Магнит
Жаратылыстану
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Адамның тіршілік әрекетінің үдерістері
Тақырып:
Магнит
16.03.2020
81
1
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | <p> 1.5.6.1 магниттілік қасиеті бар жекелеген денелерді анықтау </p><p>1.5.6.2 магниттің қасиетін зерттеу </p><p>1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру </p> |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: магниттік қасиеттері бар кейбір денелерді анықтау; Оқушылардың басым бөлігі: магниттердің қасиетін зерттеу; жүргізілген экспериментті түсіндіру. Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады. |
Тілдік мақсаттар: | Магнит, тарту, тебу. |
Күтілетін нәтиже: | Магниттік қасиеттері бар кейбір денелерді анықтайды; Оқушылардың басым бөлігі: магниттердің қасиетін зерттейді; жүргізілген экспериментті түсіндіреді. Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады. |
Бағалау критерийлері: | (ҚБ) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. |
Құндылықтарды дарыту: | Жұптық және топтық жұмыстарда ынтымақтаса жұмыс жасау |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Бейнероликтен магнит туралы мағлұмат ала отырып, танымдық қабілеті дамиды |
Пәнаралық байланыс: | Дүниетану,көркемеңбек |
Бастапқы білім: | (ҰЖ)Ширату жаттығу Сәлемдесу,назарын сабаққа аудару Топқа бөліну: түрлі түсті магнит арқылы 4 топқа бөлініп отыру. Әр топқа 4 жапсырғыш берілді.Әр тапсырманы орындаған сайын топ басшысы жапсырғышты тақтаға жапсырып отырады. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы (15) |
(ҰЖ)Ширату жаттығу Сәлемдесу,назарын сабаққа аудару Топқа бөліну: түрлі түсті магнит арқылы 4 топқа бөлініп отыру. Әр топқа 4 жапсырғыш берілді.Әр тапсырманы орындаған сайын топ басшысы жапсырғышты тақтаға жапсырып отырады. (ҰЖ)Өткенді пысықтау - Үйде электр өшіп қалса не болады? - «Жұмбақ сандық» арқылы өткен сабақты еске түсірейік. Әр топ жұмбақ сандықта жасырылған затты (суреттерді) басқа топқа жұмбақтап айтады. Олар сандықта қандай зат бар екенін табу керек. - Майшам - Ас - Газпеш - Нан Қалған екі суретті мұғалім жасырады, оқушылар тауып алады. - Ақпарат көзі, керек мағлұмат, жеделхат, желі арқылы байланысатын техника. - Ғаламтор/Интернет/ - Балаларға білім берудің жаңа құралы. - Тақта - Ендеше осы интербелсенді тақтаға көңіл аударайық. - Осының бәріне ненің көмегі керек? - Электр. Дұрыс, өткен тақырыбымызды қайталап шықтық. - Балалар, белсенді тақтадағы суреттердің алғашқы әріптерінен, алдарыңызда үстел тақтаға әріптерден сөз құрастырып, хормен оқып шығайықшы. - Қандай сөз шықты? - Магнит. - Ендеше бүгінгі тақырыбымыз - магнит. Магниттің қаситтерін білетін боласыздар. - Әр топта магниттік тақтаға әртүрлі адамның адамның басын құастыру керек. Дескриптор Білім алушы - Электрсіз жарық болмайтынын айта алады. - Асты әзірлей алмайды. - Нан пісіре алмайды. - Газпеште ас әзірленбейді. - Интернеттен керек ақпарат ала алмайды. - Тақта өшіп тұрады. ҚБ:«Түрлі түсті қақпақтар» әдісі Жасыл- толық жауап бердім. Сары - жартылай жауап бердім. Қызыл- жауап бере алмадым. «Сиқырлы қолғап» ҰЖ - Балалар! Мен дүкеннен қолғап сатып алдым жәй қолғап емес, «сиқырлы» қолғап. Қолғап пен бірге қорапта әртүрлі заттар жатыр екен. Қораптағы осы заттарды «сиқырлы» қолғаппен ғана ұстау керек деп жазылған. - Ал қолғаптың сиқырлы екенін қалай білуге болады екен? - Қалай ойлайсыңдар? - Ал енді қолғапты киіп қораптың ішінен заттарды ұстайық. Не байқадыңдар? - Кейбір заттар қолғапқа жабысып қалды. - Олар нелер? - Бұранды, шеге, қыстырғыш, тиын. - Кейбір заттар қолғапқа жабыспай қалып қойды. Оларды атайықшы: пластикалық ыдыс, қағаз, өшіргіш, қарындаш, мақта, жіп. - Неге? Қолғаптың ішінде не бар? - Қолғаптан тас шықты.