Тұманбай Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы. «Шақырады көктем», «Құстар қайтып барады» өлеңдері

Саратекова Қымбат
Павлодар қаласы, Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат
44568
Қазақ әдебиеті
Тақырыбы:
Тұманбай Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы. «Шақырады көктем», «Құстар қайтып барады» өлеңдері

 

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Т. Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру. «Шақырады көктем», «Құстар қайтып барады» өлеңдерімен таныстыру.

Дамытушылық: әдеби теориялық білімдерін арттыру. Ойлау, жүйелі салыстыру қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: лирик ақынның шығармаларындағы сыршыл сезімдерді негіздеп, адамгершілікке, сүйіспеншілікке, әнді сүюге, гуманистік қасиеттер дамыту.

Жетістік критерийлері:

 

- Лирикалық шығарманың тақырыбы мен идеясына анализ жасай алады;

- Ақынның «тіл мен құрылымды» қолдануына талдау жасай алады.

Нәтиже:

- Автордық өмірбаянымен және шығармашылығымен танысады;

- Сабақ үстінде алға білімдерін талдап, қорытындылап, жүйелі түрде жеткізе біледі;

- Ақынның әндерімен танысып, ««Шақырады көктем», «Құстар қайтып барады» әндерін айтады;

- Жеке, жұптық, топтық жұмыстарды атқара отырып, оқушы білімді өз бетімен игеруді үйренеді.

Ресурстар:

 https://bilimland.kz/kk/ , http://itest.kz/ Bilimland iTest

Сілтемелер:

 https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/11-synyp/lesson/tumanbaj-moldahalievtyng-omiri-shyharmashylyhy

https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/11-synyp/poehziya/lesson/49-tumanbaj-moldahaliev-qustar-qajtyp-barady-olengi

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/11-synyp/lesson/tumanbaj-moldahalievtyng-omiri-shyharmashylyhy

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/11-synyp/lesson/tumanbaj-moldahaliev-omir-qymbattym-mening-olengi

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/11-synyp/lesson/tumanbaj-moldahaliev-shaqyrady-koktem-olengi

https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/11-synyp/poehziya/lesson/48-tumanbaj-moldahaliev-shaqyrady-koktem-olengi

https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/11-synyp/poehziya/lesson/49-tumanbaj-moldahaliev-qustar-qajtyp-barady-olengi

http://itest.kz/lekciya_muqahali_maqataev_tolegen_ajbergenov_qadyr_myrza_ali_tumanbaj_moldahaliev_fariza_ongharsynova_poehziyasy

Пәнаралық байланыс:

Музыка.

Сабақтың типі:

Жаңа білімді меңгерту.

Көрнекілігі:

Интерактивті тақта, плакат, жапсырмалар, ноталар, фортепиано.

 

Сабақтың басы

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Амандасу

Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау. Бүгінгі күндеріне сәттілік тілеу.

 

Сергіту сәті

 

Н. Тілендиевтің Т. Молдағалиевтің сөзіне жазылған «Шақырады көктем» әні тыңдалады.

«Менің сүйікті әнім» Оқушылар өздерінің сүйікті әндері туралы айтады. Олардың неліктен ұнататынын түсіндіреді.

 

Қызығушылықты ояту

Оқушылар «Домырашылар», «Қобызшылар», «Әншілер» тобының бірін таңдайды және неліктен осы топты таңдағанын түсіндіреді.

 

Мағынаны тану бөлімі

 

Оқушыларды оқу мақсаттарымен хабардар ету.

1. Тұманбай Молдағалиевтің ақындық өнері мен шығармашылық жолы дүние танудан, адам сезімінің сан алуан үйлесімділігін тоғыстырудан тұратынын байқаймыз. Ақын жырларының өн бойында мейірім, шапағат, жақсылық, адамгершілік, азаматтық, күрескерлік, ата-баба рухына тағзым, атамекенге деген сүйіспеншілік сияқты ұғымдардың асқақтығын неғұрлым биіктету алдыңғы саптан көрінеді. Тұманбай Молдағалиев қашан да толассыз жазып, тебіреніп тереңнен жыр толғап келеді. Ақынның қайсы бір өлеңін оқысаңыз да, отсыз, ойсыз дүниені кездестіре алмайсыз.

2. Ақынның «Шақырады көктем» атты өлеңі де осы ойды қуаттайды. Бұл өлеңнің желісі алдымен адалдықты, айнымас достықты, ақ ниетті жырлауға құрылса, екінші жағынан барлық өзен-суымен, иісі аңқыған көгі, гүлімен асығып келе жатқан көктемді аңсау деп білеміз. Ақын көктем жайлы бір ауыз сөз айтпағанымен, оның белгілерін жырлағанының өзін – көктемді жырлағаны деп ұғынамыз.

