастар

Е) жібек

F) жылқы

G) лазурит

H) қарулар

 

26. 1917 жылдың басында Иран аумағын бөлісіп, басып алған елдер.

А) Ұлыбритания

В) Франция

С) Италия

D) Ресей

Е) АҚШ

F) Жапония

G) Германия

H) Австрия

27. Кемал үкіметінің реформалары

А) шариғаттық сот енгізілді

В) этатизм саясатын жүргізді

С) көп әйел алу заңдастырылды

D) «жаса, өндір, өзгеге сат» ұранын бастады

Е) ашар салығы жойылды

F) демократиялық тәртіпті бекітті

G) «Түркия моделін» енгізді

H) діни мектептер үлесі кеміді

 

28. Шіркеулік музыканың жан-жақты дамуына жол ашып, оны биікке көтерген композиторлар:

А) М.М. Глинка

В) Л. Бетховен

С) У. Хогарт

D) И.С. Бах

Е) Ф. Шуберт

F) В.А. Моцарт

G) Ф. Шопен

H) Г.Ф. Гендель

 

29. Солтүстік соғыста орыс әскерлерінің шведтерді жеңіліске ұшыратқан ірі шайқастары:

А) Ништад шайқасы

В) Гангуттегі жеңіс

С) Полтава шайқасы

D) Ладога түбіндегі жеңіс

Е) Карелиядағы жеңіс

F) Дерпт шайқасы

G) Гренгам аралындағы шайқас

H) Кенигсберг шайқасы

 

30. Екінші дүниежүзілік соғысты бастаған империалистік елдер тобы.

А) Германия

В) Англия

С) Франция

D) Италия

Е) АҚШ

F) Жапония

G) Испания

H) Финляндия

 

ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ

Жауап парағы

1. D 2. B 3.C 4. B 5. В 6. A 7. E 8. D 9. C 10. А

11. В 12. Е 13. А 14. D 15. В 16. В 17. Е 18. С  19. А 20. С

21.D H  22. В D G 23. А H 24. В D F  25. С

26. А D G  27. В Е F  28. D H  29. В С G  30.А D F

 

Қате туралы хабарландыру