Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы Зерттеу сұрағы: Не себепті «Елім-ай» бүкілхалықтық әнге айналды

Акшабаева Акерке Бгдатовна
Акшабаева Акерке Бгдатовна
Ақтөбе
Темір
С.Бәйішев атындағы орта мектеп
Қазақстан тарихы
Сынып:
8-сынып
Бөлім:
Қазақ-жоңғар соғыстары
Тақырып:

Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы Зерттеу сұрағы: Не себепті «Елім-ай» бүкілхалықтық әнге айналды

30.12.2019
138
PDF жүктеу WORD жүктеу
Осы сабаққа негізделген мақсаттар: 7.1.1.1 жоңғар шапқыншылығы кезіндегі демографиялық өзгерістерді және миграциялық процестерді түсіндіру; 7.2.2.1 халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау;
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: Жоңғар шапқыншылығының демографиялық өзгерістерін анықтайды.

Оқушының басым бөлігі: Қазақ халқының басынан кешірген "Елім-ай" атты зарлы әнінің бүкілхалықтық әнге айналғандығын түсіндіреді.

Кейбір оқушылар: Халық ауыз әдебиеті мен музыка туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу, түсіну, қолдану, талдау, бағалау.
Тарихи концепт: Интерпретация. Ш.Уәлиханов пен Ш.Құдайбердіұлының "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" туралы жазған дерегіне баға береді. Дәлел. Оқиғаларға қатысты негізгі деректерді пайдалана отырып дәлел келтіру.
Бағалау критерийлері - Жоңғар шапқыншылығы салдарынан туындаған ішкі миграциялық өзгерістерді анықтай алады; - «Елім-ай» әнінің тарихи дереккөзі ретінде құндылығына түсінік береді.
Тілдік мақсаттар: Оқушылар орындай алады, оқыған ақпаратты өз сөзімен баяндайды. Бұрынғы алған білімін жаңа ақпаратпен ұштастырады. Мәтін бойынша өздігінен талдау жасап, ондағы негізгі мәселені түсіндіріп бере алады.
Құндылықтарға баулу: - Толеранттылық сана қалыптастыру; - сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру; - Ата-бабамыздың ұлы істері арқылы патриоттық сезімге баулу.
Пән аралық байланыс: Қазақ әдебиеті, география.
АКТ дағдыларын қолдану Интерактивті тақтаны қолдану, оқулық, суреттер, топтық тапсырмалар.
Алдыңғы сабақ білімдері: Жоңғар мемлекетінің құрылыуы мен басқыншылық жорықтары. «Доп лақтыру» әдісі

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(2 мин)

Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Аялы алақан» Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту. Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды) Сол шеңбердің негізінде 1,2,3 деп санау арқылы топқа бөлінеді. Бағалау парақшасымен таныстыру. Өткенді қайталау «Доп лақтыру» әдісі Жоңғар хандығы қашан құрылды? Сыртқы жаулардың қазақ жеріне басып кіруінің себебі неде?   «Аялы алақан» Тренинг.

Алдыңғы білім

(3 мин)

Қазақ хандығының XVIII ғасырдың басындағы ішкі жағдайы қандай болды? сепаратизм дегеніміз не? "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" туралы не білесіз?   https://ust.kz/word/sabaqta_qoldanylatyn50_adis_jinagy-2546.html

Алдыңғы білім

(1 мин)

Қ.Б: Ду қол шапалақ. Оқушылaрғa сaбaқ үдерісінде тaпсырмaлaрды орындaудaғы ұтымды тұстарын айта кетіп, жaуaпқa ризa болғaндa «Керемет! Жарайсың! Тaмaшa!» деген сөздермен мaдaқтaп отырaмын. Ширату: «Елім-ай» әнін тыңдату. Әнге байланысты оқиғаны тауып,сипаттаңыз.   halyk-ani-elim-ai.htm

Сабақтың ортасы

(5 мин)

Барлық топқа бірдей мәтін таратылады .«Ақпаратты сүзу» әдісі арқылы постер құрады: Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі демографиялық өзгерістер мен халық ауыз әдебиеті мен музыка өнер туындылары.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі демографиялық өзгерістерді, халық ауыз әдебиеті мен музыка өнерінің туындыларын біледі.

