Қазақстан әлем картасында

Сарқұлова Айгүлжан Калихановна
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, Ембі қалалық №1 орта мектеп
6924
Қазақ тілі
Тақырыбы:
Қазақстан әлем картасында

 

Мақсаты

Тақырыпты оқушының өзіне талдату арқылы өздігінен қорытынды шығаруға, алған білімдерін қолдана білуге, сауатты жазуға, ойлауға, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге ықпал ету.

Күтілетін нәтиже

Ой бөлісу, талдау жұмыс әрекеттерінде бір-бірін тыңдау, қолдау арқылы білім мазмұнын жан-жақты игеруге қол жеткізеді.

Негізгі идея

Өз ойын еркін айтуға, оқушының жылдам қабылдауына жол ашу, өз пікірін айтуға төселу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Ой бөлісу, талдау, салыстыру.

Қолданылатын құралдар, материалдар

Интерактивті тақта, оқулық, кеспе қағаздары.

     Bilimland             iMektep 

Сабақтың кезеңдері

Сабақ барысы

1. Кіріспе

Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі сабағымыз ерекше болайын деп тұр, өйткені сабағымызға қонақтар қатысып отыр.

Балалар мына сұраққа жауап бере қойсаңыздар?

Қазақ елі үшін биыл қандай жыл?

(Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл)

Қазақстан әлем картасында - 1

Алдағы 2017 жылы несімен ерекше деп ойлайсыздар?

ЭКСПО-2017 көрмесі Астана қаласында өтеді.

Қазақстан әлем картасында - 2     

Иә, әрине дұрыс айтасыздар. Бүгін сабағымызды да осы ЭКСПО-2017 көрмесімен байланысты деп алып отырмыз. Ал ендеше, «ЭКСПО -2017 жолын» ұйымдастырайық.

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

(оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару, психологиялық дайындық)

«Танысу» тренингі. Ендеше, сіздер кез келген ортада өздеріңізді қалай таныстырар едіңіз? Әркім өз фантазиясына қарай таныстырады.

(Оқушылар келген қонақтарға өздерін үш тілде таныстырды).

 

Топқа бөліну

 

Оқушылар қима қағаздарды таңдау арқылы екі топқа бөлінеді.

 

І топ.

Қазақстан ЭКСПО-2017

Қазақстан әлем картасында - 3

ІІ топ.

Әлем

Қазақстан әлем картасында - 4

(Бағалау парақшаларын тарату)

 

Балалар, ЭКСПО атауы – өзінің аты айтып тұр­ғандай, «экспонат» деген сөзден шыққан. Қазақ­ша­ла­сақ, жәдігер болады, яғни ол – жер жүзін мекендеген барша халықтардың өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін, жәдігерлерін көр­сететін алаң. Онда ЭКСПО-ның ке­зекті таңдаған та­қырыбына орай адамдардың бұ­рынғы және соңғы жеткен жетістіктері көпшілік назарына ұсынылады.

 

І. «ЭКСПО -2017» көрмесіне дайындық.

 

Үй тапсырмасын тексеру.

 

«Мұнайлы Батыс өлке» тақырыбы.

Ал, балалар, «ЭКСПО жолымен» сапар шегейік.

Әрбір қазақ азаматы көрмеге өз үлесін қосу керек. Олай болса, біз өз біліміміз арқылы үлес қосайық.

Кәне, кім өз үлесін қалай қосар екен?

Ол үшін «ЭКСПО-2017» көрмесіне алдарыңыздағы ата-бабамыздан мұра боп қалған киіз үйлерді, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін суреттейтін кәде сыйлықтарды ұсыну үшін төмендегі сұрақтарға жауап берейік.

Қазақстан әлем картасында - 5

«Блум түймедағы» әдісі

Қазақстан әлем картасында - 5

1. Жай сұрақ: Жайық пен Жем аралығындағы өлкеде ерте заманнан бері қандай кен орны бар екені белгілі болған? (мұнай)

2. Анықтау сұрақ: Алғаш рет қай жылы, қай жерде мұнай бұрқағы атылды? (1889 ж, Атырау облысы)

3. Интерпретациялық сұрақ: Көшпелі қазақтар мұнай өнімінің емге пайдалы екендігін қалай аңғарды? (түйенің қотырымен ауырғанда)

4. Бағалау сұрақ: Шартта 30 млрд доллар қаржы жұмсалып, 97 млрд доллар пайда табатындығы айтылған. Осы жұмсалған қаржының пайдасы тиімді болды ма? Сіз қалай ойлайсыз?

5. Тәжірибелік сұрақ: ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы ретінде шетелдік қонақтарға өлкеміздегі мұнайдан өндірілетін өнімдер туралы түсінік беру керек. Сіз қалай орындар едіңіз?

6. Шығармашылық сұрақ: Егер сіз мұнай компаниясының басшысы болсаңыз, мұнайдан түскен қаржыны қайда жұмсар едіңіз?

