Туристің қайда саяхаттағаны дұрыс?

CАТАЕВА ГУЛЬНАРА ЕСЕНТАЕВНА
CАТАЕВА ГУЛЬНАРА ЕСЕНТАЕВНА
Ақтөбе
Шұбарқұдық
Жансен Кереев атындағы орта мектеп
Дүниетану. Тарих компоненті
Сынып:
3-сынып
Бөлім:
Сәулет
Тақырып:

Туристің қайда саяхаттағаны дұрыс?

28.12.2019
288
PDF жүктеу WORD жүктеу
Туристің қайда саяхаттағаны дұрыс? <p>3.2.4.1 Қазақстанның барынша тартымды туристік нысандарының рейтингін жасау</p><p>&nbsp;Барлық оқушылар үшін:Қазақстандағы туристтік нысандарды білу Көптеген оқушылар үшін: Қазақстанның туристтік нысандарын картадан көрсету Кейбір оқушылар үшін: Қазақстанның туристтік нысандарының рейтингін шығару.&nbsp;&nbsp;</p>

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы

Психологиялық ахуал. Қазақстан бойынша саяхатта. (топтық жұмыс) «Менің өлкем» тапсырма. (жеке) Сергіту сәті. Табиғат аясында саяхат Жарнама жасау. (жұптық жұмыс) «Рейтинг» тапсырма.(топтық)&nbsp;

Қосымша ақпарат

&nbsp;1. Психологиялық ахуал. Қайырлы таң! Ормандар мен далалар, Қайырлы таң! Достасқан бар, балалар. Қайырлы таң! Біздің сыныптастарымыз, Қайырлы таң! Жора-жолдас, ұл мен қыз.-деп бір-біріне сәттілік тілеуді. Саяхат деген не? Саяхатқа шығып серуендеген сендерге ұнайды ма? Саяхатқа шығатын адамды кім дейді? Турист саяхатқа шығу үшін не қажет? Онда біз де қазір турист боламыз. Саяхатқа шығу үшін заттарымызды қолымызға жинап алып, саяхат бағытын анықтаймыз. Ол үшін суреттерді таңдап топқа бөлінеміз. 2.Сабақ мақсатын анықтау (Ұжымда) - Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады. -Сабақ мақсаты ұсынылады. Қазақстандағы туристтік нысандарды білу Дескриптор. Саяхат деген не екенін біледі. Туризм деген сөзді түсінеді.&nbsp; Қазақстан бойынша саяхатта. (топтық жұмыс) Әр топ өздерінің таңдаған саяхат бағытына облыс бойынша саяхатқа шығады. Интернет желісіндегі мүмкіндігін пайдаланып, Батыс, Шығыс, Оңтүстік, Солтүстік және Орталық Қазақстандағы турсистік орталарды аралап постер құрастыру. Өз бағытына сәйкестендіру керек.(Топ басшысы қорғап шығады.) Дескриптор. Өз тобына байланысты нысандарды табады. Нысандарды сәйкестендіреді. Постерді жүйелі құрады. Қалыптастырушы бағалау. Саяхат туралы естерінде қалатындай нысандардың естелік суреттерін беріп бағалау парақтарына жабыстырып отырады. Саралау мазмұны бойынша. Оқушылардың барлығына бір тапсырма беріледі, бірақ қажет балаларға тереңдетіліп, күрделеніп, шығармашылыққа бағыттап ұсындым. «Менің өлкем» тапсырма. (жеке) Әр топ өз туристік нысандарын Қазақстанның картасына белгілеп атауын жазады. Дескриптор. Қазақстанның географиялық картасынан туристік нысандарды анықтайды. Қалыптастырушы бағалау. Бір-бірін бағалау. Саралау қарқын бойынша. Оқушыларға жалпы тапсырма беріледі, бірақ оларды аяқтауға жұмсалған уақыт олардың дағдыларына қарай анықталады. Сергіту сәті. Табиғат аясында саяхат «Біз қазір нұрын төккен, кең даланың ұзын, соқпақ жолымен жүріп, саяхатымызды бастаймыз» (Балалар аяқтарымен тырсылдатады) «Алдымызда көк майсалы шалғын, аяғымыздың астында жұмсақ шөптер» (Аяқтарымен көк шөптің үстінде сырғанағандай сыңай танытады) Міне мен өзен жағалауына да келіп жеттік, аяғымыздың астында құм сусылдап жатыр (Алақандарын бір-біріне ысқылайды.) Мына ағаш көпір арқылы өзеннен өтеміз. (Тізелерін жоғары көтеріп,тізелерінің артынан шапалақтайды.) Өзеннің арғы беті батпақтау екен, бір төмпешіктен екіншісіне секіріп өтейік.(Екі аяғымен секіреді) Айналамызда қалың тал өсіп тұр, оның ұзын, майысқан бұтақтарын жел тербейді. (Қолдарын жоғары көтеріп, ары бері қозғайды) Алдымызда үлкен жыра бар, аттап өтейік.(Үлкен адым жасап секіреді.) Оң жағымызбен сол жағымызда алқызыл түске еніп, албырап пісіп, жидектер пісіп тұр, сыйға тарту үшін теріп алайық. (Оңға, солға еңкейіп, отырып тұрады.) Міне көздеген жерімізге де келіп жеттік. Жарнама жасау. (жұптық жұмыс) Өзіңе ұнаған кез келген туристік нысанды таңдап, ол жайлы жарнамалық кітапша дайында. Онда нысанның: -атауы, суреттері қамтылуы керек. -нысанның ұранын ойлап тап. Дескриптор: - Нысандардың атауын біледі. - Нысанның ұранын табады. - Жарнама жасайды. Қалыптастырушы бағалау. Үздік жарнама деп бағалау. Саралау таңдау бойынша. Оқушыларға бір тапсырманың бірнеше орындау жолын ұсынып, оқушы таңдау мүмкіндік алады. «Рейтинг» тапсырма.(топтық) Туристік нысандар туралы видео ролик көрсету. Оқушылар туристік нысандардың рейтингін анықтау. Белгілі бір туристік нысандардың маңыздылығын сипаттайтын реттік нөмерлерін анықтау. Интернет желісі арқылы осы туристік нысандарға шетелдерден көп туристер келетінін анықтау. Дескриптор. Рейтинг шығара алады. Қалыптастырушы бағалау. Топты рейтинг бойынша бағалау. Саралау қолдау көрсету бойынша. Оқушылар жалпы тапсырманы орындайды, бірақ олардың кейбіреуіне басқаларға қарағанда көп немесе кем қолдау көрсетемін.&nbsp; Тау шыңына шығу. (жеке) Бұл оңай ғой! Мен жасадым Мен жасай аламын Жасап көрейін Қалай жасауыма болады? Жасағым келмейді Мен жасай алмаймын Мен жасағым келмейді Әр оқушы өзі таудың қай жерінде тұр сол жерді бояу керек.&nbsp;&nbsp;

Файлдар:

Файлды ару Туристің қайда саяхаттағаны дұрыс?

Пікірлер(0)