Мектеп биологиясында жобаны дайындаудың алгоритмдері мен үлгісі

Сейлхан Айнур Сейлханкызы
Алматы қ., №8 мектеп-гимназиясы
852
Биология
Тақырыбы:
Мектеп биологиясында жобаны дайындаудың алгоритмдері мен үлгісі

Жоба

Жоба – туындаған проблемадан шығуда белгілі бір мақсаттарды көздеген және оған жету жолындағы іс-әрекеттің, орындаушылар-дың және әдіс тәсілдердің жиынтығы.

Оқу жобасы

Оқу жобасы – білім алушылардың нәтижеге жетуге бағытталған, өзіне тән мақсаты мен міндеттері, әдістері мен тәсілдері бар қандай да бір өнім шығарумен аяқталатын, біріккен оқу-танымдық, шығармашылықтық немесе ойындық іс-әрекеттері.

Жоба әдісінің оқу үрдісіне енуі

• 19 ғасырдың 2-ші жартысында Американдық философ, педагог Джон Дьюи (1859-1952) АҚШ-тың ауылшаруашылық мектептеріне енгізген;
• Д.Дьюи идеяларын Совет педагогикасына таратқан А.С.Макаренко.

Оқытудағы жоба әдісінің мақсаты

• әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты (білімді) өз беттерінше алу; 
• танымдық және практикалық міндеттерді шешу үшін алынған білімдерді қолдана алу; 
• коммуникативтік іскерліктерге ие болу;
• зерттеушілік шеберліктерін (проблеманы анықтау, ақпарат жинау, талдау жасау, қорытындылау) дамыту;
• жүйелі ойлау қабілеттерін дамыту.

Жобаның өмірлік кезеңі

1. Идеяның, ойдың тууы немесе проблеманың туындауы (нақты өмірден алынуы);
2. Проблемаға талдау жасау (мақсаты мен міндеттерін айқындау);
3. Тұжырымдама жасау (балама тұжырымдама таңдау);
4. Егжей-тегжейлі зерттеп алу (сипаттамалар, сызбалар, толық жоспар);
5. Жобаны орындау (құжаттар, сынақтан өткізу, қабылдау);
6. Қолдану (енгізу, техникалық қызмет көрсету, пайдалану);
7. Жою (қайта жөндеу, сату, дамытуға тапсырма алу және т.б.). 

Жоба алгоритмі

1. Жоба атауы, пәні, тақырыбы, бағыты, мәселесі
2. Жобаның қысқа сипаттамасы (мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні, болжамы (гипотезасы) 
3. Жобаның SMART мақсаттары
 4. Өнім, құралы, тапсырыс беруші 
5. Оқытудың нәтижесі (құзыреттіліктер: пәндік, инструменталды, тұлғаралық, жүйелі)
6. Күнтізбелік жоспар (және жауапкершілік матрицасы) 
7. Бағалау критерийлері (Құзыреттіліктер мен дескриптор, балдармен көрсетілген)
9. Рефлексия   


Жобаның құрылымы 

Жобаның тақырыбы (ПРОБЛЕМА немесе ИДЕЯ!) – Немен айналысқалы жатырмыз?

Проблеманың өзектілігі – Бұл не үшін қажет? Бұны зерттеудің қажеттілігі қаншалықты маңызды? Балама шешім бар ма?

Зерттеу нысаны – Проблемадан шығу үшін нені зерттеу қажет?

• Зерттеу пәні – Нысанды қай қырынан қарастырамыз?

• Жобаның мақсаты (жоба өнімі!) – Нәтижесінде неге қол жеткіземіз?

• Жобаның міндеттері – Мақсатқа жету үшін не істеу қажет?

Зерттеудің болжамы – Мүмкін болатын нәтижені болжау. Егер ........., онда ......

Жобаның сипаттамасы – Жобаның негізгі идеясы қандай және ол қалай жүзеге асырылады?