ЭКСПО-ға дайындықтарың ұнады. Алдарыңыздағы кәде сыйларыңызды мына көрмеге ұсынуға болады.

2. Тұсаукесер

ІІ. Тың ұсыныс, жаңа жобалар

(Жаңа сабақ)

Балалар, «ЭКСПО-2017» көрмесі өнертапқыштар әлемге Қазақстанды таныту үшін түрлі ұсыныстар, жобалар ұсынылуда. Мысалы, газбен жүретін такси қызметін көрсету әрі арзан, әрі экономикалық жағынан тиімді. Күн энергиясы арқылы электр энергиясын алу және т.б.

- Ал, балалар, сендер де өз ойларыңды, ұсыныстарыңды айтыңдар.

Ол үшін мына бейнебаянға назар аударамыз.

 

«Қазақстан – әлем және Еуразия картасында»

https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/qazaqstan-alem-kartasynda/lesson/qazaqstan-alem-zhane-euraziya-kartasynda

 

Түртіп алу стратегиясы

 

Өткен тарихымыздан аздаған түсінік.

- XV ғасырда Қазақ хандығы құрылды.

- Алайда тәуелсіз Қазақ мемлекеті бейбіт, тыныш өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көп болды. Елімізге жоңғар қалмақ шапқыншылығы шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен ел шұбыра қашып, ақтабан шұбырынды болды.

- Еркіндік пен тәуелсіздіктен айырылған ел Патша үкіметіне қосылды. Ұлан-ғайыр даламыз империя меншігіне айналды.

- Бостандыққа қол жеткіземіз деп өз жерімізде өзіміз қуғынға ұшырадық. 1923-1933 жылдары болған адам айтса нанғысыз ашаршылықта 9 млн-дай халықтың 2 миллионы опат болды. 1 млн 578 мың халық Атамекенін тастап кете барды.

- 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы. Қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап, ерекше ерлік көрсетті.

- 1986 жылы желтоқсан оқиғасы болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар ұлттық намысын әлемге паш етті.

«Орнында бар оңалар» демекші ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады.

 

Сабақтың тақырыбымен, жоспарымен, мақсатымен таныстыру.

 

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан әлем картасында».

3. Негізгі бөлім

Мәтінмен жұмыс

Мәтінді мәнерлеп оқу.

Жұпта, топта талқылайды.

«Үш қадамды сұхбат»

Қазақстан әлем картасында - 6

«Үш қадамды сұхбат» әдісі арқылы оқушылар "Қазақстан әлем картасында" мәтінін түсініп оқиды (2 мин). Оқып болған соң, әр топтан тілші, ғалым, хатшы шығады. Тілші мәтінге қатысты сұрақтар қояды. Ғалым жауап береді. Хатшы жазып шығып, соңыңда қорытындылайды.

 

ІІІ. Жобаларды жүзеге асыру, талдау

«Қалам үстел ортасында» әдісі

Қазақстан әлем картасында - 7

(Оқушылар тапсырманы орындап болған соң қаламдарын партаның ортасына қояды екі топтан екі оқушыдан шығып, өздеріне ұнаған қаламдарын алады. Сол қалам иесінің орындаған тапсырмасы оқылады).

Оқушылар берілген сөйлемдерден сөз тіркестерін теріп жазып, байланысу тәсілі мен түрлеріне қарай талдайды.

 

І топ

Қазақстан жер көлемі бойынша ...

Қазақстанның климаты айтарлықтай ...

ІІ топ

Еліміздің ең басты байлығы – ...

Табиғи ресурстарды тиімді ...

 

 ІV. Халқымыздың құндылықтарын әлемге таныту құрметі.

 

Топтық жұмыс.

(Оқулықтағы 4-тапсырма негізінде)

 

Оқушыларға төмендегі бөлімдер бойынша тапсырма беріледі. Оқушылар Imektep.kz сайтындағы төмендегі тақырыптар бойынша берілген бейнебаянды қарайды.

- Қазақстан мәдениеті мен өнері, салт-дәстүрі.

Қазақстан халқы.

https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/qazaqstan-xalqy/lesson/qazaqstan-xalqy 

Оқушылар бейнебаянды қарап болған соң, тапсырма орындайды.

 

Менталды карта әдісі:

 

І топ

Қазақстан әлем картасында - 8

ІІ топ

Қазақстан әлем картасында - 9

 

4. Қорытынды

 «Алты ойшыл қалпақ» әдісі.

Қазақстан әлем картасында - 10

- Ақ (ақ бұлттар) – фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру.
- Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру.
- Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”.
- Сары (күн) – оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!».
- Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар.
- Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды.

Үй тапсырмасы

«Әлем таныған Қазақстан» тақырыбында эссе жазып келу.

Бағалау

Ұлттық құндылықтарымызды бағалау.

Оқушылар бағалау парақшаларын жинайды.

Рефлексия

«Өз миыңды суретте»

Не білдім? Не үйрендім?

Не ұнады? Не ұнамады?

Қазақстан әлем картасында - 11

 

Қате туралы хабарландыру