Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» толғауы

Текеева Жанша
Атырау облысы, Атырау қаласы, ХББ НЗМ
10120
Қазақ әдебиеті
Тақырыбы:
Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» толғауы

 

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/Ж6. Әдеби шығармаларға негізделген өзіндік жауап беру мақсатында мультимедианы меңгеру және қолдану.

Медиаматериал арқылы шығармадағы мәліметтер, дәлелдемелер тізбегін түсінеді, туындаған мәселе төңірегінде түрлі көзқарасты талдайды, салыстырады.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы:  мультимедианы қолдану арқылы шығармадан мәліметтер тізбегін түсініп құрады.

Оқушылардың көпшілігі: алынған мәліметтерді меңгере отырып, оларға шығармадан дәлелдемелер келтіріп түсіндіреді.

Оқушылардың кейбірі: шығармада туындаған мәселе төңірегінде түрлі көзқарасты талдайды, салыстырады.

Жетістік критерийлері

Медиаматериал арқылы шығармадағы мәліметтер тізбегін түсініп құра алады;

Алынған дәлелдемелер арқылы туындаған мәселе төңірегінде түрлі көзқарасты талдайды, салыстырады.

Дифференциация

«А» деңгейіндегі оқушы – жинақтау мен бағалау сатысындағы сұрақтарға жауап бере алады;

«В» деңгейіндегі оқушы – талдау және қолдану деңгейіндегі сұрақтарға жауап бере алады;

«С» деңгейіндегі оқушы – білу мен түсіну деңгейіндегі сұрақтарға жауап бере алады.

Ұлттық құндылықтар

Оқушылар жақсы қарым-қатынас жасау, сындарлы тіл табыса білу, өз мәдениеті мен тіліне құрметпен қарау, әдептілікті сақтау, бір-біріне деген адалдық, ашықтық, бір-бірін бағалау, қасиетті дәстүрлерден құндылықтарды бойына жинайды.

Тілдік міндеттер

Оқушылар:

Пән лексикасы және терминология:

Зар заман, ақыр заман, тар заман, кері кеткен заман тіркесті сөздердің мағынасын ашады.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша, ... , Өз көзқарасымды дәлелдесем...., Пікірімді қоссам, ...

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы: XIX ғасыр кезеңіндегі Қазақстандағы жағдай. География: Сол ғасырдағы Қазақ елінің территориялық жағдайы. АКТ: Bilimland.kz және басқа да сайттарды мен интерактивті тақтаны қолдану.

Сілтемелер

 Bilimland

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/10-synyp/lesson/shortanbaj-qanajuly-omiri-men-shyharmashylyhy

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/10-synyp/lesson/shortanbaj-qanajuly-bala-zary-tolhauy

https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/8-synyp/poehziya/lesson/14-shortanbai-qanai-uly-zar-zaman

Уикипедия, қазақша ашық энциклопедия. 

Алдыңғы білім

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы. «Біржан-Сара» айтысы. 

 

Сабақ барысы

 

Сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

7 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылығын ояту

ЖЖ. Оқушылар жұптасып жұмыс жасайды.

Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» толғауы - 1

Олар: ақынның бейнесі, кітап пен ақшаның суреттері мен қоса зар заман, ақыр заман, тар заман деген сөздер ұсынылады. Берілген суреттер сөйлету арқылы болжам жасайды. Өз ойларын ортаға салып, пікірлесіп бүгінгі сабақтың тақырыбын ашуға жұмыстанады. Яғни, оқушылар сурет пен сөздерде қазақ жеріндегі дәуірдің тарлығы болғандығын, бұрынғы (XIX ғасыр кезеңінде өмір сүрген халықтың жағдайына болжам айта отырып, бүгінгі тақырыпты Қазақстан тарихы пәнімен байланыстыра сөйлейді. Оқушы пікірлері мен айтылған дәлелді ойлары арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты, жетістік критерийлері таныстырылады.

