ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАРЛЫҚ ӨҢІРІНДЕ «ЖЕР САҒАТЫ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАРЛЫҚ ӨҢІРІНДЕ «ЖЕР САҒАТЫ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Бүгін Қазақстанның барлық өңірлерінде жыл сайын ұйымдастырылатын Халықаралық акция аясындағы «Жер сағаты» экологиялық науқаны өтеді. Акцияға «Жер елшілері» - мектеп парламенттерінің өкілдері, эко-белсенділер, экология саласындағы сарапшылар және оқушылардың ата-аналары қатысады.

Шараның мақсаты-балалар мен жастардың санасына эко-белсенділік және экологиялық мінез-құлық идеяларын сіңіру, экологиялық мәдениет дағдыларын дамыту.

«Жер сағаты акциясы - Дүниежүзілік жабайы табиғат Қоры өткізетін жыл сайынғы халықаралық іс-шара. Ол барлық адамдарды табиғатқа ұқыпты қарауға шақырады. Шара аясында климаттың өзгеруіне байланысты адамзатты электр энергиясын тиімді пайдалануға шақыру мақсатында әлемдік маңыздағы сәулет ескерткіштері мен ғимараттары өз жарықтарын өшіреді. Сондай-ақ жеке тұлғалар, кәсіпорындар мен білім беру ұйымдары және мемлекеттік мекемелер, коммерциялық ұйымдар электрден бір сағатқа бас тартады», – деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК директоры Раиса Шер.

Акция шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады:

• Абай облысында «Үздік экологиялық қолөнер» көрмесі; • Ақтөбе облысында табиғат туралы поэзия кеші; • Ақмола облысында «Климаттық киномарафон»; • Алматы облысында Өнер мектебі оқушыларының «Табиғатты қорғайық» атты көлеңкелі театр спектаклі;• Атырау облысында Абай атындағы орталық асфальтта суреттер көрмесі;• Батыс Қазақстан облысында «ROBOLAND-2024» - «Қазіргі әлемдегі Экороботтар» инновациялық технологиялар мен робототехника фестивалі; • Шығыс Қазақстан облысында электр қуатынсыз дайындауға болатын тәттілер мен сусындар ұсынылатын фуд-корт;• Жамбыл облысында отшашулар мен жарықдиодты шамдардан флеш-моб; • Жетісу облысында ҚазЭкоПатруль спикерлерінің қатысуымен «Экологиялық сауаттылық» тренингі; • Қарағанды облысында жас натуралистер арасында «Балалар қолы ғажайыптар жасайды» конкурсы; • Бидегі Нейрографика: Қостанай облысында жабайы табиғат дыбыстарына арналған би қимылдары; • Маңғыстау облысында экологиялық тақырыптағы көңілді квест ойындары;• Павлодар облысында табиғат аясында неон шамдармен көмерілген поэзия кеші өтеді. Мұнда оқушылар проза, поэзия тілінде өздерінің табиғатқа деген сүйіспешілігін жеткізеді; • Солтүстік Қазақстан облысында экологиялық тақырыптағы зияткерлік ойын; • Түркістан облысында алау жанында ән айту кеші; • Ұлытау облысында «Табиғатпен Селфи» фотогалереясының таныстырылымы; • Шымкент қаласында оқушылар «Менің жеке ағашым» атты бастамамен көшеттер отырғызады; • Астана қаласында «Жер сағаты» Бүкіләлемдік акциясына орайластырылған дөңгелек үстел өтеді.

Сонымен қатар еліміз бойынша «Бұл біздің - Қазақстан» марафон флешмобы өтеді.

Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