-Демография, миграция терминдерін біледі;

-Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі "Елім-ай" әнінің шығу тарихын түсінеді;

-Ш.Уәлиханов пен Ш. Құдайбердіұлының "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" туралы жазған ойларына баға береді;

8 сынып Казакстан тарихы: Алматы:Мектеп:2018ж Касымбаев Ж. Омарбеков Т. §1,3 https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/579/

Сабақтың ортасы

(5 мин)

Тапсырма-2. "Елім-ай" өлеңі қазақ халқының басынан кешірген ауыр қасірет заманын бейнелеуі туралы "Ой қозғау" (топтық жұмыс). Сұрақтар: 1. Өлең жолдарынан қандай тарихи оқиға туралы ақпарат алуға болады, қысқаша тоқталыңыз. 2. Тарихи кезеңдегі қазақ халқының әлеуметтік салаларын талдаңыз. 3. Тарихи кезеңдегі қазақ халқының саяси салаларын талдаңыз. 4. Тарихи кезеңдегі қазақ халқының экономикалық салаларын талдаңыз. ҚБ «Мадақтау»
halyk-ani-elim-ai.htm слайд

Сабақтың соңы

(10 мин)

ПТМС формуласын қолдану арқылы талдап, қорытынды жасаңыз. Позиция «менің ойымша?» Түсіндіру (себебі...) Мысал (мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын....) Салдар (қорытынды жасаймын....)

Сабақтың соңы

(3 мин)

Кері байланыс кемесі

Сабақтың соңы

(4-мин)

Білемін Білдім Білгім келеді

Сабақ уақытында оқушыларды ынталандыру мақсатында оларды қолдап, мадақтап отырамын. «Жарайсы! Кермет! Тамаша!»
https://www.qamshy.kz/uploads/thumbnail/20170708153023184_big.jpg

