Түс және символ Белгі символдары

Сарина Жанар Жайлыбаевна
Сарина Жанар Жайлыбаевна
Ақтөбе
Ақтөбе
Шубаркудукская СШ №3
Көркем еңбек
Сынып:
3-сынып
Бөлім:
Сәулет
Тақырып:

Түс және символ Белгі символдары

02.03.2020
37
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):   3.2.3.2 әртүрлі тәсілдермен және материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары) көлемді пішіндер жасау; 3.2.2.2 жұмысты орындау үшін әртүрлі әдістер мен материалдарды ұсыну  
Сабақтың мақсаты:   Барлық оқушылар жасай алады: • • өзінің шығармашылық жұмысының идеясын, жасалу жолдары мен қолданған материалдары туралы айта алады; Оқушылардың көбі жасай алады: • Алған білімі бойынша жоба жасап, мұғалімнің көмегімен түсіндіре алады. Оқушылардың кейбірі жасай алады: • Тақырыпқа байланысты қосымша тапсырмаларды орындай алады.  
Тілдік мақсаттар:   Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б
Күтілетін нәтиже:   Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б
Бағалау критерийлері:   • Берілген тақырып бойынша тапсырмаларды орындайды. • Алған білімі бойынша жоба жасап, мұғалімнің көмегімен түсіндіре алады. • Тақырыпқа байланысты қосымша тапсырмаларды орындай алады.  
Құндылықтарды дарыту:    Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу. Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.  
АКТ-ны қолдану дағдылары:    Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
Пәнаралық байланыс:   Дүниетану, қазақ тілі, әдебиеттік оқу.
Бастапқы білім:  Оқушылар көлемді жұмыс жасауға дағдыланған. Шығармашылық зерттеу дағдыларын қолдана отырып, оқушылар әр түрлі геометриялық денелерді зерделеген. Өздерінің шығармашылық идеяларын ойластырды және көлемді архитектуралық бұйымдар жасап, бағалады.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

  Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Сиқырлы айналу» жылулық шеңбері. «Мен және аспан» Педагог балалардың назарын аспанның әдемілігіне аударады.Балалар аспандағы бұлттарды түрлі заттарға ұқсатып айтады;үлпілдік ақша бұлттаға,жауар бұлттай түнерген аспанға,мейірімді жылы күнге,ай мен жұлдыздарға,қарлығашқа,бозторғайға,шымшыққа,бүркітке т.б.айналады. «Жалаулар»арқылытопқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады. 1-топ «Бақытжалаулары» 2-топ «Арман жалаулары» 3-топ «Қуаныш жалаулары» Жұмыс ережесін келісу Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз! Нақты,дәл жауап береміз! Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз! Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз! Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау  

Сабақтың ортасы

  Ширату тапсырмасы. Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) «Көршіңе әңгімелеп бер» Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз, одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз, оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз. Өрнек өнері (С) Оқушылармен ежелгі нысандар- теріден жасалған қазақтың торсығы, орыс самаурыны, ежелгі грек амфоры көрсетілген суреттерді қарастырыңыздар. (Т,Қ)Топтарда берілген сұрақтарды талқылаңыз: 1. Сіз не көріп тұрсыз? 2. Көрсетілген ыдыстар қалай безендірілген? 3. Пішіні мен безендірілуіне қарап, нысанның не үшін ұсынылғанын анықтауға болады ма? Қалай? 4. Қандай материалдан жасалғаны және ыдыс-аяқтың сәндік өнермен безендірілуіне байланысты халықтардың мәдениетінде байланыс бар ма? 5. Өз жауабыңды дәлелде. (С,Қ)Оқушылар өздеріне ұнайтын ыдыстың түрін және оны безендіру стилін таңдайды. (Ө, Қ)Оқушыларға А4 пішінінде аралас техниканы қолданып, ұлттық өрнекпен безендірілген ежелгі ыдыстың суретін салуларын ұсыныңыз. Жұмысты аяқтаған соң, оқушылар оны жиегімен қиып алады. (Т)Оқушылармен барлық орындалған жұмыстарды жинап алыңыздар. Жалпы фонға жабыстыра отырып, сәндік композиция құрастырыңыздар. Дескриптор: Берілген тақырып бойынша тапсырмаларды орындайды. • Алған білімі бойынша жоба жасап, мұғалімнің көмегімен түсіндіре алады. ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларын орындау   

Сабақтың соңы

  Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау» Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.    

Рефлексия

 ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі. Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) «Жетістік баспалдағы» кері байланыс.  

Пікірлер(0)