Дамыған орта ғасыр. Қарахан мемлекеті

Симбетова Индира
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Маяқұм ауылы, №2 мектеп-гимназия
9056
Қазақстан тарихы
Тақырыбы:
Дамыған орта ғасыр. Қарахан мемлекеті

 

Мақсаты

 

Қарахан мемлекетінің құрылуы, әкімшілік құрлысы, археологиялық ескерткіштері туралы мәлімет беру. Сыни тұрғыда ойлауын, салыстыру, синтездеуге анализдеу қабілеттерін жетілдіру, логикалық ойлауын дамыту.

Күтілетін нәтиже

Қарахан мемлекетінің құрылуы, әкімшілік құрылысы, археологиялық ескерткіштері туралы мәлімет алады. Түрлі логикалық, проблемалық тапсырмалар арқылы оқушының сыни тұрғыда ойлауы, салыстыруы, синтездеу, анализдеу қабілеттері дамиды. Логикалық ойлауы жетіледі. Интернет желілері арқылы жұмыс жасау арқасында, алған мәліметтерді ақпараттық құралдар арқылы өңдеу тапсырмалары нәтижесінде оқушы ақпараттық құралдарды еркін меңгеруге дағдыланады. Заман талабына сай бір уақытта бірнеше жұмыстар атқара алатын жан-жақты тұлға қалыптасады.

Түйінді идеялар

«Сыни тұрғыда ойлау» ойлау туралы ойлану деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып саналатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. (Нұсқаулық 49 бет).

Сабақтың кезеңдері:

Сабақ барысы

Бағалау

Ресурстар

Кіріспе

 

1. Сәлемдесу. Сыныпты түгендеу.

2. Тренинг «Амандасу» (іс қимылдар арқылы амандасу).

3. «Тарихшы», «Саясаттанушы», «Археолог» деген топтарға оқушыларды топтастыру.

4. Джиксо әдісін қолдану.

Шапалақ арқылы.

Ашық алаң.

Тұсаукесер

1. «4 сурет, 1 сөз».

Логикалық тапсырма

(Суреттер топтамасынан логикалық қорытындысы: «Дамыған орта ғасыр» деген сөз шығады. Жаңа тараудың тақырыбы).

Слайд арқылы көрсетіледі.

 

Дамыған орта ғасыр. Қарахан мемлекеті - 1

2. «Құпия хат»

(Оқушының зейінін дамытуға арналған тапсырма)

Әріптердің алфавиттегі номерленген орны тәртібі беріледі, сол сандарды пайдаланып әріптерден сөз құрау. Қызыл түсті сандар дауысты әрптер, көк түсті сандар дауыссыз әріптер. Жауабы: «Қарахан мемлекеті». Слайд арқылы көрсетіледі.

Дамыған орта ғасыр. Қарахан мемлекеті - 2

3. Осы екі логикалық тапсырма арқылы тақырып хабарланады.

4. Тақырып хабарланғаннан кейін кіріспе сұрақ беріледі «Неге орта ғасырлар тарихы ерте және дамыған деп бөлінеді?» сыни тұрғыда ойлануға арналған сұрақ.

Доллар арқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интерактивті тақта.

Доллар.

 

Негізгі бөлім

1. Сұраққа жауап берілгеннен кейін ДЖИКСО әдісі арқылы оқушыларға жаңа тақырыптың «қоғамдық құрылысы», «саяси тарихы», «мәдениеті» атты тақырыпшалары бөлініп беріледі.

 

2. Үш топқа үш түрлі тапсырма беріледі. Олар тарихшыларға кесте жасау, саясаттанушыларға рольдік ойын, археологтарға суреттер топтамасынан планшет арқылы презентация (фотоколлаж) жасау тапсырылады. Планшеттегі «Polaris office» андроид программасы сол мезетте оқушылар презентация жасап,бұл жасалған прехентация интерактивті тақта арқылы барлық оқушыларға көрсетіледі. Бұл тапсырманы орындауда оқушылар АКТ арқылы жұмыс жасап дағдыланады. Бұл тапсырмалар мәліметті анализдеу, синтездеу, салыстыруға арналған. Мәліметтерді планшетпен интернет желісіне кіріп,

iTest

http://itest.kz/lekciya_2_tarau_damyhan_orta_hasyrlardahy_memleketter_qarakhan_memleketi осы сілтеме арқылы алады.

Дамыған орта ғасыр. Қарахан мемлекеті - 3

3. Әр топ өз тапсырмаларын қорғайды.

4. https://bilimland.kz/kk/courses/dunie-zhuzi-tarixy/xi-xv-hasyrdahy-orta-aziya/lesson/qalalar-madeniet-zhane-orkeniet-ortalyqtary осы сілтеме арқылы мұғалім қосымша мәліметтерді видеожинақтан қарауды ұсынады. Ол видеожинақта Самани әулетіне кейін Қарахан мемлекетінің батыс хандығына кірген Мауеренахр жеріндегі Бұхар, Самарқан қалалар мен ондағы күнделікті өмір, сәулет құрылыстары туралы айтылған.

Сабақты қорытындылау.

Доллар арқылы бағалау.

Дамыған орта ғасыр. Қарахан мемлекеті - 3

 

Мәтіндер.

 

Долларлар, постер, түрлі түсті бояулар, жапсырма қағаздар, желім, қайшы.

 

Қорытынды

Интерактивті тақта арқылы ой қорытындылау тапсырмалары.

 

1. Сурет тапсырма.

Дамыған орта ғасыр. Қарахан мемлекеті - 5

Дамыған орта ғасыр. Қарахан мемлекеті - 6

2. ISPRING SUITE 8 программасы (power point) арқылы тест алынады. Бұл бағдарлама оқушылардың жауап берген тест жауаптарын лезде тексеруге арналған, яғни тестке онлайн түрде жауап беріп, қорытынды мониторинг ретінде көрсетіп тұрады.

 

3. 

Дамыған орта ғасыр. Қарахан мемлекеті - 7

Дамыған орта ғасыр. Қарахан мемлекеті - 4

 Интерактивті тақта.

Бағалау парақшалары.

Қосымша оқу

Үйге тапсырма

Неліктен Қарахан мемлекеті дамыған орта ғасырлар тарауында оқытылады? Өз интерпретациясын жазып келу.

Қарахан мемлекетін оқу.

Рефлексия

Интервью «5 қадам»

Дамыған орта ғасыр. Қарахан мемлекеті - 8

 

Қате туралы хабарландыру