Bilim Media Group компаниясы ұйымдастырған «Жаңашыл мұғалім-2016» байқауы аяқталды. Байқау мәресіне 131 қатысушының жұмысы жіберіліп отыр.
Жаңалыққа құштар, ізденімпаз мұғалімдерге арналған байқау 2015 жылдың 2 қазанында басталған болатын. Екі кезеңнен тұратын байқаудың бірінші кезеңіне жолданған 200 жұмыстың 159-ы екінші кезеңге жолдама алды. Мұның өзі байқауға ұстаздар қауымының белсенді қатысқандығын көрсетеді. Екінші кезеңге жіберілер жұмыстарға сараптама жүргізген байқау комиссиясы мұғалім идеясының бірегейлігіне және ресурсты тәжірибеде қолдану шеберлігіне ерекше назар аударды.
Екінші кезең талабы бойынша мұғалімдер өзі туралы видеопрезентация мен www.bilimland.kz электронды ресурстарын қолданып өткізген сабағының видеонұсқасын жіберуі тиіс болатын. Байқаудың соңғы күніне дейін қазақ тілінде – 87, орыс тілінде – 37, ағылшын тілінде – 7 жұмыс келіп түсті. Алдағы уақытта жалпы саны – 131 қатысушының жұмысы сарапқа салынып, жеңімпаз анықталатын болды.
Еске сала кетсек, Байқаудың жүлде қоры – 1 000 000 теңге:
Бірінші орын - 500 000 теңге;
Екінші орын - 350 000 теңге;
Үшінші орын - 150 000 теңге.
Жеңімпаздар арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтарға ие болады. Ал келесі 10 үздік жұмыс иесіне білім беруші www.bilimland.kz порталына жарты жылға жазылу мүмкіндігі мен байқауға қатысқандығы жөнінде сертификат беріледі. Мұнан басқа қосымша сыйлықтар табыстау да жоспарлануда.
Сарапшы комиссия 15 ақпаннан 2 сәуірге дейін жұмыс істейді. Ал 6 сәуір күні www.bilimland.kz сайтында байқау қорытындысы жарияланады.
Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтарын салтанатты түрде табыстау рәсімі 29 сәуірге дейін жүзеге асырылады (қосымша хабарланады).
Біз байқауға қатысып, белсенділік танытқан, www.bilimland.kz ресурстарын шеберлікпен пайдаланып, айрықша үлгіде сабақ нұсқасын көрсеткен қатысушыларға зор алғысымызды білдіреміз.
Еңбектеріңіз жемісті болсын!
Сайттағы жаңалықтарымыздан қағыс қалмаңыздар!