Интернетте ақпаратты іздеу. Электрондық пошта

Жубауова Алтынгүл
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы, Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназия
4478
Информатика
Тақырыбы:
Интернетте ақпаратты іздеу. Электрондық пошта

 

Жалпы мақсаты

Оқушыларды интернетте еркін жұмыс жасауға, қажетті ақпараттарды іздеп, табуға үйрету.

Сілтемелер

Компьютер, интерактивті тақта, слайдтағы тапсырмалар,

Bilimland www.bilimland.kz сайты.

Оқыту нәтижелері

Оқушылар интернетте еркін жұмыс жасай алады.

Тапсырма көздері

1. Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Топқа бөлу (ақ, қызыл түсті асықтар тарату арқылы). Түстерге сипаттама беру (5 мин).


Ақ түс – таза парақ, онда әлі де талай тарих жазылады. Пәктік, тазалық нышаны. Ақ түс әділдікті білдіреді. Еш бояуы жоқ ақ түс кіршіксіз сезімді көрсетеді.
Қызыл түс адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар.

 

2. «Қайталау – оқу анасы».

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қайталау.

Сұрақтар:
1. Компьютерлік желілердің қандай түрлерін білесің?
2. Желіге қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қандай құрылғыларды қолдануға болады?
3. Топологиялық желілердің түрлері туралы айтыңдар.

 

3. Жаңа сабақ. Мағынаны тану. Электронды оқулықты пайдалана отырып тақырыпқа шолу жасау және www.bilimland.kz сайтынан bilimland.kz/kk «www интернет консорциумы дегеніміз не?» бейнеролигін көрсету.

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/web-sajttar-men-domendik-ataular

Интернетте ақпаратты іздеу. Электрондық пошта - 2

4. Сергіту сәті

«Мен қазақпын» бейнеролигі көрсетіледі.

 

5. Бізден сұрақ, сізден жауап.
1. Интернет сөзін қалай түсінесің?
2. Интернеттің қандай қасиетіне байланысты оны ғаламдық деп атайды?
3. Домендік атау деген не?
4. Браузер деген не?
5. Қандай іздестіру сайттарын білесің?

6. «Жаңаны танып білу маңызды».
Топтар өтілген тақырып бойынша постер қорғайды.

Бағалау

Сабақ барысында тапсырма орындаған, сұраққа жауап берген оқушыларға смайликтер тарату арқылы бағаланады (жинаған смайликтердің санына қарай).

Кері байланыс

1. Бүгінгі сабақтан алған әсерім?

2. Маған не ұнады/ұнамады?

Қате туралы хабарландыру