Бүгін «Тазару күніне» орай Түркістан облысында көшет отырғызу шарасы өтті. Игі бастамаға өңірдің білім беру ұйымдарының қызметкерлері де белсенді қатысты.Экологиялық мәдениетті қалыптастыру - бүгінгі қоғамның ең маңызды міндеттерінің бірі. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, қоршаған ортаны қорғау және оны келер ұрпаққа аман жеткізу - әр азаматтың жауапкершілігі. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан «Мөлдір бұлақ» бастамасы ерекше маңызға ие. Бұл жоба – тек табиғи су көздерін тазарту ғана емес, сонымен қатар қоғамның экологиялық санасын жаңғыртуға бағытталған игі қадам. Бұлақтардың көзін ашу, олардың айналасын абаттандыру арқылы біз табиғатқа деген құрметті іс жүзінде көрсетеміз.«Мөлдір бұлақ» тазалықтың, жаңарудың және жауапкершіліктің символы. Бұл бастама арқылы жастарды табиғатты аялауға, су ресурстарын үнемдеуге және қоршаған ортаны қорғауға баулу көзделеді. Әсіресе, мұндай жобалар экологиялық мәдениетті күнделікті өмір салтына айналдыруға ықпал етеді. Табиғат - біздің ортақ үйіміз. Ал «Мөлдір бұлақ» сияқты бастамалар сол үйдің тазалығы мен болашағы үшін жасалған нақты қадам. Сондықтан әрқайсымыз осы іске үлес қосып, экологиялық мәдениетті бірге қалыптастыруымыз қажет.Шара аясында өңірде жиыны 10 мыңға жуық ағаш көшет отырғызылып, 12 мыңнан астам гүл көшеті жерсіндірілді. «Тазару күні» аясындағы мұндай игі шаралар өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталып қана қоймай, қоғамда тазалық пен жауапкершілік мәдениетін нығайтуға серпін берді.
Түркістандық білім беру ұйымдары «Мөлдір бұлақ» бастамасын қолдайды
32
0
0
23.03.2026
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