Абай Құнанбаев, өмірі мен шығармашылығы

Мендибаева Мулдир Болатбековна
Қызылорда қаласы, М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі
1093
Жаңашыл мұғалім-2019
Қазақ әдебиеті
Тақырыбы:
Абай Құнанбаев, өмірі мен шығармашылығы

Сабақ мақсаты:

Білімділік:

Студенттердің А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тексеру, дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып,негізгі түйінді таба білуге дағдыланады.

Тәрбиелік:

Ақынның қара сөздері арқылы студенттердің рухани байлығын , адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу,адами сезімді қастерлеуге, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа бейімделеді.

Дамытушылық:

Студенттердің қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін,нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту, коммуникативтік, оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту

Құндылық:

Ақиқат – шындық негізі. Бұл өзгермейтін, өмірдің қағидасы: барлық жаратылыстан өтетін рухани бастау екенін Ыбырай мен Абай шығармалары арқылы ұғынады.

Сабақ түрі:

Теориялық

Сабақ типі:

Аралас

Сабақты ұйымдастыру формасы

Жұптық, топтық

Оқыту әдістері, тәсілдері, оқыту технологиясы:

түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, пікір-талас, іздендіру, брифинг, «515» әдісі, «Think wane (синквейн) 5 жолдық» әдісі

Қолданылатын дидактикалық материалдар, техникалық құралдар:

Ноутбук, интербелсенді тақта, аудио-бейне жазбалар

Цифрлық білім беру ресурстары:

https://itest.kz/kz/ent/kazak-adebieti/lekciya_shoqan_ualikhanov_ybyraj_altynsarin_abaj_qunanbaev_shyharmalary

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/7-synyp/lesson/abaj-qunanbajuly-kongil-qusy-qujqylzhyr-shartarapqa

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/7-synyp/lesson/abaj-qunanbajuly-qansonarda-burkitshi-shyhady-angha

http://www.abay.nabrk.kz/index.php?lang=kk

 

Қолданылатын негізгі әдебиеттер:

1.А.Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Өлеңдер мен аудармалар. – Алматы: Жазушы. – 2005

2.М.Әуезов А.Құнанбаев шығармаларының екі томдық жинағы. Аудармалар мен қара сөздер.

3. А.Құнанбаевтың таңдамалы шығармалары

4.А.Құнанбаев. Өлеңдер мен аудармалар, поэмалар,қара сөздер. Алматы, 2012

Қосымша әдебиеттер:

Жалпы білім беретін мектептердің «Қазақ әдебиеті» оқулықтары

Электронды оқулықтар

Мерзімді басылымдар

Ғылыми мақалалар, зерттеу жұмыстары

 

Сабақ барысы

 

Сабақ барысы

Уақыты

Сабақ барысындағы оқытушы іс-әркеті

Сабақ барысындағы студенттің іс-әрекеті

Қажетті оқу-ресурстық құралдар

1

2

3

4

5

І.Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру

5 мин

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

1.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Психологиялық дайындық

Мотивациялық – бағдарлау кезеңі
Аффирмациялармен жұмыс жасау: Баяу музыка қойылады (Слайд 1 - 12)
- Мен өзіммен достасқан әлемде өмір сүремін!
- Менің айналамда сүйкімді адамдар өмір сүреді, олар маған әрқашан көмектеседі!
- Мен өз күшіме сенемін.
- Мен бұл өмірдің ең тамаша кереметтеріне лайықпын және оны қуанышпен қарсы аламын!
- Мен не қалаймын, соның барлығына қол жеткіземін!
- Мен өзімнің ғажайыптарымды осы қазір жасаймын!
- Өмірдің барлық жақсылықтары мен үшін!
- Мен күннен күнге күшті болып келемін!
- Менің оқуым күннен күнге жақсарып келеді!
- Менің барлық армандарым орындалады!
- Мен бәрін дұрыс жасайтыныма сенімдімін!
- Мені бәрі жақсы көреді!

Сабақтың эпиграфы: 

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты іздесең,

Жаттап тоқы көңілге.

(С.Торайғыров.)

Ынтымақтастық қарым қатынас орнайды

Студенттер топқа бөлінеді

Тренинг жинақтары

ІІ.Өткен сабақты пысықтау (керекті білімдерді еске түсіру)

15 мин

Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы

Әңгімелерін оқу, мазмұнына талдау жасау

 

Үй тапсырмасы бақыланады.

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/5-synyp/lesson/ybyraj-altynsarin-ozen-olengi

ІІІ. Оқу жұмысына ынталандыру,  негізгі талқыланатын тапсырмалармен таныстыру

25 мин

II.Мағынаны тану.

iTest интернет білім беру порталынан конспект көрсетіледі.

Электронды оқулық арқылы ақын туралы мәлімет көрсетіледі.

Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білмейтін қазақ жоқ шығар. Қазақтың заңғар жазушысы М. Әуезов «Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп баға берген еді. Бүгінгі тақырып бойынша сынып оқушыларына алдын - ала Абай Құнанбайұлы туралы деректер жинау тапсырылған еді. Сабақ брифинг түрде өткізіледі.

