Пифагор теоремасы

Әліпов Құрманғазы Дауылбайұлы
БҚО, Орал қаласы, Зашаған кенті, Х. Доспанова атындағы №30 ЖББОМ
651
Жаңашыл мұғалім-2019
Геометрия
Тақырыбы:
Пифагор теоремасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.3.2  Пифагор теоремасын дәлелдейді және қолданады;

Сабақ мақсаттары

Пифагор теороемасымен танысып, дәлелдеуін тұжырымдайды.

Бағалау критерийлері

- Пифагор теоремасын біледі;

- Пифагор теоремасын дәлелдейді;

- Пифагор теоремасын қолданып есептер шығарады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология

тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі; бұрышқа іргелес жатқан катет; бұрышқа қарсы жатқан катет;  катеттердің квадраттарының қосындысы; Египет үшбұрышы; негізгі тригонометриялық тепе-теңдік; перпендикуляр, проекция және көлбеу; катеттердің гипотенузаға проекциялары; геометриялық орта.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең; тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы анықтамасынан α бұрышына іргелес жатқан катет ... тең; тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тангенсі анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең; Пифагор теоремасын қолданып, ... табамыз;негізгі тригонометриялық тепе-теңдік негізінде ...; катеттің квадраты ... тең.

Сөздікпен жұмыс: https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/8-synyp/pifagor-teoremasy

· Пифагор теоремасы – Теорема Пифагора – The theorem of Pythagoras

· Катет – Катет – Cathetus

· Гипотенуза – Гипотенуза – Hypotenuse

· Тікбұрышты үшбұрыш – Прямоугольный треугольник – Rectangular triangle

Құндылықтарды дарыту

Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу.

Пәнаралық байланыстар

Сызу, физика

АКТ қолдану дағдылары

https://bilimland.kz/kk порталындағы «Геометрия» және «Twig-bilim» білім беру ресурстары. Kahoot.it программасы.

Бастапқы білім

Тікбұрышты үшбұрыш және оның элементтерінің анықтамалары туралы біледі. Тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері туралы біледі және оларды қолдану біліктілігі. Үшбұрыш теңсіздігі және үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

 

 

10 минут

 

 

1. Сыныпты ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу.

Сынып тазалығына назар аудару.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

«Үш тілдегі тілек». Өзінің көршісіне бүгінгі күнге деген өзінің тілегін үш тілде айтады.

Үй жұмысын тексеру. 5 минуттық жеке жұмысын жүргізу. Оқушылар kahoot.it программасы бойынша тест орындайды.

 

https://create.kahoot.it/details/b2c29bfd-dd06-4d3b-9491-850712512f10

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

11-31  минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пифагор теоремасына анықтама үш тілде беріледі.

https://twig-bilim.kz/kz/film/proving-pythagoras

Топтық жұмыс.

https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/8-synyp/pifagor-teoremasy.

Әдіс «Галереяға саяхат»

І топқа:

 

 

 

 

 

 

 

 

Ә.Н.Шыныбеков. Алгебра, 8. Алматы, 2012

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

31-37 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

37 – 40 минут

 Ой толғаныс

 

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы.

1-тапсырма:   Екі пароход порттан шығып, біреуі солтүстікке, ал екіншісі батысқа бет алды. Олардың жылдамдықтары сәйкесінше 15 км/сағ және 20 км/сағ. Екі сағаттан кейін олардың ара қашықтықтары қандай болады?

Дескриптор:    Білім алушы –

 әр пароходтың жүрген жолын табады;

- Пифагор теоремасын қолданып, өрнек құрады;

- есептеулер жүргізіп, жауабын жазады.

1. Жинақтау. Оқушылар өздері сұрақтар құрастыру арқылы «иә» немесе «жоқ» стратегиясы арқылы жауап беру.

2. Бағалау. Топтар бірін-бірі ауызша бағалайды.

3. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

4. Үйге тапсырма:

Кітап сөресі өте жоғарғы дәлдікпен жасалу керек. Егер қабырғалары белгілі болса, (суреттен қараңыз) онда қабырғасы тік бұрышты ма анықтаңыз?

 

 

 

 

Rabinovich_Geometriya_7_9_upr_na_gotovih_chertejah

 

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 

Сабақ барысында  өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді.  Топтық талқылауда барлық оқушының қатысатынына, білімі төмен оқушылардың басқалардан тәуелді болмауына класс оқушыларның сенімді болуы жоспарланған.

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетемін.

Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу туруына назар аудару.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 

 

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

       
Қате туралы хабарландыру