Қосымша ақпарат

Қосымша-1 Демография (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Миграция Миграция - [лат. migratio - көші- қон, қоныс аудару] - адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі. Алғашқы соққыны Жетісу мен Ертіс өңірінің қазақтары қабылдады. Жоңғарлардың шапқыншылығын күтпеген, дайындалмаған халық әуел баста оларға еш қарсылық көрсете алмады. Жоңғарлар халықты жаппай қырып, мал-мүлкін тонады. Қапыда қалған қазақтар үйлерін, мал-мүліктерін тастап босып кетуге мәжбүр болды. Қаратау мен Арыс өңіріндегі қазақтардың көп бөлігі жаудың қолынан қаза тапты. Алтай өңірі толығымен жоңғарлардың қолына көшті. Қазақ рулары мекендерін тастап, Сырдарияның арғы бетіне қарай қашты. Сырдариядан өткен Ұлы және Орта жүз қазақтарының басым бөлігі Ходжентке, Орта жүз қазақтарының біраз бөлігі Самарқанға, ал Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұхара территориясына өтті. Ал жоңғарлар қазақ ауылдарын, қалаларын басып алды, халқын қырып, тұтқынға айдады. Әсіресе, Шона-Дабаның бағытындағы халық ауыр зардап шекті. Оның әскері 5000 қазақ жанұясын тұтқындап, 1000 жанұяны тұтқынға айдады. Жоңғарлар Қазақ хандығы территориясының басым бөлігін жаулап алды. Ендігі жерде қазақ жері мен жоңғарлар ұлысының шекарасы Ұлытау, Балқаш көлі мен Шу, Талас өзендерінің арасымен өтті. Қазақ тарихында бұл кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама » деп аталады. Қашып, босқан қазақтардың паналаған жері Сырдарияның сыртындағы Алқакөл көлі болды. Бұл оқиға қазақтың кіші жүзі арасында «Сауран айналған» деген атпен әйгілі болған. Жоңғарлардан қашқан Кіші жүз қазақтары соңынан түскен жауды көз жаздыру үшін Сауран қаласын айнала көшкендіктен, бұл оқиға «Сауран айналған» деп аталған екен. Осы заманнан бізге дейін жеткен «Елім-ай» әні халық бұқарасының сол жылдардағы мұң-зарын бейнелейді. Елім-Ай - жоңғар шапқыншылығының ауыр кезеңіндегі (1723-1725 ) қазақ халқының басына төнген қауіп-қатер, азап-қиыншылықты, боскан елдің мұң-зарын толғайтын тарихи сазды өлең. Ол соңғы кездерге дейін "халық өлеңі" деп танылып келді. Кейінгі зерттеулерде оның нақты авторы - Қожаберген жырау Толыбайұлы делінеді. Жоңғар қалмақтарының Ресей мен Қытайдың қазаққа қарсы екіжүзді саясатын орынды пайдалана білгенін Қожаберген жырау төмендегіше жырлайды: Ресейдің қолтығына еніп алды, Солардың мылтығымен қаруланды. Жоңғарға батыс жақтан демеуші боп, Жұртына Кіші жүздің ойран салды. Осылай екі беттеп тиді қалмақ, Ғаскерін күн-түн демей жиды қалмақ. Қазаққа екі жақтан шабуылдап, Түсірді бейбіт елге ауыр салмақ. Үш жүзге дұшпан болып шығыс жақтан, Қытай да қаскөйлігін жасап жатқан. Айдап сап қалмақтарды халқымызға, Көк шалғын сахарамды шаң, қан жапқан. Шәкәрім Құдайбердіұлы: " ... 1723 жылы қазақ, қалмақ болып жиылып соғысқанда, қалмақтың басшысы Себан Рабдан қазақтың көбін қырып, қалғанын қуып жіберген. Сонда қазақтар аш-жалаңаш, жаяу шұбап бір көлдің басына келіп, көлді айнала сұлап жатыпты. Сонда бір ақсақал кісі айтыпты: " Балалар, адам бастан кешкен жақсылықты қандай ұмытпаса, жаманшылық көргенін де сондай ұмытпау керек. Біздің бұл көрген бейнетіміздің аты "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама болсын",-дейді.Оның мағынасы "табанымыз ағарғанша жаяу жүріп, көлді айналып жатқан күн" дегені!,-деп жазған. Ел басынан кешкен осынау қайғы-қасірет әйгілі "Елім-ай" әнінде көрініс тапқан.Бұл əңгіме 1722 жылы біздің Орта жүз қазағы Сырдария бойында жүргенде болған анық іс. Біздің қазақ қалмақтан жеңіліп, «Ақтабан шұбырынды» болғаннан бір-ақ жыл бұрын. Қалқаман – Мамырдың ісіне ескі қазақтар теріс көзімен қараса да, осы күнгі көңілінің көзі ашықтар жазасыз екенін біліп, дұға қылса керек. Шоқан Уәлиханов бұл оқиға туралы: "Орынбордағы бір рубасы өз жерлестерінің жағдайын тазы иттердің қуғынына түскен қоянмен салыстырған",-деп жазған. Хан ұрпағы әрі орысшыл ғалым Ш.Уәлиханов өзінің арғы атасы Абылай ханның “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” жылдарынан кейінгі ерлігіне арналған қысқаша энциклопедиялық еңбегінде оқиғаның қазақ халқының өміріне жалпы әсерін сипаттайды. Уәлихановқа оқиғаның детальдарына, нақты себептері мен салдарына тоқталудан гөрі аштық пен мыңдаған адам шығынының халық өміріне жалпы әсері және қайғылы жайттардың Абылай ханның қайсар мінезін қалыптастырудағы рөлі жайлы жазу маңыздырақ болды. Уәлиханов өз зерттеуінде Левшиннің еңбегіне және де халық арасындағы ауызба-ауыз тараған әңгімелерге сүйенгенімен, ешбір дереккөзге сілтеме жасамайды. Қосымша-2 Елім-ай Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді, Елім-ай, елім-ай. Ел-жұртынан айрылған жаман екен, Қара көзден мөлтілдеп жас келеді, Елім-ай, елім-ай. Мына заман қай заман? бағы заман, Баяғыдай болсайшы тағы заман, Елім-ай, елім-ай. Атадан үл, енеден қыз айрылды, Көздің жасын колғылып ағызамын, Елім-ай, елім-ай. Мына заман қай заман? қысқан заман, Бақыт құсы алаштан үшқан заман, Елім-ай, елім-ай. Көк аспаннан топырақ, шаң борады, Күні суық қаңтардан, қыстан жаман, Елім-ай, елім-ай

Файлдар:

Файлды ару 8 сынып

Пікірлер(0)