Жобаға қатысушылар – Кім орындайды? Серіктестері кім?  Қолдаушысы кім?

Жобаның мақсатты тобы – Кімнің өмірі айтарлықтай өзгереді? Бұл жоба кімге керек?

Жобаны жүзеге асырудың сатылары және күнтізбелік жоспары – Кім, қашан, және нені орындайды

Жобаның бюджеті – Жобаны жүзеге асыру үшін қажетті қаржы көлемі?

Күтілетін нәтиже – Жоба жүзеге асқаннан кейін қандай өзгерістер болады?

Қауіп-қатер және олардың алдын алу – Жобаны жүзеге асыру үшін не кедергі болуы мүмкін?

Жобаның авторлары – Бұл жобаны кім жасады? Автор немесе авторлар.

Жобаның сәтсіз шығу себептері

Бюджет: жоба жоспарланған бюджет көлемінен артық бюджетті қажет етуіне байланысты мақсатына толық жетпеуі немесе тоқтатылуы мүмкін 
Уақыт: жобаны орындауға белгіленген уақыттан  көп уақыт кетуі мүмкін немесе белгіленген уақыттың аяқталуына байланысты жоба тоқтатылуы мүмкін.
Сапа: жоба жоспарланған бюджет пен уақыт көлемінде орындалып, бірақ тапсырыс берушілерді қанағаттандырмауы мүмкін. Бұл кезде өнімнің  бағасы төмендейді. 

Жобаның сәтсіз болу себептері 

30%- мақсат анық болмағанда және талаптар дұрыс қойылмағанда; 
12% — әдіс-тәсілдердің дұрыс таңдалмауы;
11% — ресурстар жеткіліксіз болғанда;
10% — біліктілік, икемділік, белсенділік төмен болғанда; 
8% —жобаны басқару мен бақылау жүргізу болмаған жағдайда;
6% — ақпарат алмасу жеткіліксіз болғанда; 
5% — өмірдегі өзгерістерді басқарудың жоқтығы.

Жоба мүшелері

Жобаның ең негізгі мүшесі ол жоба нәтижесін (өнім немес нысан) иеленуші – тапсырыс беруші болып табылады. 
Ол жобаның көлемі мен негізгі талаптарын қояды, оны қаржыландыруды қамтамасыз етеді, орындаушылармен келісім-шартқа келеді, олармен байланыс орнатады, жалпы жобаға жауапты болады. 

Жобаның келесі мүшесі – жоба бойынша тікелей барлық жұмыстарды атқаратын, жобаны орындаушы болып табылатын, орындаушы ұйым. Команданың ұйымдастырушылық құрылымы жобаны жүзеге асыру бойынша іс-әрекеттерге сәйкес болуы шарт. Жобада жоба менеджері маңызды роль атқарады. Жобаның сәтті болуы менеджердің жетекшілік қасиеті мен құзыреттіліне тікелей байланысты.

Жобаны ұйымдастыру кезінде негізгі екі міндетті шешу қажет: 

  • жобаның командасын дұрыс құру; 
  • команданың жұмысын тиімді ұйымдастыру

Жоба кoмaндaсы – жобаны басқарудағы негізгі түсініктердің бірі, себебі жоба командасы мақсатқа жетуді қамтамасыз етеді. Бұл топ жобаны жүзеге асыру кезінде құрылады да жоба аяқталған соң тарап кетеді.

Жобаның түрлері

Мазмұнына қарай

  • Зерттеушілік 
  • Ақпараттық
  • Материалдық
  • Шығармашылықтық
  • Рөлдік-ойындық 
  • Практикалық-бағдарлы
  • Кешенді

Зерттеушілік жобалар 

Жобаның бұл түрі теориялық немесе практикалық маңызы бар, ғылыми жаңалығы бар  білімді алу болып табылады. Оқу үрдісіндегі зерттеушілік жоба кез-келген пән бойынша жүргізілетін және дұрыс құрылған құрылым бар зерттеулерден тұрады

alt text

Ақпараттық жобалар

Қандай бір болмасын нысан туралы әртүрлі ақпарат жинау, оны талдау және оны ұсынудан тұратын жобаның түрі 

Материалдық жобалар

Жобаның бұл түрі кез-келген материалдық зат (заттар, құралдар, оқу-көрнекі құралы және т.б) өндіруге бағытталған.

