«Модельдерді зерттеу» практикумы

Сағынаева Гүлнұр
Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылдық округі, Абай Құнанбаев атындағы орта мектеп
2116
Информатика
Тақырыбы:
«Модельдерді зерттеу» практикумы

Сабақтың мақсаты: Ресурстар
Модельдерді кластарға бөлу, олардың қасиеттерін пайдаланып, модельдеу дағдыларын қалыптастыру.
Модельдеу түрлерін меңгерте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
1. Модельдерді қасиеттері бойынша ажырата білу.
2. Әрбір іске жауапкершілікпен қарап, өз ісіне адал болуға баулу.
3. Оқушылардың өздігінен ізденулері арқылы нақтылық, шығармашылық қасиеттерін дамыту.
Сабақтың барысы:

Сыртқы интеграция.

Тыныштық сәті, шығармашылық жұмыс, топпен ән айту, дәйек сөз.

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

«Модельдерді зерттеу» практикумы - 1
Тыныштық сәті:
(Баяу әуен қойылады)
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Сіз кең жайлауда келе жатырсыз, даланың жылы самал желі сенің бойыңды ерекше сезімге бөлегендей, мұрныңа жасыл шөптің, әртүрлі гүлдің жұпар исі келіп, осы бір тамаша ауаны тереңірек жұтып, рахаттана демаласың. Кенет алдыңыздан әдемі киіз үйді көрдіңіз. Жайлап есігін ашып, ішіне ендіңіз. Жарасымын тауып орналасқан жиһаздар, жерге жайылған түрлі-түсті кілемдер сені қуанышқа бөлейді. Шаңырақтан төгілген күн шуақтары да сені бір ерекше жылылыққа бөлейді. Осындай ғажайып күй кешіп тұрып, сен өзіңнің жақындарыңды іздейсің, сенің ата-анаң, туыстарың, достарың, сенің оларға жылы сөз айтқың келеді, ол сөздер сенің жүрегіңнен нұрлана шығып, аузыңнан гүл болып төгілгендей. Іштей махаббатқа толы жылы да сыпайы сөздерді қайталаймыз. «Мен нұрлы жүректі адаммын, сондықтан да тек қана жылы сөздер айта алуым керек, бұл маған бақыт сыйлайды» деп. Осындай жайлы күйде отыра тұрыңыз, өзіңізді әлемдегі ең бақытты, сыйлы адам ретінде сезініңіз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рақмет.
Баяу музыка

2 минут

Сыртқы интеграция

І. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Ақпараттық модель тарауы бойынша 5 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын ұсынады.
2. Тест нәтижесі бойынша сапа мониторингіне талдау жасалады.

Оқушыларға қосымша сұрақтар қойылады:
1. Модель жасауда ең басты қасиет не болып табылады?
2. Неге модельдің «нақтылық» немесе «сәйкестік» қасиеті басты болып тұр?
Оқушылар жауаптарында бір нысанның моделін, яғни үлгісін жасауда басты қасиет нақтылық қасиеті екендігін, себебі модельдің құндылығы оның нақтылығына, сәйкестігіне тәуелді деп жауап берулері керек.
Жаңа модельдер, көлік жасауда, үй нысандарын жасауда, бір сөзбен айтқанда адам өмірімен байланысты кез келген нысандардың моделін жасауда адамдарға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар? Неге?
Осындай сұрақтарға беру арқылы «дұрыс әрекет» құндылығының мәнін ашу. «Кез келген істе дұрыс іс-әрекет қана сапалы, құнды нысандардың пайда болуына әсерін тигізеді» деген қорытындыға келеді, яғни модельдер дұрыс құрастырылмаса, сапасы да, құны да болмайды.

ІІ. Оқушылар топқа бөлінеді.

Әр топқа семантикалық карталар таратылады.

Есептері Материалдық Ақпараттық Таңбалық
1 «Модельдерді зерттеу» практикумы - 2      
2 «Модельдерді зерттеу» практикумы - 3      
3 «Модельдерді зерттеу» практикумы - 4      
4 «Модельдерді зерттеу» практикумы - 5      
5 «Модельдерді зерттеу» практикумы - 6      
6 «Модельдерді зерттеу» практикумы - 7      
7 S=a•b      


Осы карталар бойынша оқушылар өткен сабақты еске түсіреді.

ІІІ. Шығармашылық тапсырмалар.

1. Тапсырма:
Ұзындығы 25 см, ені 4 см тіктөртбұрыштың ауданын табу моделін (программасын) құрыңдар.
(100см2).
2. Жұмбақты шешіп, графикалық моделін құрыңдар:
Төбедегі көзінен,
Күн сәулесі түседі.
Бұрышы жоқ төрінен,
Самал еркін еседі.
(Киіз үй)
3. Монитор экранында шыққан әнге қандай модель құрастыруға болады?
«Елім менің» әні, сөзін жазған Н.Ә. Назарбаев. (Астанамыздың «Бәйтерек» монументін салады).
4. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, шыққан сөздің моделін жаса:
«Қазақ нағыз қазақ емес, нағыз қазақ ......»
(домбыра)

IV. Қосылып ән айту.

«Елім менің» әнін айту.
Сөзі: Н. Назарбаев, Әні: Б. Тілеухан.
Дәйек сөз: «Ата салтың – ұлттық қалпың».
Осы дәйек сөзді бүгінгі сабақ тақырыбымен қалай байланыстыра аламыз. Оқушылар жауаптарын толықтыру:
Бұл жерде «қалып» сөзі «модель» ұғымы сәйкес болып тұр, сабақ барысында сіздер бүгінгі тақырыбымызды рухани құндылықтармен, асыл мұраларымыз «киіз үй, шаңырақпен» байланыстырып отырдық. Бұдан біз нені ұқтық? Әрине біз ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүр, мұраларды ұмытпауымыз керек, сонда ғана біз ұлттық құндылықтарымызды сақтап қаламыз! Біздің барлық әрекеттеріміз өз ұлтымыздың ғасырлар бойы жасап келе жатқан құнды қасиеттеріне сәйкес келсе ғана біз ұлттық қалпымызды сақтап қаламыз!
 

V. Тақырыпты бекіту.
Тапсырмалар ұсынылады (әр оқушы жеке орындайды):
2-жаттығу. Оқушылар берілген 5 ұғымның дұрыс/бұрыстығын анықтайды.
3-жаттығу. Информатикалық диктант. Мәтіндегі бос ұяшықтардың орнына тиісті сөздерді орналастыруы қажет.
 

VІ. Бағалау

Оқушылардың сабақ барысында орындаған жұмыстарын бақылап, бағалайды.

Үй тапсырмасы:

№3, 97-бет. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқып жатқан «Бес құндылық» моделін жасап келу.

5 минут
Bilimland
https://bilimland.kz
(видеожинақ – тегін сабақтар – информатика – модель түрлері – тест)
5 минут
Топқа бөліну


Семантикалық карталар
5 минут






19 минут


компьютер
«Модельдерді зерттеу» практикумы - 8
Берілген тапсырманың программасын дайындайды.

«Елім менің» әнінің аудиожазбасы
3 минут





https://bilimland.kz
(Видео жинақ – тегін сабақтар – информатика – модель түрлері – 2, 3-жаттығу).


4 - минут



2 минут
Қате туралы хабарландыру