М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі

Нурганова Хадиша Едресовна
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №9 ЖББОМ
1634
Қазақ әдебиеті
Тақырыбы:
М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі

Оқу мақсаты

Т/Ж1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау;
А/И1 Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру.

 

Барлық оқушылар: әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды;

Көптеген оқушылар: әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды, кейбір эпизодтар мен бейнелерді салыстыра алады;

Кейбір оқушылар: әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды, шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыра алады.

 

1.«Көксерек» әңгімесінің мазмұнын түсіне отырып, негізгі дереккөздерін анықтай алады. 
Пәнге қатысты сөздік қор мен тіркестер:
дала тағысы, жыртқыш, қатыгез, табиғат перзенті, итаяқ, арлан, көк, сасыр, қараған, шашау, зады, тірсек, қырыс, қорқау, 
Талқылауға арналған сұрақтар: 
- Көксеректің бойынан түз тағысына тән қандай әрекеттер мен мінез-құлықтарды байқауға болады?
- Бейне сюжеттен адамдар әрекеті мен қасқыр туралы қандай ой түйдіңіздер?
- Көксеректі жауыздыққа, өшпенділікке баулыған не?

Құндылықтарды игерту

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы, құрмет, ашықтық, ынтымақтастық, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік.

АКТ дағдылары

Слайд, бейнекадр, бейнефильмнен үзінді, bilimland.kz, Itest.kz, ikitap.kz, twig-bilim.kz сайттарының ресурстары, техникалық құралдар, интерактивті тақта, мультипроектор.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Маңыздылық аймағы», «Оқиға тауы», «Хикая тізбегі» әдістері

bilimland.kz, қазақ әдебиеті, аудиохрестоматия, жазушы шығармаларының көрмесі, тақырыптық суреттер, сызба-кестелер, маркер, әдебиет оқулығы.
 

Пәнаралық байланыс

Экология, жаратылыстану, өнер

Алдыңғы оқу

М. Әуезов шығармашылығы, «Тірек сөздер» стратегиясы арқылы «МИКС» жаттығуы, әңгіме, пейзаж, суреттеу ұғымдары.

Сабақ жоспары

Сабақ барысы

Жоспар бойынша орындалатын іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

 

2 минут

Білу

Бүгінгі сабақта талқыланатын мәселе бойынша «Қолшатыр» әдісімен топқа бөлу
«Тұлға» тобы
Ұраны: Зерттеу, үйрену, құндылықты бағалау.

«Табиғат» тобы
Ұраны: Сүйіспеншілік, аялау, тілін түсіну.

«Әрекет» тобы
Ұраны: Мейірім, шуақ, қамқорлық.

Қолшатыр, А4 қағазы, суреттер 

Сабақтың ортасы

6 минут

Түсіну
 

«Көксерек» бейнефильмнен үзінді. 
«Кинометафора» әдісі.
Көксеректің бойынан түз тағысына тән қандай әрекеттер мен мінез-құлықтарды байқауға болады?
Бейнесюжеттен адамдар әрекеті мен қасқыр туралы қандай ой түйдіңіздер? 
Көксеректі жауыздыққа, өшпенділікке баулыған не?

https://bilimland.kz/upload/content/lesson/15450/media/

b3322eb20e728d8f3d1d3f58278c8d93/content/script_00025/media/kz_7s_587_1b.mp4

4 минут

 

 

 

 

5 минут
Қолдану

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут
 

І топқа «Хикая тізбегіне» шығарма үзінділерін сюжетіне қарай орналастыру.

ІІ топқа сөздерді «Маңыздылық аймағына» орналастыру.

ІІІ топқа «Оқиға тауы» әдісі. 
Кейіпкерлерді шығармадағы алатын орны мен маңыздылығына қарай орналастыр.
Дескриптор:
Кейіпкерлерді шығармадағы  алатын орны мен маңыздылығына қарай жіктей алады.

Жеке жұмыс
Қажетті сөзді жазыңыз.
Кетерде бұның біреуінің 
... қиып қалдырды да, екінші біреуін – ең 
... алып жүріп кетті. 
Қажетті сөздер: тірсегін, аяғын, кенжесін, желкесін, үлкенін, ортаншысын.

