Қазақстан қорықтары

Алдабергенова Айгүл Тұрсынбекқызы
Нұр-Сұлтан қаласы, №32 мектеп-гимназия
1154
Қазақ тілі
Тақырыбы:
Қазақстан қорықтары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

 6.1.1.1 тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты, көтерілетін мәселені болжау;

6.5.1.5 етістік шақтарының (ауыспалы осы шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану;

6.4.4.1 мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер, сызба-кестелер жасау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушы тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты, көтерілетін мәселені болжай алады.

Оқушылардың көпшілігі ауыспалы осы шақтың қызметін меңгере алады.

Кейбір оқушылар мәлеметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша сызба-кестелер жасайды.

Жетістік критерийлері

Қазақстан қорықтары жайлы ақпаратпен танысады, тақырыпқа байланысты кесте-сызба, постер жасайды, өз ойын айтады, ауыспалы осы шақты ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа қатысты сөздік және терминология: қорық, мекендейді, сүтқоректері, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, тіршілік ету

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: жер көлемі, қамтитын аумағы, алуан түрлі, өте сирек кездесетін

Оқыту әдістері

«Ыстық алақан» тренингі, «Ашықхат қиындылары» тәсілі, кластер, постер, «Рефлексиялық шеңбер» тәсілі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезендері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

 

Ұйымдастыру:

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Ұйымдастыру кезеңінде «Ыстық алақан» тренингі өткізіледі. Оқушылар  тренингінің негізінде сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілек айтып, сәттілік тілейді.

Топтарға бөлу.

«Ашықхат қиындылары» тәсілінің негізінді оқушыларға ашық хат қиындылары таратылады. Оқушылар ашықхат қиындыларын  құрастырып, бүтіндей сурет құрайды, сол арқылы топтарға бөлінеді.  

Қызығушылықты ояту.

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында www.bilimland.kz  білім беру ресурсты пайдаланып, Қазақстандағы қорықтырға саяхат жасауға шақыру.

- Балалар, бүгінгі сабақта біз саяхатқа шығамыз.

- Саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма?

- Сапар оң болсын!   

 

(BILIM Land курсы- қазақ тілі-жоғары деңгей- 5 тарау- 3сабақ-тыңдалым)

Сабақтың тақырыбын ашу.

Оқушыларға ой шақыру сұрақтарын қою:

- Балалар, «қорық» дегеніміз –не?

- Қорықта не болады?

- Қандай қорықтарды білесіңдер?

- Бүгінгі сабақта не туралы айтылады?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, «қорық» сөзіне кластер құрайды.

Мәтіналды жұмыс. Сөздік жұмысы.

Тақырыпқы қатысты жаңа сөздермен www.bilimland.kz  білім беру ресурсындағы сөздік арқылы таныстыру (BILIM Land курсы- қазақ тілі-жоғары деңгей- 5 тарау- 3сабақ-сөздік).

https://bilimland.kz/ru/courses/qazaq-tili/zhohary-denggej/5-tarau/lesson/3-sabaq

Оқушылар жаңа сөздермен танысады, қайталайды, сөздік дәптермен жұмыс жасайды.

 

 

С = барлық сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

BILIM Land

білім беру ресурсы-курсы- қазақ тілі-жоғары деңгей- 5 тарау- 3-сабақ, тыңдалым https://bilimland.kz/ru/courses/qazaq-tili/zhohary-denggej/5-tarau/lesson/3-sabaq

 

 

 

 

 

 

https://bilimland.kz/ru/courses/qazaq-tili/zhohary-denggej/5-tarau/lesson/3-sabaq

 

Сабақтың ортасы

 

Тілдік бағдар.

1. Оқушыларға етістіктің ауыспалы осы шақты меңгерту үшін  imektep.kz білім беру ресурстағы https://imektep.kz/kz/etistiktin-shaktari сілтеме арқылы грамматикалық тақырып туралы мағлұмат беру.

2. Оқушылардың алған білімін пысықтау үшін оқулықтағы 3-тапсырманы орындату, қою қаріппен берілген етістіктердің қай шақты білдіретінін анықтату.

Мәтінмен жұмыс. Топтық жұмыс.

Оқушылар www.bilimland.kz  білім беру ресурстағы (курсы- қазақ тілі-жоғары деңгей- 5 тарау- 3сабақ-тыңдалым)  интерактивті картада көрсетілген Қазақстан қорықтарының бір атауын таңдап басу арқылы қорық туралы мәлімет алады.

https://bilimland.kz/ru/courses/qazaq-tili/zhohary-denggej/5-tarau/lesson/3-sabaq

(BILIM Land -курсы- қазақ тілі-жоғары деңгей- 5 тарау- 3сабақ-тыңдалым)

 

1. Оқушылар аудиоресурстан таңдаған мәтінді тыңдайды.

2. Қорықта кездесетін өсімдік, аң-құс, жәндік түрлерін кестеге түсіреді.

 

құрылған жылы

жер көлемі/

қамтитын

аумағы

өсімдік-тер

аң-құстар

 

 

 

 

 

Сергіту сәті  «Қыдырып қайтайық»

Оқушылар жігерлену үшін сазды әуенге билейді.

imektep.kz білім беру ресурсы

https://imektep.kz/kz/etistiktin-shaktari

«Қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы, 7сынып// Оразбаева Ф.Ш., «Көкжиек» 2018, 122б., 3-тапсырма.

https://bilimland.kz/ru/courses/qazaq-tili/zhohary-denggej/5-tarau/lesson/3-sabaq

 

 

 

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=SCvZLP26q0E

Сабақтың соңы

 

Топтық жұмыс.

1.Топтар А3 парағына «Қазақстандағы қорықтар» тақырыбына постер жасайды.

2. Топтар  өз жұмыстарын ұсынады. Олар бір-бірінің жұмыстарын бағалау кестесі бойынша бағалайды.

 

Бағалау критерийлері

Баға

Тақырыптың ашылуы

1 ұпай

Түсіндіре алу

1 ұпай

Сөз байлығы

1 ұпай

Сауатты сөйлеуі

1 ұпай

Жұмысты  безендіруі

1 ұпай

Басқа топты тыңдай  білуі

1 ұпай

 

 Кері байланыс.

«Рефлексиялық шеңбер» тәсілі

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі үлгі бойынша сабақтан алған әсері туралы айтады:

           Бүгін сабақта ... .

Сабақта мен ... .

Сабақ маған ... .

Сабақ мен үшін ... .

Мен ...

Үйге тапсырма.

123 б. 8-тапсырма.

 

 

Қате туралы хабарландыру