Шығармашылықтық жобалар

Белгілі бір қатаң құрылымы жоқ, еркін құрылыммен жасалған жоба. Мұндай жобалардың нәтижесі киім үлгісі, газет, бейнефильм, сценарий және т.с.с. болуы мүмкін. 

Рөлдік жобалар

Жобаның бұл түрінің қатысушылары жобаның сипаты мен мазұнына байланысты белгілі бір рөлдерді ойнайды немесе жүргізеді.  

Практикалық-бағдарлы жобалар 

Дұрыс құрылған белгілі бір құрылымы бар, қатысушылардың әлеуметтік көзқарастары мен проблемаларына бағытталған жоба. Мұндай жобалардың нәтижесі ұсыныстар немесе анықтама материалдар, ғимаратты көркемдеу және т.б. Мысалы: «Табиғатты аялайық» жобасы. Мұнда қатысушылар арық тазалау, қоқыс теру, құстарға ұя жасау және т.б.  сияқты акцияларға қатысады. 

Кешенді жоба

Жобаның бұл түрі жоба түрлерінің бірнешеуінің бірігіп келуі арқылы жүзеге асырылады. 

Жобаның түрлері 

Пәндік-мазмұндық жағынан

  • Моножоба
  • Мультижоба 
  • Мегажоба
  • Пәнаралық

Моножоба – бұл жоба бір оқу пәнінің аясында, орындалатын жоба;
Пәнаралық жоба – бірнеше пәндердің аясында орындалатын жоба;
Мультипроект – кешенді жоба, бірнеше моножобадан тұрады 
Мегажоба  - бірнеше моно- және  мультижобалардан тұрады.

Байланыс сипатына қарай 

  • Ішкі 
  • Аймақтық
  • Халықаралық

Қатысушылардың санына қарай 

  • Жеке
  • Жұптық
  • Ұжымдық
  • Топтық

Орындалу ұзақтығына қарай

  • Қысқамерзімді- бір сабақ көлемінде орындалатын 
  • Орташамерзімді-бірнеше сабақ көлемінде орындалатын 
  • Ұзақмерзімді- бір ай, жыл ішінде орындалатын

Жобалауды жүзеге асырудағы әдістер:

1) Әдеттен тыс немесе қарама қарсы жаңа шешімдер беретін әдістер:

  • Инверсия (өзгерту)
  • Миға шабуыл (аз уақыт ішінде шешімге келу)
  • Карикатура (еліктеу)
     

2) Қайта қарастырумен байланысты әдістер

  • Ұқсастық, үйлестік
  • Міндеттерді қайта құрастыру
  • Жетекші (жетелеуші) сұрақтар

3) Жобалаудың шығармашы-лық әдістері

Негізгі шеберліктер мен құзыреттіліктер 

1) Талдаушылық (аналитический):

  • Өз білімдерін өз беттерінше құрастыра білу шеберлігі;
  • Ғылымның әртүрлі саласынан алынған білімдерді өз беттерінше біріктіре алу шеберлігі;
  • Сыни ойлау шеберлігі.

2) Жобалық:

  • Проблеманы таба алу және мақсаттарын анықтай алу
  • Жобалық тапсырманы жасау дағдысы;
  • Жұмыстарды жоспарлау және міндеттерді үйлестіру дағдысы; 
  • Жобаны жүзеге асыру дағдысы;
  • Нәтижелерді рәсімдеу дағдысы;
  • Таныстыру рәсімін (презентация) дайындау және өткізу дағдысы. 