Үлестірме қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

Талдау

 

 

3 минут
 

Постер қорғау
І «Тұлға» тобы Автор бейнесі.
ІІ «Табиғат» тобына Бөлтірік болмысын көрсету.
ІІІ «Әрекет» тобына Адамдар әрекетіне талдау. 
Ғылыми зерттеулер не дейді:
«Иттер мен қасқырлар: табиғат па, әлде тәрбие ме?»
Фильмнің қысқаша мазмұны
Ерекше тәжірибе үй жағдайында өсірілген қасқырдың жабайы табиғатына не болатынын қарастыруда. Табиғат жеңе ме, әлде тәрбие жеңе ме?

Маңызды деректер
• Қасқырлар мен иттердің генетикасы 99,8%-ға ұқсас келеді, бірақ олардың мінез-құлықтарына әсер ететін генетикалық айырмашылықтар ма, әлде қоршаған орта факторлары ма?
• Венгриялық ғалымдар тобы бөлтірікті үй жағдайында қолда өсіріп, олардың иттерге ұқсас қасиеттерді дамыта алу қабілетін тексерді.
• Иттерге қарағанда, бөлтіріктер жаттығуға не тәртіпке келмеді.
• Тәртіпті үй жағдайы бөлтірікке қатты әсер ете қоймады.

Үлестірме қағаздар
 

 

https://twig-bilim.kz/kz/film/dogs-and-wolves-nature-or-nurture

7 минут

 

 

 

Жинақтау

 

 

 

3 минут

Ж  Рөлдік ойын
І «Тұлға» тобының бір мүшесі «Біз – табиғат перзентіміз» (ойыңды дәлелде)
ІІ «Табиғат» тобының мүшесі
«Көксеректің айтары бар...
– Ауыл адамдарының іс-әрекетін ақтауға бола ма? 
ІІІ «Әрекет» тобының мүшесі    
«Менің әрекетім» 
Өз әрекетімді талдар болсам... 
Мен алдымен...
Бұл істің ақыры...

Дескриптор 
Адамның табиғат мүшесі екенін дәлелдей алады.
Көксеректің адамдарға көзқарасын, наразылығын айта алады. 
Адамдардың әрекеті қате екеніне дәлел келтіре алады.

І, ІІ топқа:
3-тапсырма
Дұрыс, бұрысын белгілеңіз.

«Көксерек» әңгімесі – адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсететін шығарма.          
Жұмаш Көксеректі күшік кезінен асырайды.

«Көксерек» әңгімесі 1974 жылы жазылды.

М.Әуезов күнтізбе бетіндегі боранды күнгі қасқыр суретіне қарай жүріп, бала кезінде күніге аңшылардан естіген әңгімелерін еске түсіріп, «Көксерек» әңгімесін жазған болатын.

Көксерек ауыл иттерімен бірге қасқырларға шауып, ауыл малдарына жолатпай қояды.          

ІІІ топқа:
Дұрыс жауабын таңдаңыз.

«Көксерек» әңгімесінен келтірілген мысал қай жануардың бейнесі? 
Аяқтарының жуандық сомдығы кем емес. Дене жүні ақсарылау келгенде, маңдайы шаңқиған ақ маңғыл қасқа болатын. Екі көзі шатынап, шарасынан шығып тұрғандай үлкен. Үнемі от шашып тұратын қып-қызыл көз. Жотасы күлдіреуіштей. Құйрықтан ауыз омыртқаға шейін дөң сияқтанып, күдірленіп, дүңкиіп тұрады. Алдыңғы жағы арыстан бейнесіне ұқсайды.
а) Көксеректің
ә) Қара төбеттің
б) Аққасқаның
в) Тазы иттің

Жеке пікір, көзқарас
 

 

 

 

https://twig-bilim.kz/kz/film/dogs-and-wolves-nature-or-nurture

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/

7-synyp/lesson/muxtar-auezov-kokserek-anggimesi

Рефлексия

2 минут

ҚБ Кері байланыс
«МИКС» жаттығуы арқылы

Үлестірме қағаздар

Бағалау

1 минут

ҚБ «Оқиға тауы» арқылы бағалау
Өзіңнің қандай биіктікте немесе қай жолда тұрғаныңды белгіле.

Үлестірме қағаздар

Әріптестің кері байланысы

Тәжірибе, ұсыныс портфелі

Үлестірме қағаздар

 

Қате туралы хабарландыру