Архимед күші

Болыс Асем
Астана қаласы, №70 мектеп-лицей
4477
Физика
Тақырыбы:
Архимед күші

 

Оқыту мақсаты

- Су ішінде денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтауды үйрену;

- Архимед күшінің бар екендігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу;

- Архимед күшінің табиғаттағы пайдасын түсіну;

- Архимед күші, Архимед заңы, сұйық ішіндегі кері итеруші күштің қандай физикалық шамаларға байланысты екендігін білу.

Сабақтың міндеттері

Оқушылар білуі керек:

- Архимед күші, Архимед заңы, сұйық ішіндегі кері итеруші күштің қандай физикалық шамаларға байланысты екендігін білу міндеті.

Білім алу құндылықтары

- құрмет;

- ынтымақтастық;

- ашықтық;

- қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;

- өмір бойы білім алу.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар

https://bilimland.kz сайты, интерактивті тақта, құрал-жабдықтар, карточкалар, маркерлер, стикер.

Сабақ барысы

 

Сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

Оқыту ресурстары

1-3 минут

 

 

 

 

 

 

4-5 минут

 

 

 

 

 

6-12 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13-20 мин

 

 

 

 

16-22 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23-30 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

31-42 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

43-45 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тренинг «шаттық шеңбері».

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толы жанымыз жүрегіміз.

(Бір-бірлеріне жақсы сөздер айту).

 

2. Оқушыларды топқа бөлу.

Түрлі-түсті стикерлер арқылы 6 топқа бөлу. Әр топқа бағалау парағын тарату.

 

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Сабақ барысында bilimland.kz сайтын пайдаланылатыны айтылып, интерактивті тақтадан сайтты ашып, келесі операциялар жасалынады:

bilimland.kz→физика→қысым→Архимед күші. https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/fizika-negizi/qysym/lesson/arximed-kushi

 

Оқушыларға Ежелгі Грециядағы ең танымал физик және математик Архимедтің қысқаша өмірі жайлы мағлұмат беріледі.

 

Архимед күші - 1

 

Оқушыларға Архимед күшінің (немесе кері итеруші күш) ауадағы және судағы қысымдарының айырмашылығын мына жазба арқылы түсіндіріледі.

 

Архимед күші - 2

 

Оқушыларға топтық тапсырма беріледі. Динамометрді қолдана отырып, көлемдері бірдей, бірақ салмақтары әртүрлі объектілерді бірінші ауада, сосын суда өлшеңіз. Нәтижелерді кестеге жазу керек.

Ол үшін оқушылардың бір тобы жоғарыда айтылған құрал-жабдықтарды пайдалана отырып өздері жасаса, келесі топтар интернет желісін пайдаланып, bilimland.kz сайтында және алдыңғы білімдерін пайдалануларына болады.

Архимед күші - 3

 

Оқушылар өз жауаптарын интерактивті тақтадағы ақпаратпен салыстырып, дәптерлеріне жазады.

Оқушыларға келесі топтық тапсырма беріледі. Оқушылар аңыз бойынша Сиракуз патшасы Архимедке қолөнерші жасаған тәждің таза алтыннан жасалған ба, әлде жоқ па екенін анықтауға тапсырма берген. Әрине, Архимед тәжді сындыра алған жоқ. Оған оны тексеру үшін басқа жол ойлап табу керек болды, ол қандай жол ойлап тапты деп ойлайсыңдар?

 

Архимед күші - 4 

 

Әр топ өз жауаптарын bilimland.kz сайтындағы Архимед және тәж бейнебаянмен салыстыра отырып тексереді.

bilimland.kz сайтында Архимед заңы және Архимед заңын тексеру бейнебаяны оқушыларға нұсқаулық ретінде көрсетіледі.

 

Архимед күші - 5

 

Оқушылар келесі кезекте bilimland.kz сайтындағы Архимед заңы https://bilimland.kz#lesson=5854 зертханалық жұмысы бойынша интерактивті зерттеулер жүргізеді.

 

Архимед күші - 6

Рефлексия

Жұмыстарды орындап болған соң оқушылар рефлексия жазып, сабақтың басында таратылған стикерді тақтаға жапсырады. Сабақ қорытындыланып, оқушыларға үй тапсырмасы беріледі.

 

Үй жұмысы:

bilimland.kz сайтынан Басты – Курстар Видеожинақ – Оқытушы фильмдер – Физика және астрономия – Архимед заңы https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/uchebnye-filmy/fizika-i-astronomiya/lesson/arximed-zangy. Архимед заңы тақырыбындағы бейнебаянды көру.

 

Архимед күші - 7

 

2. bilimland.kz сайтынан Басты – Курстар – Видеожинақ –Телевизиялық бағдарламаларҰлы адамдар – 10. Архимед https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/televizionnye-programmy/bolshie-lyudi/lesson/10-arximed-dzhovanni-lanfranko-igor-kurchatov-kz осы сілтемеден бейнебаянды көру арқылы Архимед туралы мәлімет алу.

 

Архимед күші - 8

 

Bilimland

https://bilimland.kz/kk

 

Интерактивті тақта, бағалау парағы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

bilimland.kz сайты, динамометр, көлемдері бірдей, бірақ салмақтары әртүрлі объектілер, су,  кесте.

Интерактивті тақта маркерлер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Стикерлер, бағалау парағы

 

 

Қате туралы хабарландыру