Өзінің ойын көркемдеп, керекті мәліметтермен толықтыра сөйлеген оқушыларға «ЖАРАЙСЫҢ», «КЕРЕМЕТ» деген марапат сөздер тағылады.

МЖ=Мұғалім жасаған

 

 

 

 

Қазақстан тарихы

XIX ғасыр

I-II ж.ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

слайд

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

7 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8-9 минут

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

Мағынаны тану.

«Сауал-жауап»

Шортанбай Қанайұлы кім?

Оқушылар ментальды картасы арқылы ақынның өмір сүрген ортасы мен жазған еңбектері жайлы болжам арқылы ой деңгейін кеңейтеді.

Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» толғауы - 2

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/10-synyp/lesson/shortanbaj-qanajuly-omiri-men-shyharmashylyhy сілтемесінен Шортанбайдың өмірі мен шығармашылығын тыңдап, сол бойынша тест тапсырмасы беріліп, Онлайн таймер арқылы өтіп шығады.

- «Зар заман» деген қандай заман? Өз көзқарасын 1 ойлы пікір мен 1 нақты дәлел келтіре отырып айту.

- https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/10-synyp/lesson/shortanbaj-qanajuly-omiri-men-shyharmashylyhy.

1-тапсырма. Берілген сөздердің дұрыс, бұрысын белгілейді.

Тез орындаған топтың үстеліне жасыл стикер жапсырылады.

2-3-тапсырма. Ақын өлеңдері 1880 жылы қай қалада баспа бетін көргендігін дәл табу және бірнеше дұрыс жауапты белгілеген оқушы жұлдызшамен бағаланады.

 

Оқушылар кері байланыс береді:

- Тақырыпқа қатысты өз ойын жеткізуде нақты пікір ұсына білді.

- Зар заманның қандай заман екенін тарихпен байланыстыра сөйлей алды.

- Сөзді шебер әрі ұтымды қолдана білді.

- Ойын білдірді, дегенмен әлі де нақты әрі жинақы сөйлей білсе деген ұсынысым бар.

Сынып алдыңғы, ортаңғы және шеткі деп 3 топқа бөлу.

Әр топқа 8-9 минут дайындық беріледі.

Тапсырма. 1. Алдыңғы топ оқушыларына:

Планшетпен Уикипедия, қазақша ашық энциклопедияға кіріп, Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы деректерді толықтыра отырып іздейді. (Іздеп, тапқан деректерді дәптерге түсіріп алады). Хронологиялық карта жасайды.


Интернеттен алған мәліметтерін алдыңғы тыңдаған деректермен салыстырып, нақтылайды.

Жаңа дәлелдемелерді тізбектей отырып, хронологиялық карта ретінде «Т» кестесіне орналастырады.

Солардың ішінен ең маңызды 2 мәліметке нақтырақ тоқталып, ол туралы пікірлермен келісу және қарсы болу тәсілдерін дамытады.

Оған таныстырылым жасайды.

Оқушылардың таныстырылымын топтар бағалайды.

Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» толғауы - 3

Ортаңғы топ оқушылары

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/10-synyp/lesson/shortanbaj-qanajuly-bala-zary-tolhauy.

1-тапсырма. Шортанбай Қанайұлының «Бала зары» толғауын тыңдайды. 1 минут. 16 секунд.

Тыңдалым арқылы Шортанбай ақынның толғауында туындаған  2 мәселені жазып алады да, топта талқылайды. Маңызды деген 1-еуіне тоқталып, түсіндіріп өтеді.

Сілтемеден ақынның «Бала зары» толғауында айтылған ойды 1 минут тыңдап, онда туындаған мәселеден қорытынды түйін жасайды.

1-тапсырма. Глоссарий арқылы атқамінер, ғаделет, ғибрат, халал, тәркі, мегежін, мүфти мағынасын біліп алып, дәптерге жазады.

Тапсырмалар. Толғауда кездескен сөздерді сәйкестендіріп әрі бірнеше дұрыс жауабы бар сөздерді тауып белгілейді.

Оқушылар толғауға берілген тест тапсырмасын орындап, өз білімдерін байқатады.

