Хақназар кезінде Қазақ хандығының сыртқы саясаты

Ғазиз Ақтоты Ғазизқызы
Ғазиз Ақтоты Ғазизқызы
Ақмола
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазақстан тарихы
Сынып:
6-сынып
Бөлім:
Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы
Тақырып:

Хақназар кезінде Қазақ хандығының сыртқы саясаты

02.03.2020
1076
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 6.3.1.10 Қазақ хандарының мемлекеті нығайтудағы рөлін анықтау Зерттеу сұрағы: Неліктен Хақназар хан билеген кезеңді Қазақ хандығының «қайта жаңғыруы» деп атайды?
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Хақназар ханның мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтау Оқушылардың басым бөлігі: Хақназар ханның мемлекетті нығайтудағы сыртқы саясатын талдау Оқушылардың кейбірі: Хақназар ханның басқа қазақ хандарының жүргізген сыртқы саясаттарымен салыстыру
Тілдік мақсаттар:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Дерекке сүйене отырып айтсақ ... Хақназар хан ... ханға қарағанада ... ерекшеленді. Ең басты өзгерістер / жетістіктер болды… Хақназарның кезіндегі ... оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені…

Пәнге қатысты лексика мен терминология: Маңғыт мырзалары - Ноғай ордасының ұлыс басында мырзалар тұрған, олар өз иеліктерінде шексіз билік жүргізіп, ұлыстың ең шұрайлы жайылымдары мен өрістерін иемденген. Ант беру - ел аралық уәде, келісім, адалдықтан айнымау сияқты маңызы жоғары жағдайларда ғана айтылады. «Уа айтылған ант, серттескен, уәде, алысқан қол қайда?!» деген жерде еш адам анттан аттап кете алмаған. Башқұрт – түркі тілдес халық. Елшілер - бір мемлекеттің екінші бір мемлекеттегі өкілетті дипломатиялық өкілдігінің басшысы. Елшіге, әдетте, жоғары дәрежелі диплом. қызметкер тағайындалады. Елшілік -бір мемлекеттің екінші мемлекеттегі елшісі басқаратын дипломатиялық өкілдігі. Елшілік құрамына елшіден басқа ресми дипломатиялық қызметкерлер және қызметшілер енеді. Баж салығы - белгілі бір көрсеткен қызметі үшін мемлекет органдардың азаматтардан, мекемелерден және ұйымдардан алатын алымдары. Орта ғасырларда жолды, көпірді, порт ғимараттарын т.б. пайдаланғаны үшін мемлекеттің, қалалар мен жекелеген феодалдарың алатын алым- салықтары Баж салығы деп аталады.

Күтілетін нәтиже:
- Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының өркендеуін» рөлін анықтайды;

- Хақназар ханның сыртқы мемлекеттермен қарым-қатынасы туралы маңызды ақпаратты іріктеп, Қазақ хандығының саяси жағдайын талдайды;

- Хақназар ханның сыртқы саясатын салыстырады

Бағалау критерийлері:
- Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының өркендеуін» рөлін анықтау;

- Хақназар ханның сыртқы мемлекеттермен қарым-қатынасы туралы маңызды ақпаратты іріктеп, Қазақ хандығының саяси жағдайын талдау;

- Хақназар ханның сыртқы саясатын салыстыру

Құндылықтарды дарыту: Осы сабақ арқылы баулуға бағытталған ұлттық және жалпы адамзаттық «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясында көрсетілген «Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім» құндылығын Хақназар ханның Моғолстанмен, Ноғай Ордасымен, Өзбек хандығымен, Ресеймен жүргізген қарым-қатынастарында көрініс табады.
АКТ-ны қолдану дағдылары: Интербелсенді тақтаны сабақтың басында қолданады. Топтық жұмыс барысында оқушылардың қауіпсіздігін сақтау. География пәнімен кескін картаны қолдану.
Пәнаралық байланыс: Сабақта пәнаралық байланыс география пәнімен кескін картамен жұмыс барысында іске асырылады. Хақназар ханның сыртқы мемлекеттермен жүргізген саясатының мазмұны арқылы дүниежүзі тарихымен байланыс табады.
Бастапқы білім: Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі туралы біледі

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

(5 мин) Сабақтың ұйымдастыру кезеңі: Жеке жұмыс. Оқушыларға «Хақназар хан» туралы 5 минуттық бейнематериалды көрсету. Нұсқаулық: 1. Мұқият бейнематериалды көру 2. Есте сақтағандарын «Борт журналының» сол жақ бөлігіне жазу (Оқушыларға 2 мин беру) «Борт журналы» Хақназар хан Қасым ханның ұлы 1538-1580 ж.ж (5 мин) «Борт журналына» жазылғандарды оқып, Хақназар ханның Қазақ хандығының өркендетудегі рөлін анықтап айтып береді.   Ханназар хан https://www.youtube.com/watch?v=DYs3SzqhSYs

Сабақтың ортасы

(30 мин)

Джигсо әдісі. Топтық жұмыс. (10мин) Оқушыларға Хақназар ханның сыртқы мемлекеттермен қарым-қатынасы туралы ақпараттар таратылып беріледі. Тақырыптары бірдей оқушылар топтасады. Сыныпты 4 топқа бөлеміз 1-топ Моғолстан 2-топ Өзбек хандығы 3-топ Ресей мемлекеті 4-топ Ноғай Ордасы Тапсырма: Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайын талдау; Дескриптор: - - Хақназар ханның қандай елдермен сыртқы саясаты жүргізді - - Хақназар ханның сыртқы саясатта жүргізген қандай ерекшеліктері болды Қалыптастырушы жұмыс: «Бұрыштар» тәсілі: Әр топтан бір оқушы сыныптың төрт бұрышына орналастырады. Қалған топ мүшелері сағат тілі бойынша топтарды аралайды, таңдаған жауаптарын топтық жұмыста тұжырымдайды және өздерінің көз қарастарын дәлелдейді. Жұптық жұмыс. (7 мин) Хақназар ханның сыртқы саясатын басқа қазақ хандарымен ПОПС (ПТМС) әдісі арқылы салыстыру Позиция .... Түсіндіру ... Мысал .... Салыстыру .... Дескриптор: - Хақназар ханның жүргізген сыртқы саясатының позициясын анықтау. - Хақназар ханның сыртқы саясатын түсіндіріп, мысалдар келтіру - Хақназар ханның саясатын қазақ хандарымен салыстыру. Оқушыларды ынталандыру «Blob tree» әдіс арқылы «бүгінгі сабақта мен қай жердемін?» сұрағына кері байланыс жасалады.
Н.С.Бакина, Н.Т.Жанақова Қазақстан тарихы Алматы, Атамұра, 2017

Blob tree

Сабақтың соңы

(5 мин)

(5 мин) Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы: Оқушылар «Борт журналының» оң жақ бөлігінде бүгінгі сабақтан алған білімін және тағы да нені білгісі келететіні туралы толтырады;

Рефлексия

ПТМС әдісін қолдану кезінде барлық оқушылар Хақназар ханның жүргізген сыртқы саясатының позициясын анықтай алады. Оқушылардың басым бөлігі Хақназар ханның сыртқы саясатын түсіндіріп, мысалдар келтіре алады. Кейбір оқушылар ғана Хақназар ханның саясатын қазақ хандарымен салыстыра алады.

Пікірлер(0)