Өз еліңнің патриоты болу

Бакеева Турсынгуль Дошниязовна
Бакеева Турсынгуль Дошниязовна
Ақтөбе
Шұбарқұдық
Шубаркудукская СШ №3
Өзін-өзі тану
Сынып:
3- сынып
Бөлім:
Адам болам десеңіз
Тақырып:

Өз еліңнің патриоты болу

03.03.2020
67
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):  Білімділік: оқушыларға «Отанды сүю» , «патриот болу» ұғымдарын түсіндіре отырып , отансүйгіштікке баулу; Дамытушылық: оқушылардың мейірімділік қасиеттерін дамыту; Тәрбиелік:оқушыларды отансүйгіштікке , мейірімділікке , қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың өз елінің патриоты болу түсініктерін кеңейту арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Тілдік мақсаттар: "отан" , "патриот" ұғымдарының мәнін түсіну , талдау
Күтілетін нәтиже: оқушылардың отансүйгіштік , мейірімділік қасиеттері дамиды , өз елінің патриоты болу дегенді түсінеді
Бағалау критерийлері: отанға , елге қызмет етуге деген ұмтылыстары бағаланады
Құндылықтарды дарыту: сүйіспеншілік құндылығының жарыққа шығуына ықпал ету
АКТ-ны қолдану дағдылары: интербелсенді тақта , компъютер
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі , әдебиеттік оқу , музыка
Бастапқы білім: "патриот" терминіннің мағынасын біледі

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.5Т қадағалау.Жағымды күйге келу.  "Путь сердца" релаксациясы

Сабақтың ортасы

Үй тапсырмасын тексеру: «Мәншүк әні» әңгімесін талдау.Қойылатын сұрақтар:-Мәншүк еліне деген сүйіспеншілігін қалай танытты? -Мәншүк халқының өнерін қалай асқақтатты? -Отанды сүю , риясыз қызмет ету парыз ба?Неліктен? -Отанды сүю қандай іс-әрекеттерден бастау алады деп ойлайсыңдар? -өзің «Отан отбасынан басталады» дегенді қалай түсінесің? -сен өз еліңе деген сүйіспеншілігіңді қалай білдірер едің? -мейірімділік сендерді қандай істерге жетелейді? -қандай қайырымдылық жасадыңдар?

Дәйексөз «Адал адам Отанын сүйеді» Ахмет Байтұрсынұлы 2-рет ер балаларға , 2- рет қыз балаларға айтқызу , бірге қайталау.Дәптерге жазу.

Әңгімелеу Ең жас студент Абзал Мырзаш туралы әңгімелеп беру.Талдау.Сұрақтар:-Абзал қандай бала болып өсіп келе жатты? -ол мектепте қалай оқыды? -Абзалдың қандай қасиеттерін байқадыңдар? -сендер мейірімділіктеріңді қалай білдіріп жүрсіңдер? -Абзал сияқты отансүйгіштіктеріңді қандай істеріңнен көруге болады? -ойланбастан қайырымдылық танытқан кездерің болды ма?

Шығармашылық жұмыс Жеке жұмыс.Тапсырма:сөйлемді аяқтау:Мен өз елімнің патриоты боламын , себебі мен...

Топпен ән айту Атамекен әнін бірге орындау.

Сабақтың соңы

Үйге тапсырма: №25 сабаққа 119 беттегі «Райымбек бастауы» аңызын оқып және мазмұндап келу. 119 бет " Райымбек бастауы"

Рефлексия

Соңғы тыныштық сәтi:Аяқ-қолымызды айқастырмай , түзеліп отырып , бүгінгі сабақта айтылған жақсы сөздер мен істерді жүрегімізге сақтап алайық.Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар!

Пікірлер(0)