3. Ақынның сезімге бай өлеңдерінің бірі – «Құстар қайтып барады». Өмірді – асуға, биікке, түпсіз шыңырау, тұңғиыққа балап, табиғаттың әсем шынарын сұлу жырларына қоса білген. Ақынды, жазушыны әдебиетке әкелетін сұлу сезім ол – сағыныш. Сағыныш – өмірге, тіршілікке, туған жерге деген махаббаттан тұрады. Нұрғиса ағамыз ақынның «Құстар қайтып барады» өлеңі туралы былай деген екен:

- Сенің өлеңдеріне әлі талай ән жазармын. Бірақ дәл мынадай ән енді шықпайды. Мені ақырғы сапарыма осы «Құстар қайтып барады» әнімен айтып шығарыңдар», – деген екен.

«Домбырашылар» тобы. Ақынның өмірі мен шығармашылығы.

«Қобызшылар» тобы. «Шақырады көктем» әні.

«Әншілер» тобы. «Құстар қайтып барады» әні. Оқушылар тыңдаған мәтінді басшылыққа ала отырып, постер дайындайды және оны қорғайды.

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/11-synyp/lesson/tumanbaj-moldahalievtyng-omiri-shyharmashylyhy

 

 

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/11-synyp/lesson/tumanbaj-moldahaliev-shaqyrady-koktem-olengi

 

 

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/11-synyp/lesson/tumanbaj-moldahaliev-qustar-qajtyp-barady-olengi

Топтық жұмыс.

«Сынып ішін аралау»

 

Әр топ өздеріне берілген тақырыпты тыңдап болғаннан кейін оларға 1-ден 3-ке дейін нөмір жазылған жетон таратамын. Сосын 1-нөмір алғандар бір топқа, 2-нөмір алғандар екінші топқа жиналады, 3-нөмір алғандар үшінші топқа т.с.с. Балалар тыңдаған мәтін бөлігін бір-біріне айтып береді. Сонда бір оқушы мәтінді толық оқымай-ақ, оның мазмұнын түсініп шығатындай жағдай жасаймын.

 

«Ән орындау»

 

Жоғарыда талқыланған Т. Молдағалиевтің әндерін орындау

1-топ. «Шақырады көктем» әнін (минусовкасын қосу арқылы)

2-топ. «Құстар қайтып барады» әнін (фортепианомен сүйемелдеу).

Тұманбай Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы. «Шақырады көктем», «Құстар қайтып барады» өлеңдері - 1

3-топ. «Куә бол» әні (фортепианомен сүйемелдеу)

Тұманбай Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы. «Шақырады көктем», «Құстар қайтып барады» өлеңдері - 2

 

 

Аудиохрестоматиядан «Шақырады көктем», «Құстар қайтып барады» өлеңдерін тыңдап, құрылысын, тілін талдау (Әр топ жасырын парақшадан өз тапсырмаларын алады).

Топ мүшесі қорғайды.

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/11-synyp/lesson/tumanbaj-moldahaliev-shaqyrady-koktem-olengi

https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/11-synyp/poehziya/lesson/48-tumanbaj-moldahaliev-shaqyrady-koktem-olengi

https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/11-synyp/poehziya/lesson/49-tumanbaj-moldahaliev-qustar-qajtyp-barady-olengi

Венн диаграммасын толтыру

Екі әнді салыстыра отырып талдау.

Тұманбай Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы. «Шақырады көктем», «Құстар қайтып барады» өлеңдері - 3

 

Мен сендерден сұрақ күтемін

 

Бұл тәсіл бойынша балалар мәтіннің мазмұнын бір-біріне түсіндіріп болған соң, осы мәтін бойынша сұрақ құрастырады. Топтағы оқушылар өзара келісіп, қағазға екі сұрақ жазып, келесі топқа береді.

 

Жариялау

 

Сұрақтың жауабын топтың ішінде ақылдасып алған соң бір оқушы жауап береді. 1-2 минут.

 

«Рефлексиялық бағалау» кезеңі

 

Тұманбай Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы. «Шақырады көктем», «Құстар қайтып барады» өлеңдері - 4

Бүгінгі сабақта мен не үйрендім? деген кесте бойынша оқушылардың пікірі тыңдалады.

 

Рефлексия

Балаларға баспалдақ суреті салынған қағаз таратылып беріледі де, сол баспалдақтағы өзінің орнын белгілеу тапсырылады. Егер оқушы өзін сабақта жақсы сезініп, сабақты жақсы түсінсе, баспалдақтың ең биік жеріне күннің суретін салады. Ал егер сабақты дұрыс түсінбесе, сабақ ұнамаса, баспалдақтың төменгі жағына бұлттың суретін салады. Сабақта оқушының көңіл-күйі орташа болып, кейбір нәрселерді түсінбесе, онда баспалдақтың ортасына бір жағы ашық, бір жағы боялған бұлттың суретін салады. Осылайша оқушының өзін-өзі бағалауы мен мұғалімнің сабағы бағаланып, өзара кері байланыс жүзеге асырылады.

 

Сабақ қорыту

«Автор орындығы» стратегиясы.

 

Үй тапсырмасы

 

https://bilimland.kz/kk/, http://itest.kz/ сайттарынан мәліметтерді тауып, тесттерге жауап беру. Әндерді жаттау.

 

http://itest.kz/

Бағалау

 

Формативті бағалау: оқушыларды мадақтап, бағалау.

 

 

Қате туралы хабарландыру