Қауіпсіздік ережесі.Спринттік жүгіруді жетілдіру
Дене шынықтыру
Сынып:
9-сынып
Бөлім:
Жүгіру, сегіру, лақтыру техникасын жетілдіру
Тақырып:
Қауіпсіздік ережесі.Спринттік жүгіруді жетілдіру
01.09.2020
0
2
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | Денсаулыққа қатысты күрделі мәселелерді, техникалық қауіпсіздіігін, денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп қатерді төмендетуді түсіну және мұқият сипаттай білу. |
Сабақтың мақсаты: | Білім алушылар денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп қатерлерді түсінеді. |
Тілдік мақсаттар: | екпін алу,итерілу,ұшу ,қону,қашықтық бойынша жүгіру |
Күтілетін нәтиже: | Білім алушылар бір-біріменкелісіп және үйлесімді жұмыс жасауға тәрбиелеу |
Бағалау критерийлері: | Бағалау барысында оқушылардың деңгейі анықталды |
Құндылықтарды дарыту: | Бағалау барысында оқушылардың деңгейі анықталды |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Ютуб видеохостингіндегі сілтемелер |
Пәнаралық байланыс: | Биология пәнімен байланыс-дене мүшелерін анықтай біледі |
Бастапқы білім: | Дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік техникасын меңгерту. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы |
Сыныпты уйымдастыру: кезекшінің әмір беруі, сәлемдесу, Сабақтың барысын түсіндіру. Саптағы жаттығулар. Оң,сол,кері бұрыл,бір орында аяқ алу. Тапсырма бойынша жүру. Қол белде аяқтың ұшымен, өкшемен іші-сыртымен жүру. Жартылай, толық отырып жүру, қос аяқпен секіру Жүгіру жаттығулары: а)Жеңіл жүгіріспен, оң-сол жақ қапталмен, артпен жүгіру ә)Қолды алдыға, артқа, жанға соза тізіне, өкшені, аяқтың сыртқы-ішкі жанына жеткізе жүгіру Тапсырма бойынша жүру жаттығуы: Мойын, қол, шынтақ, иық буынына арналған жаттығу. Бұрыштама жүріс, иректеліп жүру, Орында жасалатын жалпы дамыту жаттығулары. Қ.ж н.т қол белде басты алға,артқа,оң-солға 4-санына жасау Қол иықта 1-2 алдыға, 3-4 артқа айналдыру, т.б жаттығулар. Қол кеуде тұсында 1-2 қол бүгулі артқа, 3-4 толық жаза оң-сол қапталға бұрыла,қолды жанға соза иіле 1-2 оңға 3-4 солға аяқ ұшына жеткізу. Қол желкеде 1.оң шынтақты сол аяқтың тізесіне,2.б.қ. 3-4 екінші жаққа қайт-у. Оң қол жоғарыда,сол қол белде 1-2 сол жаққа иіле,3-4 келесі жаққа. 1 қолды алға соза 2 жоғары көтере аяқ ұшына 3 жанға 4 б.қ. 1 қолды соза артқа шалқаю 2 иіле аяқ ұшына 3 қол алға жүрелей отыру 4 б.қ. Белге орындалатын жаттығулар. Тізеге орындалатын жаттығулар. Б.қ н.т 1 оң аяқты бүге жанға отыру, 2 б.қ 3 сол жаққа, 4 б.қ. Б.қ н.т 1 оң жаққа бұрыла тізеге отыру, 2 б.қ 3 сол жаққа, 4 б.қ. Қол аяқ буындарына орындалатын жаттығулар. Оң-сол,қос аяқпен секіру. Даярлық жаттығу. Төменгі, жоғарғы сөреде жүгіру ауқымын кеңейту |
https://youtu.be/7qUzEyK2VNo

https://youtu.be/EipQhhGGIb0

Сабақтың ортасы |
Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру. Видеода ұсынылған жаттығуларды қайталау. |
https://youtu.be/k7CtTlMx854

Сабақтың соңы |
Оқушыларға тақырыпты меңгергендігін бақылау. Үй жағдайында жаттығу орындау барысында қауіпсіздік техникасын сақтауды ескерту. | |
Рефлексия |
Оқушылардан сабақты меәгеру бойынша сұрақтарын қарастыру. |
Пікірлер(0)