1. «Білімге бастап ел - жұртын»
Студенттер слайд арқылы Абай Құнанбайұлының өмірімен, шығармашылығымен таныстырады)
2. Абай – ақын
*Абайдың өлеңдерін тақырыптарға бөле отырып, талдау жұмысын жүргізеді.
*Абайдың өлеңдері сұралады.
*Өлеңдерінің шығу тарихына зерттеу жұмысы..
3. Абай – аудармашы
Студенттер слайд арқылы Абайдың аудармалары туралы айтады.
4. Абай – қарасөз шебері
*Қарасөздерінің жазылу ерекшеліктері туралы айтады;
*Бейнетаспадан Абайдың қарасөзі тыңдатылады.
5. Абай – сазгер.
*Абайдың әндер мен күйлері туралы айтылады.
* «Желсіз түнде жарық ай» әні тыңдатылады.

Көрсетілген конспектіні «Түртіп алу» стратегиясы арқылы дәптерлеріне қысқаша қажет мәліметті жазып алады. 

 

 

Практикалық тапсырмалар орындалады.

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/7-synyp/lesson/abaj-qunanbajuly-kongil-qusy-qujqylzhyr-shartarapqa

https://itest.kz/kz/ent/kazak-adebieti/lekciya_shoqan_ualikhanov_ybyraj_altynsarin_abaj_qunanbaev_shyharmalary

 

ІҮ. Білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыру, практикалық тапсырмаларды орындау

30 мин

«Абай — адамзаттың өркениет тарихындағы ұлы тұлға. Абай — қазақтың ғана емес, адамзаттың ақыны» Федерико майор, ақын, ЮНЕСКО-ның бас директоры.

 Тарихи   сынақ  хат. Шарты: Көп   нүктенің   орнына   қажетті   сөзді  қойып  толықтыр. Топ студенттеріне ақын шыармаларынан үзінділер беріліп, соны толықтырады.

Абайдың қара сөздерін аудио жазба арқылы тыңдап, топтар бойынша әр сөзіне пікір алмасады.

 7-сынып бойынша Абай өлеңімен жұмыс жүргізіледі.

Блум сұрақ қою өлшемі.

1) Тыңдағанды  еске түсіру

2) Түсіндіру сұрақтарын құрастыру (негізгі идеяны ашу)

3) Аударма сұрақ ( эссе, өлең жазу, 2 жол өлең шығару)

4) Талдау сұрақтары.

5) Жинақтау сұрақтары.

6) Бағалау сұрақтары.

     «515» әдісі арқылы жаңа тақырып бекітіледі. Тірек сөз – Пікір- Дәлел                        

Білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыру, практикалық тапсырмаларды орындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектеп бағдарламасымен байланыс орнатылады.

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/7-synyp/lesson/abaj-qunanbajuly-qansonarda-burkitshi-shyhady-angha

 

 

http://www.abay.nabrk.kz/index.php?lang=kk

 

 

 

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/7-synyp/lesson/abaj-qunanbajuly-kongil-qusy-qujqylzhyr-shartarapqa

 

Ү. Қорытынды, рефлексия, (нәтижелерді қорғау, іс-әрекетті талдау)

5 мин

Think wane (синквейн) 5 жолдық 
• Бірінші жол- тақырып атауы; 
• Екінші жол – тақырыпты екі сөзбен сипаттау,– белгі немесе сын есіммен; 
• Үшінші жол - осы тақырыптағы іс-әрекетті үш сөзбен сипаттау, етістікпен; 
• Төртінші жол – төрт сөзден тұратын фраза, тақырыпқа қатысты; 
• Бесінші жол– синоним, тақырыпты ашатын. 

Бұл жұмыс түрінде әр студент өз ойын, алған әсерін білдіреді.

https://infourok.ru/sabata-paydalanatin-refleksiya-trleri-823076.html

 

ҮІ. Білімді бақылау, бағалау

5 мин

«Зымыран сұрақтар» арқылы білімдері бақыланады.

1. Абай кім?
2. Ол қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
3. Оның анасы қандай адам болған?
4. Абайды кім тәрбиеледі?
5. Абай қайда оқыды?
6. Абай нені үйренуге тырысады?
7. Неше жасында өлең жаза бастады?
8. Кімнің шығармаларын оқып, қазақ тіліне аударды?
9. Абайдың қандай өлеңдерін білесің?
10. Оның шығармалары қашан және қай жерде жарық көрді?
11. М.Әуезов Абай туралы қандай роман жазды?

Студенттер бақылау сұрақтарына жауап береді.

Бағалау парақтары арқылы бағаланады.

https://www.slideshare.net/shagala/ss-69805265

 

Бағалау парақшалары

ҮІІ. Үй тапсырмасын беру

5 мин

Өтілген тақырып бойынша үй тапсырмасы беріледі.

Үй тапсырмасын түсінеді, орындалу жолдарын бақылайды.

https://itest.kz/kz/ent/kazak-adebieti/lekciya_shoqan_ualikhanov_ybyraj_altynsarin_abaj_qunanbaev_shyharmalary

Практикалық тапсырма

 

 

Шығармашылық тапсырма

Абайдың қара сөздеріне құрылымдық талдау жүргізу, шығармаларын тақырыптарына қарай топтастыру

 

«Кейіпкерге хат» стратегиясы бойынша қазіргі заман мен Абай заманын салыстыра отырып,Абайға хат жазу.

 

 

 

 

 

 

 

Қате туралы хабарландыру