ЕЛІМІЗДЕ БАЛАЛАРДЫ ЦИФРЛЫҚ ОРТАДА ҚОРҒАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН «КИБЕР ТҰМАР» АҚПАРАТТЫҚ-БІЛІМ БЕРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

ЕЛІМІЗДЕ БАЛАЛАРДЫ ЦИФРЛЫҚ ОРТАДА ҚОРҒАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН «КИБЕР ТҰМАР» АҚПАРАТТЫҚ-БІЛІМ БЕРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан ЮНИСЕФ ұйымымен бірлесіп, балаларды цифрлық ортада қорғауға бағытталған «КИБЕР ТҰМАР» ауқымды науқанын бастады.

Бұл бастаманың мақсаты − балаларға интернетті қауіпсіз пайдалануды және ықтимал тәуекелдерді басқаруды үйрету.

«КИБЕР ТҰМАР» түрлі қауіп-қатерлер кезінде әрекет етудің базалық алгоритмдері бар әлеуметтік плакаттарды, сарапшылардың практикалық кеңестері бар материалдарды, білім беру роликтерін және т.б. қамтитын ақпараттық құралдар кешені.

Науқан кибербуллинг, балалардың интернетте сексуалды сипаттағы қудалануы, балаларға арналған жағымсыз және тыйым салынған контент, балалар қауіпсіздігі мен құпиялылығының цифрлық тәуекелдері, балалар интернет-тәуелділігі және т.б. сияқты онлайн қауіп-қатерлерге шоғырландырылады.

«Интернет − тек ақпараттың ғана емес, коммуникацияның да құралы. Сондықтан кішкентай кезінен бастап адамға осы құралдардың мүмкіндіктерін барынша тиімді және мейлінше аз нұқсан келтіре отырып пайдалануға үйрету керек. «КИБЕР ТҰМАР» ақпараттық-білім беру науқанын өткізу − балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін, ата-ананың баланың онлайн ортада ақпаратты таңдауға деген «иммунитетін» қалыптастыру жауапкершілігін күшейтуге көмектесетін маңызды және заманауи шара», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Айта кетейік, бұған дейін Комитет «Kazakhstan Kids Online. Қазақстандағы балалардың цифрлы өмірі» тақырыбында балалардың ақпараттық қауіпсіздігі саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін «Ата-ана бақылауы» бағдарламасын пайдалануға арналған ауқымды науқан өткізген болатын.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