Ғ.Мүсірепов. «Жаңа достар» әңгімесіндегі кейіпкерлер, тіл көркемдігі

Сұраған Орден Сұрағанқызы
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия
3252
Қазақ әдебиеті
Тақырыбы:
Ғ.Мүсірепов. «Жаңа достар» әңгімесіндегі кейіпкерлер, тіл көркемдігі

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқу іздеп, ауылдан келген бала Қайроштың басынан кешкендері, оның жаңа достары – Бораш пен Шеген. Әңгімедегі абзал аналар бейнесі. Табиғат суреттері. Олардың кейіпкер сипатын ашудағы рөлі. Әңгіменің баяндау стилі, тіл көркемдігі. Әдебиет теориясы: кейіпкер мінездемесі.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, кейіпкерлердің іс-әрекетін ажырата алады.

Кейбірі: Мәтінді толық талдап, әдеби-теориялық ұғымдарды ажырата алады.

Жетістік критерийлері

Топта жұмыс істеу арқылы ізденеді, біледі, түсінеді және сөйлесім әрекеттерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім) қолдану арқылы пәнге деген қызығушылығы артады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды адамгершілікке, бауырмалдыққа, достыққа, ұйымшылдыққа, мейірімділікке баулу. 

АКТ қолдану дағдылары

Аудиохрестоматия, қазақ әдебиеті (bilimland.kz).

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Блум таксономиясы, композициялық талдау, семантикалық карта.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг

2 мин

«Достар әлемі» тренингін жасау арқылы оқушылардың жақсы көңіл-күйлерін, сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Әр топ дос туралы мақал-мәтел айту арқылы бір-біріне тілектерін білдіру.

Оқушылардың мұндағы мақсаты жақсы тілектер  арқылы бүгінгі сабақтың не жайлы болатындығын және өздерінің бірлесіп жұмыс жасайтындықтарын сезіну.

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білу

 

3 мин

Артық болмас білгенің.

Үй тапсырмасын қайталау.

Жазушы және оның шығармасы жайлы түсінік. 

1-топ. Ғ.Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығын зерттеп, слайдтар жасап келу.

2-топ. Қайырғали Смағұлов жайлы қосымша дерек слайдпен әкелу.

3, 4, 5, 6-топ. Шығармаға композициялық жоспар құру, соның негізінде әңгіме мазмұнын ашу.

Оқушылар өздерінің дайындаған слайдтарын көрсетіп, жасаған жұмыстары бойынша әңгіме жүргізеді.

 

Түсіну

 

7 мин

Ұқыптылық – ілімді түсінудің кепілі.

3. Композициялық талдау арқылы әңгіменің мазмұнын еске түсіру.

 

Композициялық құрылымы:

1. Шығарманың басталуы – Қайроштың қалаға қашуы.

2. Шығарманың байланысы – Қайроштың Шегенмен, Борашпен танысуы, достасуы.

3. Шығарманың дамуы – тамақ табу үшін базар халқына өнер көрсетуі.

4. Шығарманың шиеленісуі – Милиционердің балаларды қууы.

5. Шығарманың шарықтау шегі – Қайрошты балалар үйіне тапсыруы.

6. Шығарманың аяқталуы – Қайырғалидың балалар үйінде қалуы, оқуға ниет білдіруі.

1. Ассоциациялық аймақ құру 

Мұғалім сөзі:

Еліміздің ірі қоғам қайраткері, ХХ ғасыр қазақ әдебиетінің көрнекті өкілінің бірі – Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов. Жазушының шығармашылық жолы өте бай, туындылары әдебиет тектерін толық қамтыған. Ол қазақ әдебиетінің барлық жанрын дамытуда аянбай еңбек еткен академик-классик жазушы. Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Алайда қазақ халқы оны үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас шебері деп біледі, құрмет тұтады.

2. Романның басты кейіпкері – Қайрош Сарталиевтің прототипі Қайырғали Смағұлов 1941-45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Соғыс кезіндегі халықтың басқыншыларға қарсы патриоттық сезімі мен күресін шынайы бейнелеген романда жазушы өзіндік шығармашылық өрнекпен отты жылдардың көркем шежіресін жасады. Нақтылы кейіпкерлердің жинақталған бейнесі арқылы бүкіл халықтың, елдің ерлік бітімін көрсетті.

Бүгінгі сабағымызда кейіпкерлерінің іс-әрекетін зерттеу арқылы әңгіменің ішкі мазмұнын ашамыз.

- Оқушылардың мақсаты –  басқа топтар мен мұғалімді тыңдау.

- Өз ойлары мен пікірлерін ортаға салу.

Қолдану

 

10 мин

Жасап көр.

1-топ. Каспий теңізі көріністері мен Қайроштың көңіл күйі бір-бірімен неге ұқсас?