3) Зерттеушілік: 

  • проблеманы қоя білу;
  • ақпарат жинау дағдысы;
  • гипотеза (болжау) тұрғызу, тәжірибе жасау және қорытындылау шеберлігі.

4) коммуникативтік:

  • ақпарат бере алу шеберлігі;
  • тыңдай алу және басқаны түсіну шеберлігі.

5) әлеуметтік:

  • топтық қарым-қатынас жасай алу және шешім қабылдай алу шеберлігі;
  • жеке өзіндік шешім қабылдау және сол шешім үшін өзіне жауапкершілік алу шеберлігі;
  • қақтығыстарды реттей алу шеберлігі.

6) ақпараттық:

  • ақпараттық кеңістікте бағдарлай алу шеберлігі;
  • әртүрлі дереккөздерінен, соның ішінде телекоммуникациялық ақпарат алу тәсілдерімен таныс болу;
  • ақпараттарды өңдеу және сақтау тәсілдерімен таныс болу.

Тапсырма орындау 

1. Жеребе тастау арқылы алынған тақырыпқа жоба жасау – 20-25 мин.
2. Жобаны қорғау (әр топқа 5 мин.).
3. Қорытындылау

Жоба жасау

  • Туындаған проблемаға талдау жасау
  • Жоба атауын құру (тақырыбы)
  • Жобаның түрі
  • Жобаның мақсаты
  • Жобаның міндеттері:
  • Нысаны:
  • Пәні:
  • Гипотезасы (болжамы) 
  • Жобаның күнтізбелік жоспары (кім, қашан, нені орындайды)
  • Өнімі 
  • Құралдары (тәсілдері)
  • Тапсырыс беруші 
  • Жобаның орындау мерзімі 

Список литературы:

1. Джулаева А.М. Формирование исследовательских навыков в образовательном процессе у бакалавров. –Материалы научно-методической конференции КазНУ им.аль-Фараби 11 января 2011г. «Образовательная деятельность исследовательского университета»
2. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учеб. пособие сост. Е.С.Полат, М.Ю. Бухарина, М.В.Моисеева, А.Е.Петров; под ред. Е.С.Полат. - М.: Издательский центр «Академия», 2002. 
3. Технология проектного обучения.  www.centrobrrostov.ru
4. Иванова Н А.Проектное обучение. nsportal.ru/shkola/tekhnologiya/lib
 5. Ломакин А.В. Технология проектного обучения [Электронный ресурс] / http://ladlav.narod.ru/teh_proekt.htm 
6.Савинков А. Проект, проектирование и «проектное обучение» в современном образовании / А. Савинков // Школьный психолог. – 2007. – №23. – С. 6-10.
8. Пахомова Н.Ю.  "Метод учебного проекта в образовательном учреждении" Пособие для учителей и студентов педагогических вузов. – М.: АРКТИ,2003.  
9. Каганов Е. Г. "Метод проектов в трудовой школе". Л. 1926

Мүмкін болатын жоба өнімінің тізімі

  • Экологиялық, әлеуметтік, психологиялық  педагогикалық және т.б. зерттеу мәліметтеріне талдау жасау;
  • Мониторинг жүйесі;
  • Басқару жүйесі;
  • Әдістемелік нұсқаулықтар
  • Анықтама, сөздіктер 
  • Болжаулар
  • Мақала
  • Оқу құралы
  • Клуб, студия, фирма, балалар ұйымы, бірлестіктер,  т.б. ұйымдар
  • Кабинетті дизайнерлік рәсімдеу;
  • Көгалдандыру және т.б. 
  • Видеофильм
  • Видеоклип
  • Мультимедиялық өнімдер
  • Газет, журнал
  • Заң жобасы
  • Мерекелік іс-шараның сцеранийі
  • Фестиваль 
  • Макет, модель,
  • Сызба және т.б. 
  • Кесте
  • График т.б.

Назарларыңызға рахмет! 

Қате туралы хабарландыру