Х дыбысы

Мукашева Гулжанат Танжарбаевна
Мукашева Гулжанат Танжарбаевна
Ақтөбе
Ауыл
Шубаркудукская СШ №4
Сауат ашу
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Менің отбасым және достарым
Тақырып:

Х дыбысы

29.12.2019
88
PDF жүктеу WORD жүктеу
Мақсаты Х дыбысы мен әрпімен таныстыра отырып, оның дауыссыз, қатаң екенін түсіндіру. Х дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, дұрыс жазуға есте сақтауға үйрету, Х әрпінің кіші және бас әрпін жаздыру. Шығармашылық қабілетін дамыту, қиялын шарықтатып, логикалық ойлау қабілетін арттыру.Балаларды ұқыптылыққа, сыйластыққа, еңбекке баулу.
Әдіс-тәсілдер
Тәсіл:Жаңа білімді меңгеру

Әдісі:Сұрақ - жауап, түсіндіру

Көрнекілігі:Слайд,көрнекілік,кеспе әріптер.

Пәні: Сауат ашу

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

(25-30)

Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде Х дыбысы мен әрпін өтеміз. - Х деп айтайық. Тамағымызға күш түсіріп айтамыз. - Ауа өкпеден кедергі арқылы шығады. Сондықтан х - дауыссыз, қатаң. - Баспа, жазба әріптерін көрсету. - Х дыбысы бар сөздерді ата.Мысалы,(халат,хат,хор,хоккей,шахмат,хабар т.б.). Х-дауыссыз,қатаң. О-дауысты,жуан. К-дауыссыз,қатаң. К-дауыссыз,қатаң. Е-дауысты,жіңішке. Й-дауыссыз,үнді.

Сәлемдесу. Алақанды ашайық, Күннің нұрын салайық. Таза ауаны салайық, Жүрек жылуын салайық, Жиналған осы шуақты, Қонақтарға шашайық.

Өткенге шолу.

-Балалар қазақ алфавитінде неше әріп бар? -Неше дауысты дыбыс бар? -Неше дауыссыз дыбыс бар? -Балалар біз өткен сабақта қандай әріппен таныстық? - И қандай дыбыс? - И сөздің қай жерінде келеді? Мысал келтір (Инелік,ине,ит). Дауысты дыбыстар екіге бөлінеді (жуан және жіңішке). Дауыссыз дыбыстар (қатаң,ұяң,үнді) болып үшке бөлінеді. Алфавит қайталау бейне роликтің көмегімен.

Қосымша ақпарат

Тосын сәт!

- Балалар, бізге бүгін мына бір әдемі құс хат әкеліпті. Сәлем хат! Саламатсыңдар ма менің кішкентай достарым! Хал - жағдайларың жақсы ма? Сендерге мен өте қызықты тапсырмалар дайындадым орындауға дайынсыңдар ма? 1-тапсырма: Жұмбақ жасыру. Халықта бар, Елде жоқ. Халатта бар, Көйлекте жоқ. (Х әрпі) Аяғы жоқ жүреді, Аузы жоқ сөйлейді. (Хат) 2-тапсырма: Х әрпіне байланысты тақпақ кім біледі? 3-тапсырма: Суретке қарап әңгіме құрастыр және буынға бөл,неше дыбыс бар. Сергіту сәті Оқулықпен жұмыс. -Қайшы неге ұқсайды? -Х дыбысы бар буындарды қайталап айт.Әртүрлі күлкі түрлерін көрсет. -Қайшының әнін тыңда. -Хатқалтаның х-ға ұқсас бөлігін сыз.Хат,хатқалта сөздеріндегі х әрпінің орнын тап. -Таяқшалар мен қыстырғыштардан х әрпін бейнелеп жаса.

Дидактикалық ойын: Балалар Х әрпінен басталатын сөздерді айтқанда қол шапалақтаймыз,егер сөз басқа әріптен басталса аяқты топылдатамыз. Қорытынды. Балаларды мадақтау. -Балалар,бүгін қандай әріппен таныстық? -Х дыбысы қандай дыбыс? -Х дыбысына байланысты сөздер айту. Шахмат, емхана, хабар.

Пікірлер(0)