2-топ. Әңгімеден  пейзажды, кейіптеуді тауып оқып беріңдер.

3-топ. 141-беттегі  үзіндіден тұрақты тіркесті тауып, мәнін түсіндіріңдер.

4-топ. Әңгімедегі кейіпкерлерге мінездеме беріңдер (портреті, мінез-құлқы).

5-топ. Шегеннің Қайрошқа айтқан ақылын әңгімеден тауып оқыңдар.

6-топ. Әңгіменің ең қызық жерін табыңдар. Оны неге қызық деп тапқандарыңды айтыңдар.

Әңгіменің үзіндісін аудиохрестоматиядан тыңдатып, «Жасап көр» тапсырмаларын интербелсенді тақтадан көрсету. 

Ғ.Мүсірепов. «Жаңа достар» әңгімесіндегі кейіпкерлер, тіл көркемдігі

 

https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy

Берілген тапсырмаларды орындау арқылы тақырыптың мазмұнын ашады, тақырыптың ең маңызды жерін, ең қызық жерін табады, оны неге қызық деп тапқанын айтады, тақырып туралы ақпарат жинайды, байланыстырады, суреттейді, өз бағасын береді.

Талдау

(анализ)

 

9 мин

Талдау – табыс кілті.

І. Әдеби-теориялық ұғымдарды қайталау.

1. Теңеу дегеніміз не?

Теңеу – затты, нәрсені, құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Ол -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

2. Кейіптеу дегеніміз не? Жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға, жан иесіне ұқсатып, жандандыра, құлпырта суреттейді. Әдебиеттегі мұндай тәсілді кейіптеу деп атайды. 

3. Портрет дегеніміз не? Көркем әдебиетте адамның сырт пішінін, кескін-келбетін, жүріс-тұрысын суреттеуді портрет дейді. 

4. Пейзаж дегеніміз не? Көркем шығармада суреттелетін табиғат көрінісін пейзаж дейміз.

5. Прототип дегеніміз не?

Прототип дегеніміз – әдеби шығармадағы кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болатын өмірде болған адам, яғни өмірде бар бастапқы, түпкі тұлға.

ІІ. Электронды оқулықта тапсырма орындау.

І. Әдеби-теориялық ұғымдар интербелсенді тақтада семантикалық карта түрінде көрсетіледі.

 

ІІ. Бірнеше оқушыға электронды оқулықта (bilimland.kz) тапсырма орындатады.

 

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti

1. Семантикалық картаны дәптерде толтырады.

 

2. bilimland.kz-те тапсырма орындап, тест тапсырады.

Жинақтау (синтез)

 

8 мин

Ой толғаныс.

1, 3, 5-топ. «Ана аманаты».

2, 4, 6-топ. «Мызғымас достық» тақырыбында ойтолғау жазу.

Топ бойынша тақырыпты жинақтау үшін әр оқушыға тақырыпқа қатысты ойтолғау жаздырады, таңдаулысын топ басшысына  оқытады.

Оқушы тақырыпқа қатысты ойтолғау жазады, таңдаулысын топ басшысы оқиды.

Бағалау

2 мин

Мәреге жеттік!

Өзін-өзі бағалайды.

Топ басшысы бағалайды.

Мұғалім бағалайды.

(барлығының ортақ бағасы қойылады)

Бағалау парақшасын тарату.

Өзін-өзі және топпен бағалайды.

Үйге тапсырма

2 мин

Әңгімедегі әдеби-теориялық ұғымдарды тауып жазу.

 

«Талдау – табыс кілті» тапсырмасын еске түсіреді.

Сыныпта жасаған семантикалық картаны пайдаланып, мәтіннен әдеби-теориялық ұғымдарды тауып жазады.

Рефлексия

2 мин

Бүгінгі сабақтан алған әсерім қандай?

«Достар әлемі» стикерлерді толтыру.

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну.

Ұсынылған стикерді толтыру, «Достар әлемі» тақтасына жапсыру.

 

Семантикалық карта

 

 

Көркем әдебиетте адамның сырт пішінін, кескін-келбетін, жүріс-тұрысын суреттеу

Әдеби шығармадағы кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болатын өмірде болған адам, яғни өмірде бар бастапқы,түпкі тұлға

Жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға, жан иесіне ұқсатып, жандандыра, құлпырта суреттеу

Заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Ол -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

Көркем шығармада суреттелетін табиғат көрінісі

Теңеу дегеніміз не?

 

 

 

 

 

 

Кейіптеу дегеніміз не?

 

 

 

 

 

 

Портрет дегеніміз не?

 

 

 

 

 

 

Пейзаж дегеніміз не?

 

 

 

 

 

 

Прототип дегеніміз не?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қате туралы хабарландыру