Тригонометриялық функциялардың туындысы

Нүсіпалиева Рауан
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп
11710
Алгебра
Тақырыбы:
Тригонометриялық функциялардың туындысы

 

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: тригонометриялық функциялардың туындысын табу формулаларымен танысады, қарапайым тригонометриялық функциялардан туынды тауып үйренеді.

Оқушылардың басым бөлігі: құрамында тригонометриялық функциялары бар қосындыдан, көбейтіндіден, бөлшектен және күрделі функциялардан туынды тауып дағдыланады.

Кейбір оқушылар: тақырып бойынша берілген есептерді өз бетінше шығарып, өзге оқушыларға түсіндіре алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер

Туынды, туынды табу ережелері, күрделі функцияның туындысы, тригонометриялық функциялар, тригонометрия формулалары.

Алдыңғы тақырып

Туынды табу ережелері. Күрделі функцияның туындысы.

Ресурстар

https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/analiz-bastamalary/tuyndy-zhane-onyng-qoldanyluy/tuyndy/lesson/trigonometriyalyq-funkcziyalardyng-tuyndysy

http://itest.kz/exam_test?test_id=569372995

А.Әбілқасымова. Алгебра және анализ бастамалары. Жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10 сыныбына арналған оқулық, Алматы: Мектеп, 2014.

Құралдар

Интерактивті тақта, интернет желісіне қосылған ноутбуктар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекет (тапсырмалар, жаттығулар, ескертпелер)

 

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Оқушыларды түгендеу.

Сергіту сәті«Сиқырлы қалам» әдісі арқылы жүргізіледі. Оқушылар пән бөлмесінде столды айналып, шеңбер жасап тұрады. Бір-біріне қаламды беру арқылы дифференциалдау формулаларын және туынды табу ережелерін айтып шығады;

Топқа бөлу. Оқушыларға төмендегі үлгіде үш түсті парақшаға шығарылған (Formulator Tarsia компьютерлік программасымен әзірленген) үлестірмелі қағаздар таратылады. Үлестірме қағаздың түстері бойынша оқушылар топқа бөлінеді.

Тригонометриялық функциялардың туындысы - 1

Қалам, топқа бөлу парақша-лары

Сабақтың ортасы

25 минут

Өткен тақырыпты қайталау.

«Мозайка» әдісі арқылы оқушылар топқа бөліну парақшаларындағы функциялар мен олардың туындыларын сәйкестендіреді де, парақшаларға жапсырады.

Тригонометриялық функциялардың туындысы - 2

«Стикерлер стратегиясы» әдісі бойынша топтар бір-бірінің құрастырған мозайкасын тексереді.

Құрастырылған мозайкаларды топтар сағат тілі бағытымен басқа топқа жібереді. Олар мозайканы дұрыс жауаппен салыстыра отырып тексеріп, жапсырма қағазға пікірін жазады.

Үлестірме қағаздар,желім,

А4 қағаз, жапсырма қағаз, дұрыс жауап парағы.

Сабақтың тақырыбын анықтау.

І топқа «Тригонометриялық функциялар» сөзі беріледі. «Сұрағын тап» әдісі бойынша жауабы осы сөз болатындай үш сұрақ құрастырып, оларды басқа топтағы оқушыларға қояды. Қалған екі топтағы оқушылар осы сұрақтарға жауап беру арқылы жасырылған сөзді табу керек.

ІІ топ. «Төрт сурет бір сөз» әдісі бойынша жасырылған «Функция» сөзін табады.

Тригонометриялық функциялардың туындысы - 3

ІІІ топтан бір оқушы тақтаға шығады. «Блиц кездесу» әдісі бойынша ол оқушының өзіне көрсетпей, маңдайына «Туынды» сөзі жазылған қағаз қойылады. Топтағы қалған оқушылар түсіндірмелер жасау арқылы осы сөзді табуға көмектеседі.

 

Мұғалім сөзі: бүгінгі сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық функциялардың туындысы.

Тапсырма жазылған қағаз, слайд.

Жаңа сабақ материалымен танысу.

