Үлкенге құрмет
Музыка
Сынып:
4-сынып
Бөлім:
Адами құндылықтар
Тақырып:
Үлкенге құрмет
30.12.2019
68
1
Оқу мақсаты | 4.1.1.1 – музыкалық көркемдеуіш құралдардың көмегімен əуеннің жанрын, көркемдік образдарын анықтау жəне салыстыру; 4.1.2.2 – түрлі сипаттағы əндерді айтуда жеңіл, созып орындау дағдыларын көрсету; 4.1.3.3 – ауызша жəне жазбаша жұмыстарда негізгі музыкалық ұғымдарды қолдану; |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы |
Өткен сабақтағы басты құндылық не болды?Отан , əрбір адам үшін Отаны қымбат. Осындай адамға ғана тəн махаббат, сүйіспеншілік, мейірімділік сезімдер құндылық деп аталады. Құндылық – бұл ұғым, яғни қандай да бір нəрсенің мəнділігі, маңыздылығы, қалаулылығы, қымбаттығы. Басты құндылықтар: Отан, отбасы, ана тілі, рəміздер». Топқа бөлу І топ «Үлкенге құрмет», ІІ топ «кіщіге ізет» 1-тапсырма. Ойтолғау. Талдау. (М, Ұ) Оқушылар «Ата-əже» əніне (өлеңін жазған: И. Иса, əнін жазған: А. Бексұлтан) түсірілген бейнебаянды əңгімелей отырып, талдау жүргізеді. Берілген бейнебаяндағы ата-əже мен немере арасындағы қарым- қатынас негізінде үлкен кісілерге деген құрмет тақырыбы қозғалады. Оқулықтағы сұрақтар да осы мəселенің аясында қозғалған. 1. «Ата-əже» əніне түсірілген бейнебаянның мазмұнытуралы пікірлеріңді ортаға сал. 2. Бейнебаянда қандай құндылықтар көрсетілген? 3. Ата-əжеңе, жақын таныстарыңа ғана құрмет көрсету керек пе? Өз ойыңды білдір. 4. Қалай ойлайсың, бейнебаянның негізгі мəні неде? «Отбасы бәйтерегі» макетінен жапырақтарға жасырылған туыстық атауларға байланысты жұмбақтар шешеді | Оқулық, нота хрестоматиясы, фонохрестоматия |
Қосымша ақпарат
Бақылау; Бағалау өлшемдері мен дескрипторлар бойынша; Əн орындау кезінде оқушылар бір-бірін өзара бағалайды.
Файлдар:
Файлды ару
Сабақ жоспары
Пікірлер(0)