(слайд№2) - Магнит. - Түсі қандай? - Қара - Қандай заттарды өзіне тартады? - Темір заттарды өзіне тартып алатын және темірге жабысатын қасиеті бар. (Бейнеролик арқылы магнит туралы мағлұмат беріледі.2 мин) - Кейде магниттер бір-бірінен тебіледі, тартылады екен. - Белсенді тақтадан магнит туралы дауысы жоқ бейнеролик тамашалайық. - Кім көргендеріңді дауыстап айтады? - Бұл тас қайдан шыққанын білгілеріңіз келе ме? (слайд№3) Магнус деген қойшы, қой бағып жүріп қолындағы таяғының басы үшкір темір екен, тасқа жабысқан соң ол бірнеше тасты алып келіп көршілерін таң қалдырған екен. Содан кейін магнит деп атай бастаған. | Қолғап, таяқша, магниттік тақта, магниттік әріптер, жапсырғыштар, суреттер Түрлі түсті қақпақтар, суреттер Қораптар, қолғап, магниттер, бұранды, шеге, қыстырғыш, тиын. Пластикалық ыдыс, қағаз, өшіргіш, қарындаш, мақта, жіп. Интернет-ресурстар: магнит туралы мультфильм, мысалы, https://www. youtube.com/watch?v=P1Tbebrf39Q |
Сабақтың ортасы (15) |
Әр топқа зерттеу жұмысы беріледі. Зерттеуді топ алдында қорғап шығасыздар. Зерттеу жұмыс «Зерттеу» әдісі.Т.ж. 1-топ. Табақшадағы құмның арасына бірнеше темір шегелер мен бұрандаларды, пластмасса мен резеңкенің бөлшегін табу. Оқушылар табақшаның бетімен магнитті жүргізіп, магниттік қасиеттерге ие заттарды тауып, шығарып алады. 2-топ Құмырадағы су ішінен темір бұрандалар мен сомындарды, резеңке бөлшегін табу. Оқушылар түрлі әдіс-тәсілдерді іздеп, ең дұрысын табады: магнитті құмыраның қабырғасына жақындатып, жүргізеді. 3-топ Қатты қағаз бетіне ұсақ темір заттарды шашу арқылы қағаз үстімен ұсақ заттардың жылжитынын көрсетеді. Тәжірибе барысында олар: “Магниттің тартылысы ағаш тақтайшаның арғы жағына өте ала ма?” деген сұраққа жауап бере алады. 4-топ. Шыны әйнектің бір жағына қағаз қыстырғыштарды шашып қойып, шынының астымен магнитті жылжыту арқылы оқушылар қағаз қыстырғыштар қозғала ма, жоқ па тексереді. Тәжірибе барысында¬ оқушылар: “Магниттің тартылысы шыныдан өте ала ма?” деген сұраққа жауап бере алады. ҚБ: «Үш шапалақ» әдісі. Дескриптор Білім алушы -Магниттілік қасиеті бар денелерді анықтайды. -Магниттердің қасиеттерін зерттейді - Жүргізілген эксперементті түсіндіре алады. Сергіту сәті: «Тартыламыз, тебілеміз».Ұ.ж. Оқушыларды жұптастырып, бір-біріне арқаларын тигізіп тұрғызу.“Сендер тебілдіңдер ме әлде тартылдыңдар ма?” “Тартыламыз!” деп жауап бере алады. Осыдан кейін оқушылар бір-біріне қарап тұрып, қолдарынан ұстап бір-бірлерін өздеріне тартуға тырысады.“Сендер тебілдіңдер ме әлде тартылдыңдар ма?” “Тебілеміз!” деп жауап бере алады. «Анықтау» әдісі 1-топ Дәптермен жұмыс. ЖЖ Оқушылар дәптердегі тапсырманы жұппен орындайды. ҚБ «Магниттік жапсырғыш» әдісі арқылы бағаланады. Дескриптор Білім алушы -Магнитке тартылған материалдарды «V» белгісін көрсетеді. - Магнитке тартылған заттардың суретін салады. | Қарындаштар және т.б.); (ескі, қажетсіз) немесе басқа шыны зат; құм салынған табақша; ине; пластикалық құмыра. |
Сабақтың соңы (8) |
Сабақты қорытындылау. Мангустың «Сиқырлы таяғы». - Таяқтың ұшы кімге тисе, сол топтағы оқушы бүгингі сабақтан нені білгенін бір сөзбен айтып береді./мангит, металл, тартады, тебіледі, жапсырады/ Керібайланыс: «Смайликтер» әдісі бойынша кері байланыс жүргізіледі. Оқушылар магнит туралы жақсы түсінсе магнит желімденген өзінінің фотосын жапсырады. - Сұрақтары болса магнит желімденген өзінің фотосын жапсырады. -түсінбесе магнит желімденген өзінің фотосын төменгі баспалдаққа жапсырады. | bilimland |
Рефлексия (2) |
ҚБ:«Түрлі түсті қақпақтар» әдісі ҚБ: «Үш шапалақ» әдісі ҚБ:«Бас бармақ» әдісі. ҚБ «Магниттік жапсырғыш» әдісі. Кері байланыс: «Смайликтер» әдісі | Шынымен, шегемен, үшкір заттармен жұмыс істеу барысында қауіпсіз ережелерін сақтау ескертіледі |
Пікірлер(0)