Bilimland

https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/analiz-bastamalary/tuyndy-zhane-onyng-qoldanyluy/tuyndy/lesson/trigonometriyalyq-funkcziyalardyng-tuyndysy оқушыларға сайттағы мәліметтерді бере отырып, стратегия талаптарын орындату.

Видеоматериалдар көрсетіледі.

Тригонометриялық функциялардың туындысы - 3

Синус функциясының туындысы (46 сек).

Косинус функциясының туындысы (47 сек).

Тангенс функциясының туындысы (43 сек).

Котангенс функциясының туындысы (42 сек).

bilimland.kz

«Тригонометриялық функциялардың туындысы» сілтемесі бойынша

негізгі формулаларды дәптерлеріне жазып алады.

Тригонометриялық функциялардың туындысы - 4

Көршіңе әңгімелеп бер.

Топ мүшелер жұптасып дәптердегі формулаларды бір-біріне түсіндіреді.

Жұмыс дәптері, bilimland.kz.

«Бірге ойлаймыз» әдісі.

bilimland.kz сайтындағы мәліметтер қосымша ақпарат ретінде әр топқа бөлек бөлімдері беріліп, онымен мұқият оқып танысулары тапсырылады.

1-жаттығу. Сәйкестендіру.

Тригонометриялық функциялардың туындысы - 5

Әр топ интернетке қосылған ноутбук арқылы берілген жаттығуларды орындайды.

І топ. 2-жаттығу. Сәйкестендіру.

Тригонометриялық функциялардың туындысы - 5

ІІ топ. 3-жаттығу.

Тригонометриялық функциялардың туындысы - 6

ІІІ топ. 4-жаттығу.

Тригонометриялық функциялардың туындысы - 7

Орындалған жұмыс нәтижелерін проектор арқылы экраннан көрсетіп, басқа топ оқушыларына түсіндіреді.

bilimland.kz

Есептер шығару.

Тригонометриялық функциялардың туындысы - 8

Оқулықтағы №226 (а, б), №227(а, б), №228 (а, б) шығарады.

bilimland.kz

Сабақтың соңы

15 минут

Бағалау (10 минут). Оқушылар жеке-жеке ноутбукта жұмыс істейді.

Бағалау индикаторы:

Жаттығулар:

Тригонометриялық функциялардың туындысы - 9

Тест

http://itest.kz/exam_test?test_id=569372995

Тригонометриялық функциялардың туындысы - 10

Бағалау дескрипторы:

1. Тригонометриялық функциялардың туындысын таба алады.

2. Күрделі функцияның туындысын таба алады.

3. Туынды табуда бөлшектен туынды табу ережесін қолдана алады.

4. Туынды табуда көбейтіндіден туынды табу ережесін қолдана алады.

5. Функцияның берілген нүктедегі мәнін таба алады.

6. Тригонометриялық теңдеулерді шеше алады.

bilimland.kz

itest.kz

Қосымша оқу үшін. № 224, №225

Оқулық

Кері байланыс: «Мұғалімге хат». Түсінбеген сұрақтарын жазып, почта жәшігіне салады.

 

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау ­– Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

АКТ-мен байланыс.

 

Оқушылар топтық және жұптық жұмыс арқылы бір-біріне көмек көрсетеді.

Қабілетті оқушылар берілген жаңа материалды өзге оқушыларға түсіндіреді.

Тақырып бойынша барлық оқушыларға жеке орындауға арналған жаттығулар мен тест тапсырмаларын беремін. Ол есеп бойынша дескриптор құрамын. Сол дескриптор бойынша оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенің анықтауға болады.

Интернет желісіне қосылған компьютерлер, интерактивті тақта.

 

Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты орындалды ма?

 

Бүгін оқушылар не білді?

 

 

Сыныптағы ахуал қандай болды?

 

Оқушылар арасында дифференциация бойынша әрекеттер сәтті болды ма?

 

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

 

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

 

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1: __________________________________________________________________________________

2: __________________________________________________________________________________

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1: __________________________________________________________________________________

2: __________________________________________________________________________________

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жеке оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1: __________________________________________________________________________________

2:

 

Қате туралы хабарландыру