МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ

АЙТЫЛДЫ:

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін оларды даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау, әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыру жүйесін жетілдіру жолымен күшейту

(Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасы «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсысымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасынан)

ОРЫНДАЛДЫ:

Білім берудің барлық деңгейлеріндегі педагогтердің біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын негізгі талаптарды айқындайтын «Педагог» кәсіптік стандарты қабылданды.Өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап педагогтердің жалақысы 30% - ға өсті. 23 784 педагог аттестаттау қорытындысы бойынша біліктілік деңгейі үшін қосымша ақы алады.2023 жылдан бастап курстарды өту мерзімі 5 жылдан 3 жылға қысқартылды. 20 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Кадрларды даярлау және біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламалары жаңартылды.Оқу-ағарту министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп құзыреттілік моделін пайдалану арқылы педагогикалық білім беруді қайта форматтау бойынша жұмыс жүргізуде; студенттердің академиялық ұтқырлығын дамыту; практиканың жаңа форматын енгізу; ТжКББ және жоғары білім берудің интеграцияланған педагогикалық білім беру бағдарламасы мазмұнын синхрондау және әзірлеу; консорциумдар құру және т. б.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