Менің елім

Жумагалиева Айман Исақызы
Жумагалиева Айман Исақызы
Ақтөбе
Шұбарқұдық
Шубаркудукская гимназия
Музыка
Сынып:
4-сынып
Бөлім:
Менің Отаным-Қазақстан
Тақырып:

Менің елім

30.12.2019
86
PDF жүктеу WORD жүктеу
Мақсаты <p>4.1.1.1 – музыкалық көркемдеуіш құралдардың көмегімен шығарманың жанрын, көркемдік образдарын анықтау жəне салыстыру; </p><p> 4.1.2.1 – əн айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екі дауысты қарапайым элементтері бар əндерді орындау; </p><p> 4.1.3.1 – музыкалық көркемдеуіш құралдардың көмегімен шығарманы орындау жəне импровизациялау.&nbsp; &nbsp;</p>

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Барысы

(МК, Ұ) 1-тапсырма. Ойтолғау. Ақпарат іздеу. Орындау. М. Сабақ басында оқулықта берілген мəтінді бір оқушыға оқытып, қалған оқушылардан қысқаша түрде түсінік алады. «Біз қазақпыз! Біздің туған жеріміз, Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан – кең-байтақ, ата-бабамыздан мұра болып қалған туған жеріміз. Егемендік алған елімізді əлем таниды. Жеріміздің сұлулығымен, халықтардың бірлігімен мақтанамыз. Біз бақытты халықпыз!» (М/О) ҚР мемлекеттік рəміздер: Ту, Елтаңба жəне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні туралы əңгімелейді. М. Оқушыларға ҚР Мемлекеттік рəміздердің маңыздылығы туралы айтып, Отанымыздың жас азаматы ретінде саналы түрде оларды құрметтеу керектігін өз ойымен түсіндіреді. М. Оқушылардан Мемлекеттік Гимнді орындау ережесін естеріне түсіріп, жатқа, салтанатты түрде мəнерлеп, сезіммен орындауды талап етеді. Бейнетаспа немесе үнтаспаны қосып, сыныпта бірге орындайды. Мəтіні оқулықта берілген. О. Гимнді орындап болған соң, Мемлекеттік Гимннің авторлары туралы түсінік беріп, мына сұрақтарға жауап береді: – ҚР жаңа Гимні қай жылы қабылданды? – ҚР мемлекеттік рəміздері қай жылы қабылданды? – «Гимн» деген сөз нені білдіреді? М. Тапсырманың талабы бойынша мектептің жағдайына жəне оқушылардың дайындығына қарай ғаламтор желісінен осы сұрақтарға ақпарат іздеуді талап етеді. М. Ондай мүмкіндіктер болмаса, оқушыларға берген сұрақтарға мынадай дайын жауаптар болу керек: – ҚР жаңа Гимннің қабылданған жылы – 2006 ж. 11 қаңтар. Авторлары: музыкасын жазған: композитор Шəмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нəжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев. – ҚР мемлекеттік рəміздердің қабылданған жылы – 24.01.1996 ж. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рəмiздерi туралы» конституциялық заң күшi бар Жарлығымен бекітілген. ҚР Мемлекеттік туының авторы: Шəкен Ниязбеков. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары: Жандарбек Мəлiбеков пен Шотаман Уəлиханов. Қажет болса, мысалы, Елтаңба, Ту туралы қосымша мəлімет немесе оқушылардың өздеріне ізденіс жұмыс ретінде тапсырма беріп, ғаламтор желісінен табуға болады. (М/О). Оқулықта берілген Мемлекеттік Гимн туралы түсінік те бірге таныстырылады.&nbsp;&nbsp;

Файлдар:

Файлды ару Сабақ жоспары

Пікірлер(0)