Ақынның «Бала зары» толғауындағы 2 мәселеге дәлелді ой келтіре отырып, сол кездегі қазақ даласындағы жағдаймен байланыстырып, өз көзқарастарын білдіреді.

Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» толғауы - 4

Оқушылар кері байланыс беру арқылы сабаққа мотивация беріп отырады.

Шеткі топ оқушылары:

https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/8-synyp/poehziya/lesson/14-shortanbai-qanai-uly-zar-zaman 

Ш. Қанайұлының «Зар заман» толғауын тыңдайды.

- өлеңдердің мазмұнын зерттейді және өз түсініктерін ұсынады;

- өз көзқарасын толықтыру үшін әдеби шығармадан дәлелдемелер пайдаланады және шығармаға қатысты эмпатикалық және сыни сипаттама береді;

- жазушының ойын әдеби шығармада сипатталған кезеңдегі өмірге қатысты байланыстыруды жалғастырады.

- әдеби көркемдегіш және стилистикалық құралдарды қолдануда өз сенімділігін дамытады.

Оқушылар ақын көтерген мәселенің шынайылығына тоқталып дәлелді ой келтіреді. 19-ғасырда қазақ даласындағы кейбір келеңсіз оқиғаларды дәлел етіп алып, нақты мәліметтер келтіруге тырысады.

Оны бүгінгі өмірмен байланыстырады. «Т» кестесін толтыру арқылы Шортанбай өмір сүрген «Зар заман» мен «Қазіргі заманның» маңызды тұстарын тізбектеп креативті ой айтады.

Оқушылар жұмыстарын сынып алдында қорғайды.

Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» толғауы - 5

Оқушылар бір-біріне кері байланыс арқылы шынайы әрі нақты комментарий берді.

Үйге тапсырма. Ш.Қанайұлының «Зар заман» толғауын толық тыңдайды, толғауда көтерілген мәселелерге 2 жабық, 2 ашық сұрақтар дайындап келеді.

 

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия. Мен үшін жеңіл болған 2 нәрсе...

Мен үшін қиын болған 2 нәрсе....

 

 

Қосымша ақпарат

 

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Сабаққа белсенді қатысу үшін тапсырмаларды жеңілден бастап күрделендіруге тырысамын. Қабілеті жоғары оқушыларды үнемі назарда ұстаймын. Олардың қызығушылығын жоғалтып алмау үшін бірде жеңіл, бірде сыни ойлантатын тапсырмалар беремін.

Бағалауды әділ жүргізуге тырысамын. Комментарий айту арқылы оң мен жетілмей тұрған тұсына оқушы өз пікірі мен ойын қосып айтуына ықпал жасаймын.

Қазақстан тарихы пәнімен, әдебиет тарихымен АКТ-мен байланыс жасауға ықпал етілді. Ашықтық, еркін сөйлеуге, бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс істеуге үйрету. Техникалық құралдарды пайдаланғанда сақтық шараларын ескеремін.

 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың ең маңыздылығы ол – мақсат бойынша тақырыпты игерту, жетістік критерийлері арқылы оқушы біліміне білім қосуына ықпал жасау. Ол үшін ақпараттарды тез игеріп, нені білу керектігіне бағыт беріп отыру. Оқушылар өте белсенді қатысты. Жоспарыма сәл өзгерістер енгіздім.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Оқушыларға берілген жұптық тапсырмада ойларын ашық айтып, білімдерін нақтылап көрсете алды.

2: Ақын туралы деректерді жинап, оның ішіндегі ең маңыздысына нақты тоқтала білуін атар едім.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Тапсырманың бұдан да сыни ойлантатын тұсы болғанда ықпалы зор болар ма еді.

2: Бағалаудың өзге түрлерін ойлап табу керек сияқты болды.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Кейбір оқушылардың пікірі, ойы жан-жақты, кең, кейбірі сәл баяулық танытып жатты. Осы жағын үнемі назардан тыс қалдырмауды ойға алдым.

 

Қате туралы хабарландыру